«Даланың» ісі шала болды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

«Даланың» ісі шала болды 01.04.2021

«Даланың» ісі шала болды

Осы жылдың 18 наурызы күні кешкілік уақытта Ақсу қаласындағы кәріз құдықта-рының біріне 13 жасар қыз құлап кеткені мәлім.  Алла сақтап, оқушы аман қалды. Бұл оқиға шаһардың коммуналдық саласындағы біраз былықтың бетін ашып, жергілікті әкімдікті аяғынан тік тұрғызды.

Жақында Ақсу қаласының әкім-дігінде осы оқиғаға қатысты жиын өтті. Жиналысқа аталған жайтқа қатысы бар мекеме өкілдері шақыртылыпты. Тек кәріз құдықтарының қақпасын ашық күйінде қалдырған «Дала» ЖШС-нің өкілдері төбе көрсетпеді. Серіктестік өздерін «Банкротпыз» деп жариялапты.Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Асхат Омаровтың мәліметінше, «Дала» серіктестігі Ақсу қаласына 2018 жылы келген. Яғни, павлодарлық мердігер емес. Сол жылы тозығы жеткен су құбыры желілерін қайта жаңғыртуға конкурс жарияланып, аталған мекеме жеңімпаз атаныпты. Жоба ауқымды. Ақсу қаласындағы 20 шақырым су құбырлары ауыстырылуы керек-тін. Ірі жоба болғандықтан, бұл іске бөлінген қаражат та қомақты екенін аңғара беріңіз. Қысқасы, «далалықтар» 3 жылға созылған жобаның астан-кестеңін шығарып, 10 шақырым жерге ғана құбырларды төсепті. 2020 жылдың қараша айынан шаһардан тайып тұрған.
Кейін анықталғандай, аталған мердігердің бұған дейін қаржылық проблемалары болған екен. Есепшоттары бұғатталып, сәйкесінше Ақсу қаласындағы жобаны аяқтай алмаған. Салдарынан қыс бойы қазылған учаскелер ашық күйінде жатып, қазіргі уақытта еріген қардың салдарынан апатты күйге айналды десек те болады. Ескі құбырлардың кесірінен қыс бойы су құбырлары жиі жарылып, апатты жағдайлар орын алған. Сорақысы сол, 50 кәріз құдығының қақпағы ашық күйінде қалған. Солардың біріне оқушы қыз құлап кеткен. Енді қайтпек керек? Ақсу қаласы әкімдігі мердігерді қатаң жазалауға бекініп отыр. Қазіргі уақытта «Дала» серіктестігінің басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, қылмыстық іс қозғалмақ. Құқық қорғау органдары абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салуға болатынын алға тартып отыр. Десе де, жергілікті әкімдік банкрот болып жарияланған мердігерден бюджет қаржысын қайтара аламыз ба деп күмәндануда. Бүгінде «Ақсу су арнасы» мекемесі мердігердің орнына кәріз құдықтарының қақпасын бекітіп жүрген көрінеді. Әзірге 30 құдық жабылған. Қазылған учаскелерге құм төсеуді де өз мойнына алған. Аталған жұмыстардың шығынын банкрот болған мердігердің мойнына артуды ойласа да, қаражаттың қайтарылатынына сенім аз. Жиын қорытындысы бойынша әкімдіктегілер заң жүзінде техникалық аудит жүргізуге келісті. Бұл шаруа кейін сот процесінде қажет болмақ. Жақын күндері «Дала» ЖШС-нің басшылығы Ақсу қаласына келеді деп күтілуде. Сол уақытта мәселенің мән-жайы жіті талқыланбақ.

 Оралхан ҚОЖАНОВ.


Количество показов: 49

Возврат к списку