«Біз үшін жұмақ мекен!»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»

Өткен ғасырдың 30-жылдарында қазақ жеріне Батыс пен Шығыстан жүздеген ұлт депортацияланды. Өзге ұлттарды Қазақстан мен Орталық Азияға күшпен қоныстандыру 1930-1956 жылдар аралығында жүргізілгені мәлім. Мысалы, кәрістер ең алғаш қазақ жеріне 1937 жылы аяқ басқан. Бүгінде елімізде 100 мыңға жуық кәріс мекен етеді. Айтулы датаға орай облыстық «Корей» этно-мәдени бірлестігінің мүшесі Людмила Пакты аз-кем әңгімеге тартудың сәті түсті.


- Людмила Вячеславовна, жүздеген ұлттың басынан өткен ХХ ғасырдағы ауыр күндерді сіздің де отбасыңыз көрді. Жалпы, үлкендер сол күндерді жиі еске алып, айтып отыратын ба еді?
- Негізі, әжем Татьяна Андреевна осы бір тарихымыздағы қаралы күндерді еске алмауға тырысатын. Себебі, кәрістер - жол азабын тартқан халықтың бірі. Оларды суық вагондарда, аш-жалаңаш алып келген. Осы жолда менің атам Пакқа суық тиіп, небары 29 жасында қайтыс болды. Біз атамыз туралы көп ақпараттарды білмедік. Себебі, әжемнен сұрауға қорқатын едік. Кейін мен Ресейдегі Менделеев атындағы химия-технологиялық институтына оқуға түстім. Сол уақытта институттың кітапханасынан атамның еңбек жолдары көрсетілген деректерді тауып алдым. Осыдан кейін ғана біз әжемнен атам туралы жиі сұрай бастадық. Айтуынша, атам Қиыр Шығыста тұрып жатқан кезде екі досымен бірге Мәскеуге келіп, сонда оқуға түседі. Атам М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін математика мамандығы бойынша тәмамдап, мен оқыған институтта қызмет еткені белгілі болды. Мені ерекше таң қалдырғаны атамның аталған оқу орнындағы «Жоғары математика» кафедрасында қызмет еткені болды. Міне, атам жайлы ақпараттарға қаныққаннан кейін әжем сол бір қаралы күндер жайлы бізге аздап айта бастады.
Жалпы, кәріс халқы тез тілтабысқыш, кез келген ортаға бейімделгіш. Сонымен қатар, біздің ұлтымыз кез келген дүниеден талғажау жасай алады. Сол кездері әжемнің айтуынша, кәрістердің барлығы түрлі өсімдіктер өсіріп, егістіктерде еңбек еткен. Әжем Өзбекстандағы Ферғана қаласында екі баласымен жесір қалғаннан кейін Сталинге хат жазып, көмек сұрайды. Өтініші жауапсыз қалмай оларға жертөлесі бар баспана беріледі. Кейіннен әжем Шымкент қаласына көшіп келіп, сол жақты мекен етеді.
- Ал Павлодарға қалай келдіңіздер?
- Біздің бұл өңірге келуімізге ата-анамыз себепші болды. Яғни, менің нағашыларым депортация жылдары Қызылорда облысына қоныстанып, сол жақты мекен еткен. Кейіннен менің ата-анам шаңырақ көтеріп, осы өңірге қоныс аударды. 
- Қазіргі таңда аймағымызда «Корей» этно-мәдени бірлестігі бар. Ұйымның жұмысына тоқталып өтсеңіз...
- Бірлестікте аналар кеңесі, ақсақалдар кеңесі мен басқарма кеңесі бар. Сонымен қатар, корей мәдениетін дәріптейтін шығармашылық топтарымыз да жұмыс істейді. Еліміздегі атаулы күндер мен мерекелер аясында түрлі шаралар ұйымдастырудан бөлек, біз қайырымдылық шараларына да айрықша көңіл бөлеміз. Яғни, көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестіріп, қарттарға көмекке барамыз. Бұдан бөлек, бірлестік мүшелері арасында еріктілер қозғалысына белсенді қатысып жүргендер де бар. Жалпы, біздің маңызды міндеттеріміздің бірі – халықаралық мәдени және экономикалық байланыстарды орнату және дамыту. Ұрпақтар сабақтастығына, жастар қозғалысын дамытуға көп көңіл бөлінеді.
- Мерекеге орай қандай тілек тілер едіңіз?
- Қазақстан - жергілікті корейлер үшін жұмақ мекен, біздің туған жеріміз. Біз қазақ халқына үлкен құрметпен қараймыз. Әжем: «Біз қазақ әйелдерімен керемет құрбы болдық. Бір-бірімізге өзіміздің ұлттық тағамдарымызды жасауды үйретіп, білгенімізбен бөлісіп отырдық» дейтін. Осы бір бауырмалдық, мейірімділік қасиеттің арқасында қиын кезде жүздеген ұлттың адамдары аман қалды. Қазіргі таңда Қазақ елі әлемге бейбітшілік пен тұрақтылықтың мекені ретінде әйгілі. Себебі, біз өзгеден көрмеген махаббат пен қамқорлықты осыннан көрдік. Білім алып, отбасын құрып, тыныш өмір сүруге қол жеткіздік. Бұл жақсылықты ұмытуға болмайды.
- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан – 
Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.


Количество показов: 101

Возврат к списку