Даңқты даналар династиясы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

Қосымша ақы – нәтижелі еңбек
20.02.2021

Ерікті түрде егіледі
20.02.2021

Шұғыл көмек көрсетеді
20.02.2021

Артық төлем қайтарылады
20.02.2021

Орынбасар қызметінен кетті
20.02.2021

Үш есе кеңейтілді
20.02.2021

Кеншілер шаһары қалай жаңғырады?
20.02.2021

Ерте қамдануда
20.02.2021

20 ақпан, сенбі
20.02.2021

Теміржол кластері жандана бастады
18.02.2021

Көлікжайдан басталған бизнес
18.02.2021

Ескі дөңгелектерден қалай құтыламыз?
18.02.2021

Ұлттық жобадан ұтарымыз не?
18.02.2021

Анна уәдесінде тұрды
18.02.2021

Қоғам тілегі ескеріледі
18.02.2021

Басқармаларда - жаңа басшылар
18.02.2021

Даңқты даналар династиясы
18.02.2021

Ұлттың үні – қазақ радиосы
18.02.2021

Редакцияға оралмаған жетеу
18.02.2021

Наурыз мейрамы - жаңаша сипатта
18.02.2021

Бастысы - азаматтардың сенімі
18.02.2021

«Электрондық биржада» не өзгерді?
18.02.2021

«Тап мені» жүйесі тиімді бола ма?
18.02.2021

Мұқтаж жандарға - жайлы баспана
18.02.2021

Өзгерістер жолы
18.02.2021

18 ақпан, бейсенбі
18.02.2021

«Қазөнер» қолдаусыз қалмады
16.02.2021

СПОРТ
16.02.2021

Әділет жүйесінің діңгегі
16.02.2021

Басқарма тізгіні - Байжановта
16.02.2021

Берекеде - жаңа мешіт
16.02.2021

Еріктілердің еңбегі ерен
16.02.2021

Діни ахуал - тұрақты
16.02.2021

Парасат жолында
16.02.2021

Науқастарды қабылдай бастады
16.02.2021

Дайындық мығым
16.02.2021

Ауғанның жерін көргендер
16.02.2021

Клубтардағы ойын-сауық тыйылмай тұр
16.02.2021

Мораторий енгізіледі
16.02.2021

Бұрынғы ақсақалдар қайда?
16.02.2021

16 ақпан, сейсенбі
16.02.2021

Көптен күткен ұпай һәм шайба
13.02.2021

18.02.2021

Даңқты даналар династиясы

Құлболды әулие

Баянды болашағы мен еңселі ертеңін бойындағы өр рухпен байланыстырып, кең-байтақ Ұлы дала – Қазақ сахарасында алқаусыз ғұмыр кешкен халқымыз ежелден-ақ «Ел шетіне жау келсе, батыр менен биге күш» деп елдің бірлігі мен берекесін ел тұтқасын ұстаған жақсылардың парасаты мен пайымына қарай өлшеген. Көмекей әулие - Бұқар жырау Қалқаманұлы айтқан «Аталыдан би қойсаң, адаспас жол мен жобадан, Атасыздан би қойсаң, босамас аузы парадан» нақылынан билік құрып, төрелік айту көптің бірінің қолынан келмейтін, қанмен, текпен берілетін асыл қасиет екенін білуге болады.


Осындайда жеті атасынан бері бойына шешендік сөз өнері қонып, әділдік пен ақиқатты, арының тазалығы мен айбарының үстемдігін танытқан ұлағатты әулеттер еске түседі. Солардың бірі әрі бірегейі – Арғын-Мейрам атасы Сүйіндіктен тарайтын батыр әрі әулие Құлболды Шуманақұлы.
Құлболдының ұрпақтары: бел баласы - Айдабол би және оның кіші әйелінен туған Тайкелтір би, шөбересі, әрі би, әрі батыр Төлебай Жанқозыұлы, Тәуке ханның хан кеңесінің мүшесі болған, ел аузында «Етегіне ел сыйған Едіге би» немесе «Ел қамын жеген Едіге би» атанған Едіге би Төлебайұлы, «Төртуыл» одағының төбе биі, қарадан шығып хан болған, Баянауыл сыртқы округінің алғашқы аға сұлтаны Шоң би мен оның інісі Торайғыр би. Бір атадан тараған бойына имандылық пен ақылмандық қасиеттерді жинаған текті әулет-
тің тұқымы осылайша дәстүр сабақтастығын көрсетсе керек. Атаның қанымен, ананың сүтімен бойына дарыған тектілікті туған елінің қызметіне жұмсаған асыл-дардың сынығына арналған мақа-лалар сериясын әулие Құлболды Шуманақұлынан бастадық. Алдағы уақытта әулетіміздің жақсыларына арналған зерттеулеріміз жалғасын табатын болады. Қазақ халқы ежелден Алланың сәулесі түсіп, алыс-жақын болашақты болжап, елге түсер нәубеттен сақтандырып отыратын тылсым күш иелерін әулие санап, ұрпақтары атасына сыйынып, қиын-қыстау кезеңде медет сұраған. 
Әулиелер қатарына қосылып, халқының ықыласы мен пейіліне бөленген жандардың қатарында есімдері аңызға айналған Баба Түкті Шашты Әзіз, Ғайып ерен қырық шілтен, Көмекей әулие - Бұқар жырау Қалқаманұлы, «Доғал оқты» Жанақ Жаңабатырұлы, Құлболды әулие, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлын жатқызамыз. 
Жалпы, «әулие» деген кім? Оған қосарлап айтылатын «әнбие» сөзінің мағынасы қандай? Олар шынымен де тылсым күшке ие болды ма? 
Белгілі ғалым, фольклортанушы Ақеділ Тойшанұлының пайымдауынша, «Әулие - уәли деген арап сөзінің көпше түрі, қазақша «қасиетті» деген мағынаны береді. Бұл сөз Құран Кәрімде Алла мен пайғамбарға қатысты «жебеуші», «жарылқаушы» деген мәнде кездеседі. Қазақ тілінде әулие-әнбие түрінде қосарланып та айтылады, бұндағы әнбие - арабша нәби, яғни пайғамбар деген сөздің көпше түрі болып келеді. Әйткенмен бұл тіркес ел түсінігінде тек қана әулие деген бір ғана мағынаны білдіреді».
Жазбамыздың негізгі арқауы болып отырған Құлболды әулие Шуманақұлының тұлғасына келсек, ол туралы қазақтың ауыз әдебиетінде көп дерек кездеспейді. Халқымыздың ескі сөздерін «Қара мес»-ке салып жинақтап, кейінгі ұрпаққа баға жетпес қазына қалдырған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының деректеріне сүйенер болсақ, Құлболды - Арғын баласы Мейрамның бес ұлының бірі - Сүйіндік атасынан тарайды. Сүйіндіктен Суғыншы, Суғыншыдан – Шуманақ пен Мәжік, Шуманақтан Құлболды тарайды. Яғни, Құлболды - Сүйіндіктің немересі, Мейрамның шөбересі болып келеді. «Шуманақтың қатынының аты Жолбике еді» деп жазады Мәшһүр Жүсіп, Жолбикеден Жанболды, Құлболды, Жолболды туады. Шуманақ ертеректеу қайтыс болады. Ол кезде Жолболды емшектегі бала екен. Атап өту керек,Құлболдының атасы, яғни, Шуманақтың әкесі - Сүйіндіктің асырап алған Олжакелді деген баласы болған. Ол тарихта «Қаржас» деген атпен мәлім. Мейрамның бәйбішесі Нұрфаяның ұлдары Қуандық пен Сүйіндік екеуі енші алысқанда: «Қара бауыр қылып аламыз!» деп таласып, асық қаржысып алғаннан Олжакелді «Қаржас» атанған деп жазады Мәшһүр Жүсіп.  Бұл жерде халқымыздың бала асырап алу, екі арадағы бітімге келу салтындағы «Қара бауыр» дәстүріне тоқталуды жөн көрдік. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған халқымыз әр атаның баласы өз руының ішінде өсіп-өнуін қалаған. Бір ғасырдан астам уақытқа созылып, талай қазақ сарбазы шейіт болған, мыңдаған отбасының шаңырағы ортасына түскен  кезде көптеген бала әкесіз қалғанымен аталас ағайындары асырап алып, өз руының ішінде емін-еркін өскен. 
Мәшһүр Жүсіптің өзі қазақ-қалмақ шайқастарының бірінде аман қалған бала - Бесімнен тарайды. Тақырыбымыздың өзегіне айналып отырған Құлболдының ұлы Күліктің Тілеуімбет есімді баласы болған. Тілеуімбет Күліктің бәйбішесінен туған тұңғышы екен. Онымен бір туған Наурыз деген інісі болған. Күліктің сексен жасында тоқалынан туған баласының атын Сексен деп қойған. Шабуыл-жортуылдарда сары атқа мініп шапқандықтан «Сары атты Сексен» атанған. Аңыз-шежірелерде Тілеуімбет «Үй тентегі, айран (ақи) көз, белдеу ұстап, безерлік қылуға мығым екен» деп суреттеледі. Ұрпағының көптігінен «Он алты ұлды Тілеуімбет» аты шығып, батырлығымен ел арасында «Арғында - Тілеуімбет, Алшында - Жолымбет» деп күллі Алашқа мәшһүр болған екен. Тілеуімбет бастаған көш көктеуден жайлауға келе жатқанда жасанған жау тұтқиылдан килігіп, соғыс ашады. Тілеуімбеттің інісі Наурыз алты ұлымен қашып құтылғанда, он алты ұлын ерткен Тілеуімбет ұлдарының бәрімен бірге шайқаста қаза табады. Жоғарыда аты аталған «Сары атты Сексен» ағасының үлкен ұлдарымен бірге қаза тапқанын көріп, жастары кіші болғандықтан атқа мінуге жарамай, жүк тиеген түйенің қомындағы Бесім мен Қойтан деген Тілеуімбеттің екі немересін құтқарып қалады. Осы Бесім өсіп-өніп, оның ұлы Ақжігіттен тараған ұрпақтан Адам Жүсіп Көпейұлы дүниеге келеді. Таратып айтсақ, «Ақжігіттен – Құлмағамбет (Құлмұхаммед), Сермағамбет, Досмағамбет, Ізма-ғамбет. Сермағамбеттен – Санжасар, Мыңжасар, Жүзжасар, Көпжасар, Мағырып. Көпжасары қораш, уақтау туғаннан «Көпей» атанып кеткен де, сол Көпейден туған Мәшһүр Жүсіп жетпіс жасында осы нұсқаны жазып отыр», дейді автор. 
Бастапқы сөзімізге оралар болсақ, ғалым-академик Әбдіуәли Қайдардың жазуынша, бауыр – адам ағзасының маңызды ішкі органдарының бірі ғана емес, адамдардың арасындағы маңызды туыстық қатынастарды белгілейтін тән феномені деп суреттеледі. Бауыр – 
адам ағзасындағы алмастыруға жатпайтын жалғыз ғана орган. Адамның бүйрегін, жүрегін алмастыратын операциялар қазіргі кезде аса жоғары деңгейде жүріп жатады. Ғалымдар да бұл күндері осындай ауыр операцияларды жүргізудің әдіс-тәсілін жетік меңгеріп алды. Қазақ халқы ертеден-ақ, бауырдың адам ағзасындағы ерекше рөлі туралы жақсы білгені дау тудырмайды. Себебі, бауырды асқа пайдаланғанда мыңжылдық құдаларына тартатын халқымыз қойдың құйрығындай тәтті, бауырдай жақын болайық деген ниетпен осы асты ұсынған екен. «Құйрық – ұрпақ келетін жер, сондықтан ұрпағың көп болсын дегенді білдірген, бауырды қосып беруі, жан дүниемдей көріп жүремін деген ұғымды білдірген. Құдай дескен, құйрық-бауыр жескен құдамсыз. Құданы құдай қосады дескен» деп айтылады Мәшһүр Жүсіп дананың бір сөзінде. 
«Қара бауыр» мен «тас бауыр» сөздерінің семантикасы бір. Тек қарама-қарсы мағынада айтылады. Яғни, қара бауыр – ең жақын, тас бауыр – қатігез, мейірімсіз деген мағынада. Қара бауыр – басқа біреудің туысын, жақынын еншілеп, өзіне бауыр қылып алу. «Бауырына салып алды» деген тіркес содан бері «біреудің баласын асырап алды» деген мағынада қолданылады.  
«Қара бауыр» мен «бауырына салып алды» деген семантикалық мағынасы бірдей дәстүрлер. Мәшһүр Жүсіптің шежіресінде Құлболдының ұлы Айдабол би немересі Толыбай Малқозыұлының қалыңдығы, «есімі он сан Орта жүзге ұран болған» Олжабай батырдың анасы – Үйсін Қаратай батырдың қызына еріп келген жетім Шанышқылы Бөктіктен туған ұл Қошетерді тоқалдан туған баласы Тайкелтірге қара бауыр қылып берген екен. Қошетердің есімінің өзі ол бала жол-жөнекей тігілген қоста туып, сол жерде болғандар бұған есім болуға осы қос та жетер деп, атын Қосжетер қойған екен. Кейін Қошетер деп аталып кетеді.    
Кешегі заманда «Қара бауыр» қазақтың ата салтын ұстанып, арадағы дауды, ескіден келе жатқан жанжалды шешуде қолданатын дәстүрдің бірі болған. Жоғарыда айтылған Олжакелді-Қаржас қазақтың әмеңгерлік салтымен «Аға өлсе, жеңге мұра» деп, жеңгесі Жолбикені үш баласымен алып, Жолболдыға қалың беріп, қыз әперіп, адам санатына қосады. Жолболды емшектес бауыры Құлболдының өсіп-өнген ұрпағынан зорлық көргенде Қаржас ұрпағымен бас қосуының себебін де осыдан көруге болады. Ал, Шуманақтың үш ұлының үлкені Жанболды ұрпағы өсіп-өнбегендіктен әлі күнге дейін кейінгі аталарының есімі белгісіз болып, Жанболды атасының атында жүр. Шуманақпен бір туысқан Мәжіктен Малай мен Жәдігер есімді екі ұл қалған. Малайдан Қатке, Дәулет, Жәнібек, Тыныбектер тараса, Жәдігерден Бәйтік, Шақай, Сары тарайды. Малай мен Жәдігердің ұрпағы өзге Төртуылға қарағанда аз болғандықтан бұлардың бәрі Төртуыл атында қалып отыр.   
Белгілі өлкетанушы, ақын, журналист, көсемсөзші Сайлау Байбосын 2017 жылы ұйымдастырылған «Байтақ даладағы бабалар ізімен» тарихи-танымдық экспедицияға қатысып, Баянауыл өңірінде дүниеге келіп, белгілі бір себептермен Көкшетау, Ерейментау өңірлерінде жерленген тарихи тұлғаларымыздың мәңгілік мекендеріне айналған кесенелерін аралау кезінде Айдабол-Малқозы Олжабай батырдың есімімен аталған елді мекеннен «солтүстік батысқа қарай 30 шақырым шамасында Ақмырза өзенінің жағасында бүкіл Айдабол, Күлік, Ақбура, Тұлпар, Майлытон, Шегір руларының түп атасы болып саналатын Құлболды батыр-әулие Шуманақұлының кесе-несі тұр» деп жазады.
Кесене Ақмола облысы Ерейментау ауданы Ақмырза ауылдық округіне қарасты Жолбасшы ауылында 1999 жылы тұрғызылған..  Ескерткіштің сырты қоршаумен қоршалған. Төменгі жағы мен терезе жақтаулары күйдірілген қызыл кірпішпен, үстінгі жағы ақ кірпішпен қаланған.
2017 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы барлық баспасөзде жарияланып, осы мақала негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы құрылып, бағдарлама аясында көптеген маңызды жобалар қолға алынған еді. Сол жобалардың бірі – «Қазақстанның сакралды географиясы». Осы жоба шеңберінде еліміздің барлық өңіріндегі қасиетті тұлғалар: абыздар, ақындар, батырлар жерленген кесенелер, мазарлар жаңғыртылды. Халқымыздың рухын асқақтатып, жас ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық істің басында көптеген танымал тұлғалар еңбек сіңіріп, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын» берекелі бірлігімізді, ұйытқылы елдігімізді таныта білді. Әрбір өңірлерге тарихи экспедициялар ұйымдастырылып, замана көшімен бірге кесенесінің тасы мүжіліп, есімдері ұмыт бола бастаған ұлтымыздың ұлы тұлғаларының мәңгілік мекендері бір жүйеге келтіріліп, еліміздің киелі орында-рының картасы жасалды. 
Құлболды әулиенің туған жылына қатысты нақты дерек жоқ. Дегенмен де оның Мақпал атты бәйбішесінен туған ұлы Айдаболдың туған жылы соңғы тарихи деректерге сәйкес 1599 жыл деп көрсетіледі. Тарихшылар қалыптастырған тәртіп бойынша әр буынның арасы 25-30 жыл деп есептесек әрі Айдабол Құлболды батырдың бәйбішеден туған үшінші ұлы екендігін ескерсек, Құлболдының өзі дүниеге келген уақыт 1569-74 жылдар деп шамалауға болады. 
Қазақ даласының аңыз-әңгіме-лерімен қатар, шежіре сөздерін жинақтаған ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының жазбаларында 
Құлболды - әрі батыр, әрі әулие деп сипатталады. Қазақ-қалмақ арасындағы өмір мен өлім қақтығыстарында шайқасқан кезде қазақтың әрбір ер жігіті ел мен жер үшін шайқасып, тіршілік үшін қызыл қанын ағызып, арға таңба түсіргеннен гөрі тәніне түсер жараны артық көрді. «Қара қазан, сары баланың қамы үшін» қан майданда шейіт болды. «Ол заманда қазақтар жылқыларын Ертістен өткізіп, Құлынды даласында жаяды екен. Сол уақытта Сібір аймағын жаулап алып, бері жылжыған орыс әскерлері қазақтарды Құлынды даласынан қуып тастамақ болып жорыққа шықса керек. Ол кезде Құлболды бабамыз түк көрінбейтін тұман түсіріп жіберіп, орыс әскерлері адасып, басы ауған жаққа шығып кетіпті» - деп жазады Мәшүр Жүсіп. Міне осындай қасиеттерінен Құлболды әулие атанған екен. 
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шөбересі, Мәшһүр Жүсіп мұражайының ғылыми қызметкері Әсет Пазылов атасының шәкірті әрі атқосшысы болған Иманғали Мәненұлының айтуына сүйеніп, Құлболды әулие туралы келесідей деректер келтіреді: «Құлболды баба айтқан екен: «Менің құтым, қасиетім ортамда қалады. Шетке шыққан үрім-бұтағым онша мықты болмаса керек. Әншейін менің атымды абырой қылып, күн көріс жасай алса керек. Құтым өз ортамда жүрсе, соған қонса керек һәм Құлболды бабаның сүйегі жерге жерленбеген». Жалпы, қасиетті ислам дінімізде сүйегі жерленбегендер – Алланың сүйген құлдары болып саналады. Біріншісі, Қызыр ғалайһи–уассалам. Екіншісі  - Иса пайғамбар. Үшіншісі – қазіреті Ғалы. Төртіншісі – Құлболды әулие баба. Бесінші – Лекер әулие. Алтыншысы – Жұматай әулие (Әбжәлап диуана). Растық – көзбен көрген. Сенімсіздік – құлақпен естіген. Әбжәлап диуананы көзбен көрдік, содан соң айтамыз да. Алла шексіз ұлық», – деп жазады Мәшһүр Жүсіп. 
Мәшһүр Жүсіп шығармаларында Батыр диуана, Шалқыма диуана, Ескендір диуана, Шалқыма баласы Айсабай қажы деген диуаналардың есімдері кездеседі. Алаштың ардақты ұлы, ақын, жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ескендір дуананың образы осы аталған қасиетті адамдардың жиынтық бейнесі деуге толық негіз бар. 
Құлболды бабамыз жерленген Ерейментау жерінде ол туралы біраз аңыз-әңгімелер сақталып қалған. Сол өңірдің тумасы, соғыс ардагері, марқұм Құдайберген Қанапин ақсақал айтқан естелікке назар аударсақ: «Соғыстың алдында, біздің бала күнімізде батырдың қабірінің дәл ортасынан ағаш өсіп тұратын. Ел оны Құлболды бабамыздың кіндігінен шыққан дейтін. Сол кезде мынандай оқиға болған еді. Ауылдың бір адамы (атын айтпаймын, ұрпақтары бар) қыз баласын самауыр тұтататын ағашқа жұмсап, табылмаса, зиратқа шыққан ағаштан сындырып ала сал депті. Үлкен кісі айтқасын, жаңағы қыз зиратқа шыққан ағаштың бұтақтарын сындырып алады. Соңынан сол қыз баланың есі ауысып кеткенін көзіміз көрді. Ал қызды жұмсаған адам да жазылмас ауруға шалдықты. Мен өзім ес білгелі жергілікті халық Құлболдыны әулие тұтып, басына түнейтін. Соғыстың алдында  ауылымызда «сайтанның теңгесін тартып алған Әлі» дейтін үлкен молламыз болған еді. Бірде қазіргі Құлболды бейіті тұрған жерден сыртқа қарай Ақсарай деп аталатын жерге барғанында, аспанға теңге лақтырып ойнап жүрген сайтанның үш қызын көріпті. Ақырын баспалап барып, біреуінің теңгесін қағып алып, тілінің астына сала қойыпты деседі. Жаңағы қыздар қанша жалынып сұраса да, қайтып бермей, үйіне әкеліп, Құранның ішіне салып қойыпты деген әңгімені үлкендерден еститінбіз. Сол кезде ауырып келген, есінен адасқан талай адамды осы Әлі молла Құлболдының басына апарып, жазып алатын» - дейді Құдайберген қария. 
Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Құлболды әулиенің басында шырақшы болған, бүгінде марқұм Ертай ақсақал да осы әңгімелерді қуаттаған еді. «Соғыстың қайнап тұрған кезі еді, бала болсақ та өгіздің басын мініп, үлкендермен бірге астық таситынбыз. Бірде астық апарып, ауылға қайтып келе жатқан едім. Таң әлі ата қоймаған, алакөлеңке шақ еді. Ауылға жақындап, Құлболды зиратының тұсынан өте бергенімде, күңіренген бір дауысты естіп, тұла бойым мұздап қоя берді. Зират жаққа қарасам, ақ киім киген біреу отыр. Сөйтсем, зікір салып отырған Әлі молла екен. Бұл кісі кейде зират басында осылай таң атқанша зікір салып шығатынын білетінмін, жүрегім орнына түсті. Егер Құлболды баба да қасиет болмаса, Әлі молла сөйтер ме еді?» - деп айтқан еді Ертай ақсақал.
Дүниеден өткеніне төрт жарым ғасырдай уақыт өтсе де артында аңызға бергісіз әңгіме қалдырған, өз кіндігінен тараған алты ұлы азуын айға білеген Абылай аспас Бес Мейрамның бірі Сүйіндік атасынан тарайтын ұрпақтың жуан рулары қатарынан орын алып, 
әрқайсы бір-бір ру атына ие болуы да Құлболды бабаның әулиелігінің белгісі емес пе? Бүгінде дана тұлғасы алыстан қол бұлғаған Құлболды әулиеден тараған мың сан ұрпақ қазақ жұртының қарасын көбейтіп, қанын жүргізіп отыр. Осы алты ұлдан (Айдабол, Күлік, Ақбура, Тұлпар, Майлытон, Шегір) тамыр тартқан ұрпақтан жүздеген ғалымдар мен ақындар, қазақтың ел болуына тер төккен небір асылдар мен тарландар, жақсылар мен жайсаңдар дүниеге келді. Олардың қазақ тарихындағы рөлі өлшеусіз. Демек, ұрпағымен мың жасар деген қазақ сөзінің төркінінің мысалы осындай-ақ болар. 

Мейрам НҰҒЫМАН,
Қазақстан Республикасының 
Мәдениет қайраткері,
Павлодар қаласы.


Количество показов: 36

Возврат к списку

Раздел не найден.