Діни ахуал - тұрақты

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Алдымен экономика, содан кейін саясат»: қиындықтарды жеңу
03.08.2021

Қола - қалтада
03.08.2021

Өрт азайған
03.08.2021

QazVac жеткізілді
03.08.2021

Кезең-кезеңмен шешіледі
03.08.2021

Шарапаты мол
03.08.2021

Алғабастың жолы жөнделе ме?
03.08.2021

Сарыарқа самалы, 3 тамыз, сейсенбі
03.08.2021

Энергоблок жаңаруда
31.07.2021

«Тапсырам домбырамды Шолпаныма»
31.07.2021

Тағы да жапондықтар жайлы
31.07.2021

Жақсылыққа шақырады
31.07.2021

Күміспен күптелді
31.07.2021

«Қазақ поэзиясына құштармын»
31.07.2021

Ауызсу тарифі неге әртүрлі?
31.07.2021

Той-томалақ тыйылмай тұр
31.07.2021

Індет қайта өршіді
31.07.2021

Ертеңін ойлаған екпе алады
31.07.2021

Ұтымды ұқсату керек
31.07.2021

Ауылдың ажары артты
31.07.2021

Сарыарқа самалы, 31 шілде, сенбі
31.07.2021

Тартысқа толы Токио
29.07.2021

«Sary qyz»
29.07.2021

Жаяу Мұса
29.07.2021

Антиденені тексеру неге тиімсіз?
29.07.2021

Әдемі мектеп – әдепті оқушыға
29.07.2021

Вакциналаудың қарқыны төмен
29.07.2021

«Достықтың» мәселесі шешілуде
29.07.2021

Жұмыс күші жеткіліксіз
29.07.2021

Тәжірибе шаруаны ширатады
29.07.2021

Түгендесек, төбедегі келеді...
29.07.2021

Ауылдардың берекесін қалай арттырамыз?
29.07.2021

Сарыарқа самалы, 29 шілде, бейсенбі
29.07.2021

Қоржында – қос қола
27.07.2021

ӨМІРДІҢ ӨЗІНЕН
27.07.2021

Ел үміті ақталса игі
27.07.2021

Белгісіз батыр
27.07.2021

Молдовадан табылды
27.07.2021

Әкім бол, халқыңа жақын бол
27.07.2021

«Сырлы аяқтың сыны кетпес»
27.07.2021

Сарыарқа самалы, 27 шілде, сейсенбі
27.07.2021

Сарыарқа самалы, 24 шілде, сенбі
24.07.2021

Сербтердің мысын басты
24.07.2021

Мерейі үстем Мыңбаевтар
24.07.2021

Циклахена - ғаламдық проблема
24.07.2021

Инновациялық панельден салынады
24.07.2021

Ауылда да маркет бар
24.07.2021

Білімді мыңды жығады
24.07.2021

Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?
24.07.2021

Арнайы жоспар қажет
24.07.2021

Түркістанға әуе кемесі қатынайды
24.07.2021

Қордаланған мәселе көп
24.07.2021

Кешенді жұмыс – келешектің қамы
24.07.2021

Штаб құрылды
24.07.2021

Құрылыс қалдықтары көп
24.07.2021

Күнбағыс кәсіпорны ашылады
22.07.2021

«Қайта құрудың» зардабы аз болмады
22.07.2021

Стамбул сұлулығы
22.07.2021

Кескіндеме өнерінің көсемі...
22.07.2021

Абызбай атыңа сай ең...
22.07.2021

16.02.2021

Діни ахуал - тұрақты

Жақында облыстық дін істері басқармасы дербес мекеме ретінде қайта құрылды. Бұған дейін облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының құрамында болған еді. Бұл өзгеріс еліміздегі және өңіріміздегі дін саясатының өте өзекті екенін байқатады. Осыған орай басқарма басшысы Дәулет Зәкарияновты әңгімеге тартқан едік.

- Дәулет Қоқанұлы, бір жарым жыл облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының құрамында болып, қайта бөліндіңіздер. Жеке басқарма ретінде атқаратын міндеттер күшейіп жатқан болар?
- Иә, жеке басқарма болып құрылғаннан кейін құзыретіміз артып, мүмкіншілігіміз кеңейе түсуде. Себебі, енді осы саланы жетік білетін мамандарды тартып, бір бағытта ғана жұмыс жүргізуге мүмкіндік туды. Яғни, діни экстремизмге апаратын әрекеттердің алдын алу, діни ұйымдардың ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң нормаларын қатаң сақтауын қадағалауға толық мүмкіндік туып жатыр. 
- Өткен жылы қандай заң бұзушылықтар жиі орын алды және оларға қандай шаралар қолданылды?
- Біздің өңірде діни ахуал тұрақты сақталуда деуге болады. Дегенмен, кішігірім заң бұзушылықтар болып тұрады. Оның барлығы тұрғындардың дін туралы заң талаптарын жетік білмеуінің салдары деп түйдік. Яғни, көпшілік қауым діни мазмұндағы ақпараттарды, діни кітаптарды қайда тарату немесе қайдан сатып алу керектігін білмейді. Мысалы, Аққулы ауданының Ямышев ауылында «Евангельді христиан-баптистер» діни бірлестігінің өкілдері көшеге шығып, жеке үйлерді аралап кітапшалар таратқан екен. Құқық қорғау органдары заң бұзған азаматтардың аталған әрекетіне бірден тоқтау қойып, әкімшілік жаза тағайындады. Сол секілді Ертіс ауданының бір азаматы өзінің жеке әлеуметтік парақшасында радикалдық мазмұндағы материалды сақтағаны анықталды. Діни тақырыптағы кітаптар мешітте және рұқсат берілген дүкендерде ғана сатылуы тиіс. Сондай-ақ, БАҚ-та немесе интернет жүйесінде де ресми тіркеуден өткен діни бірлестіктер ғана таратуға құзырлы. Негізі, ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын бұзған жеке тұлғалар 50 АЕК, ал заңды тұлғалар 100 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды.
- Сонда кез келген сауда нүктесінен кітап сатып алудың өзі қауіпті болып тұр ғой. Біздің өңірде діни басылымдар сататын қанша дүкен бар? 
- Жалпы, облысымызда діни кітаптарды, шағын кітапшаларды және діни мазмұнда жасалған кәде-сыйлар мен жапсырма қағаздарды сатуға рұқсат алған 36 дүкен бар. Оның 24-і Павлодар қаласында, қалғандары Екібастұз, Ақсу қалаларында және Железин ауылында орналасқан. Ондай дүкендер мектептен, колледжден және басқа да мемлекеттік мекемелерден 300 метр қашықтықта орналасуы тиіс. Тіпті, рұқсат берілген орындардың өзінде сараптамадан өткен әдебиеттер сатылады. 
- Ал, діни әдебиеттердің сараптамадан өткен немесе өтпегендігіне қалай көз жеткізуге болады?
- ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында сараптамадан өтіп, пайдалануға болатын кітаптардың тізімі жарияланады. Ол тізім тоқсан сайын жаңартылып отырады. Егер біреудің қолында қандай да бір күмәнді материал немесе кітап түскен болса, бірден құзырлы органдарға немесе сол дінге қатысты ғибадатханаларға әкеліп тапсыруы керек.
- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан – Тілеуберді САХАБА.


Количество показов: 118

Возврат к списку