Әдемі мектеп – әдепті оқушыға

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Әдемі мектеп –  әдепті оқушыға 29.07.2021

Әдемі мектеп – әдепті оқушыға

Бүгінгі заманда оқушыларды білім берудің тың технологияларымен ғана қызықтыру мүмкін емес. Айналамыз өзгеріп, сәулеттік нысандар көбейген сайын мектеп келбетінің де шәкірттерге ұнамды бола түсуі маңызды. Осы мақсатта облысымызда былтырдан бері көптеген жобалар қолға алынып, ауылдық және қалалық жерлердегі мектептер заманға сай қайта жөнделуде.

VNB_2633.JPG

Биыл облысымызда «Nur Otan» партия-сының сайлауалды платформасын іске асыру аясында 56 мектепке және «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша 6 мектепке күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуде. Солардың қатарында Павлодар қаласындағы №1 орта мектебі де бар. Күрделі жөндеу жұмысының нәтижесінде аталған білім ордасы кіреберісінен төбесіне дейін толық жаңарып, ауладағы қоршаулар мен ойын және спорттық алаңдар заманауи материалдармен қайта жасалатын болады. Мектеп директоры Азамат Сыздықовтың сөзінше, жөндеу жұмысына «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша 638 млн теңге көлемінде қаражат бөлінген. Жалпы, мектептің жөндеу жұмысы сегіз жоба бойынша қолға алынған. Олар – мектеп ғимаратының қасбеті мен шатырын жаңарту және есік-терезелерін ауыстыру, жылу жүйесін ауыстыру, электр жүйесін жабдықтау, мәжіліс және спорт залдары мен оқу кабинеттерін жөндеу, су және кәріз құбырларын ауыстыру, ғимараттың сыртқы қоршауын ауыстырып, ауласына асфальт пен кеспетас төсеу және ауланы көріктендіру жұмыстары.

DSC_8063.JPG

- Биыл №1 орта мектеп ұжымы үшін аса маңызды да жауапты жұмыс қолға алынды. Егер жөндеу жұмыстары қағаз жүзінде көрсетілген жоспарға сай жүргізілетін болса, алдағы жаңа оқу жылын жаңа мектепте қарсы аламыз деген үмітіміз бар. Бұл біздің ұстаздар мен оқушылар үшін және ата-аналар үшін көптен күткен өзгеріс болатын. Соған биыл қол жеткізіп отырмыз. Алдымен мектептің сыртындағы темір қоршауларды ауыстыру жұмысы басталды. Яғни, қоршауды жаңадан орнатып, оны бояу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде оның 95 пайызы аяқталды. Сонымен қатар, мектеп ауласына жаңадан түрлі түсті кеспетастар төсеу және жаяу жүргінші жолдарын салу жұмысы қолға алынған. Оның тапсырылу уақыты – қыркүйек айының басы. Ауладағы баскетбол, волейбол және жүгіру алаңдары, алғашқы әскери дайындық орны және кішкентай балаларға арналған ойын алаңы жаңадан құрылып жатыр. Ал ішкі бөлігінің жөндеу жұмысына келер болсақ, жылу батареялары мен құбырлар толығымен ауыстырылды. Одан бөлек, мәжіліс залы мен спорт залының және барлық кабинеттердің ішін әрлеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл жолғы жөндеуден кейін мектептің ішкі атмосферасы да, сыртқы көрінісі де түбегейлі өзгереді деп күтілуде. Мысалы, жаратылыстану-математика және гуманитарлық бағыттағы кабинеттер бұрынғыдай аралас емес жеке-жеке қабатқа көшіріледі. Содан кейін кабинеттер мен дәліздер тақырыпқа сай безендіріліп, 3D форматындағы сурет- термен көркемделеді. Бұл – оқушы кабинетке кіргенде ғана емес, тіпті дәліздің өзінде оқитын пәнінің «иісі шығып» тұруы керек деген мақсатта туындаған идея. Сонымен қатар, қазақтың киіз үйі, ер-тұрманы сынды ұлттық құндылықтар кескінделеді.

DSC_8120.JPG

- Біздің мектепте барлығы 25 оқу кабинеті бар. Сол кабинеттердің барлығына жаңа жиһаздар қойылады. Сонымен қатар, 10 интерактивті панель мен лазерлік автоматтар сатып алуды жоспарлап қойдық. Одан бөлек оқушылар асханада тамақтанған соң тамақтың сапасын электронды түрде бағалап кететін шағын құрылғы орнатылады. Алдағы оқу жылында мектебіміз жаңа кабинеттермен және балалар сабақтан тыс уақытында жұмыс істейтін қосымша орталықтармен толыға түседі. Мысалы, жаңадан «Steem-зертханасы», шағын амфитеатр, үзіліс уақытында тынығатын демалыс аймағы, «Жас сарбаз» және AT-кабинеттері ашылады. Одан бөлек, химия және физика кабинет-теріне қажетті құрылғылар сатып алынады. Бұл оқушылардың осы пәндер бойынша ғылыми зерттеулермен шұғылдануына мүмкіндік береді. Мұның өзіне 26 млн теңге қаражат қарастырылып отыр. Сонымен қатар, журналистикаға қабілеті бар оқушылардың дарынын ашып, талантын шыңдауға арналған медиа-орталық өз ісін бастайды. Онда YouTube каналын жүргізуді, instagram парақшасымен жұмыс істеуді, фото-видео түсіруді және оны монтаждауды үйретеді. Аймағымызға танымал тұлғалармен сұхбаттар ұйымдастыру, телебағдарламалардың сценариін дайындау тәсілдерін үйретіп, болашақта жаңа медиа саласының маманы болуға бағыттайды. Ал амфитеатрға жауапты мамандар мектеп кітапханасымен бірлесіп әртүрлі іс-шаралар ұйымдас-тырып, қойылымдар көрсетуге болады, - дейді Азамат Жанайдарұлы. Жөндеу жұмысымен екі құрылыс компаниясы айналысуда. Олар - «ТУРБОСЕРВИС-ПВ» және «Гордорстрой» серіктестіктері.   «ТУРБОСЕРВИС-ПВ» ЖШС-нің директоры Марат Мұстафинов ішкі жөндеу жұмыстары қыркүйек айына дейін аяқталатынына сенімді. Себебі, 1 қыркүйек күні балалар жаңа оқу жылын қарсы алып, мектеп табалдырығын аттауы керек.

- Біздің компания мектептің ішкі бөлігінің жөндеу жұмыстарымен айналысуда. Алдымен барлық кабинеттер мен дәліздің қабырғаларын тегістеп, ақтадық. Сонымен қатар, су құбырлары мен электр жүйесін жаңартып, жаңа жылу батареялары қойылды. Дәретханалар кеңейтіліп, арнайы түстермен безендіріледі. Одан бөлек, сыртқы қоршауларын ауыстыру, волейбол, баскетбол, алғашқы әскери дайындық алаңдарын орнату жұмыстары да бізге тиесілі. Бұл жерде «Заманауи мектеп» бағдарламасының стандарты бойынша белгіленген талаптар сақталуда. Бір сөзбен айтқанда, осы жөндеу жұмы-сынан кейін заманға сай сапалы білім беретін мекемеге айналады. Жалпы, біз мұндай білім беру мекемелерімен бұған дейін де көп айналысқанбыз. Сондықтан, біз істеген жұмыстарда кемшілік болмайды деп сеніммен айта аламыз. Негізі, үш жылға дейін кепілдік береміз. Яғни, сол уақытқа дейін қандай да бір ақаулар білінсе, барлығын өзіміз қайта қалпына келтіріп береміз, - дейді ол. Жақында №1 орта мектебінің ұжымы тағы бір қуанышты жаңалықпен бөлісуге әзір. Яғни, мектепке қазақтың даңқты қолбасшысы - Малайсары батырдың есімі берілмек. Бұл ұсыныс тиісті комиссияларда қаралып, құзырлы мекемелер тарапынан мақұлданған. Қазіргі уақытта құжаттары әзірленуде. Сонымен қатар, 2022-2023 оқу жылын бірыңғай қазақ мектебі ретінде бастамақ. Биыл онда орыс тілінде оқитын бір 9-сынып, бір 11-сынып қана қалған.

Тілеуберді САХАБА


Количество показов: 211

Возврат к списку