Диқандар науқанға дайын

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Диқандар  науқанға дайын 01.04.2021

Диқандар науқанға дайын

Өңір диқандары көктемгі дала жұмыстарына қызу дайындық үстінде. Шаруашылықтардағы техникалардың барлығы дерлік егіс алқаптарына шығуға сақадай сай. Жеңілдетілген дизель отынының бір бөлігі қожалықтарға жеткізілді. Тұқымдар сараптамалық орталықтарға жөнелтілді. Енді қар толық еріп, жердің тоңы жібіген бойда шаруалар іске білек сыбана кірісіп, танаптарға түрен салуды қолға алмақ. 

Облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашевтің айтуына қарағанда, биыл егістік көлемі, оның ішінде суармалы алқаптың аумағы едәуір ұлғайды. Мәселен, былтыр егістік алқабының жалпы аумағы 1 млн. 431 мың гектар болса, биыл 1 млн. 490 мың гектарға дейін жетті. Сол сияқты суармалы алқап 5 мың гектарға көбейіп, 56 мың гектарды құрады. Айналымға биыл енгізілетін суармалы жерлерге картоп, көкөністер, майлы дақылдар егіледі. 
- Бүгінде облыстық қорда 145 мың тонна тұқым бар. Оның 47 мың тоннасы сараптамадан өтті. Ауыл шаруашылығы техникаларының 94 пайызы егістік жұмыстарына тас-түйін дайын. Жоспар бойынша, егу жұмыстары сәуірдің ортасында басталады. 3 мамыр мен 3 маусым аралығы майлы, дәнді дақылдардың тұқымын себетін оңтайлы мерзім болып анықталды, - деді Н.Мақашев. 
Биыл өңірде өсімдік шаруашылығын дамытуға 3,5 млрд. теңге көлемінде субсидия қарастырылды. Оған қоса, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 100-ден астам шаруашылыққа 3,4 млрд. теңге жеңілдетілген несие беруді жоспарлап отыр. Осы уақытқа дейін 94 диқанның 2,3 млрд. теңгелік өтініші мақұлданды. Бұл ретте көктемгі дала жұмыстарына 21 мың тонна жеңілдетілген дизельді отын берілетінін атап өту керек. Нарықта бір литрінің бағасы 185-190 теңге болса, шаруаларға 150-151 теңгеден жеткізілуде. Яғни, 18 пайызға арзан түседі. 
Жиын барысында аудан басшылары да егіс жұмыстарына дайындық барысына тоқталды. Мәселен, Ертіс ауданында биыл алқап көлемі 5 мың гектарға артып, 282,3 мың гектарды құрады. Аудан әкімі Аян Бейсекиннің баяндамасы бойынша, шаруалар 635 млн. теңгеге 23 техника сатып алған екен. Жалпы, дала жұмыстарына 64 егу кешені мен 160 трактор тартылады. 
Тереңкөл ауданында суармалы жер 1 мың гектарға көбейіп, оған бір жылдық және көпжылдық өсімдіктер, картоп, көкөніс, жүгері салынады. Аудан әкімі Серік Батырғожиновтің айтуынша, 
750 тонна тұқым жаңартылды. Бұл ауданда барлығы 20 мың тоннадан астам тұқым бар. Ал Железин ауданы қарақұмық пен күнбағысқа басымдық бермек. Аудан басшысы Қанат Қашкиров күнбағыс алқабының 10 мың гектарға ұлғайғанын атап өтті. Былтыр қарақұмық егетін жердің көлемі 2100 гектар болса, биыл 2400 гектарға жетті. Осы орайда облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов қарақұмық егуді өзге аудандар да қолға алуы керек екенін айтты. 
- Еліміздегі қарақұмықтың басым бөлігі біздің өңірде өседі. Сондықтан әр ауданның климатын, өнімділігін, шаруалардың дайындығын ескере отырып, қарақұмықтың жоспарлы көлемін аудандар арасында үлестірген жөн. Көктемгі дала жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізу үшін жеңілдетілген несиелер беру ісін жылдамдатуды, дизельді отынмен қамтамасыз ету ісін жүйелі жүргізуді жүктеймін, - деді Ә.Сқақов. Сонымен қатар, Әбілқайыр Бақтыбайұлы су тасқынының алдын алу шараларын мықтап қолға алуды тапсырды. Нақтысын айтқанда, жауапты сала өкілдері қала көшелерінен еріген қар суын тез арада шығарып, ойлы-шұңқырлы жерлерді тегістеп, мердігерлер жолдарды жөндеу бойынша кесте құруы керек. 
Жиын соңында аймақ басшысы Ә.Сқақов құрылыс-монтаждау жұмыстарында бірқатар кемшілікке жол беріп, қолданысқа тапсырылатын жаңа тұрғын үйлердің сапасын бақыламаған «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы Мейрам Өтешовке, көліктік инфрақұрылымды әрі жолаушылар тасымалын дұрыс ұйымдастырмаған облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Марат Зеновқа және ономастикалық комиссияның жұмысын қоғамға тиісті деңгейде көрсетіп, түсіндірмегені үшін облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Самал Бегалиноваға сөгіс жариялады.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА,
Суретті түсірген - Валерий Бугаев.


Количество показов: 58

Возврат к списку