Талапты күшейту керек
13.04.2021
Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021
Құрметті жерлестер!
13.04.2021
Алқаптар отқа оранды
13.04.2021
Екпе егу жалғасуда
13.04.2021
Үйлерді су басты
13.04.2021
Алғашқы сенбілік
13.04.2021
Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021
Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021
Ердің ісі – ерлік
13.04.2021
Игі істер жалғасады
13.04.2021
Көш басында!
13.04.2021
Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021
Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021
Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021
Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021
Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021
Жаңа орынбасар
10.04.2021
Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021
Академик тұтынған заттар
10.04.2021
Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021
Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021
Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021
Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021
САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021
Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021
Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021
«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021
Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021
Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021
Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021
Тыйым салынады
08.04.2021
«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021
САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021
Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021
Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021
Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021
Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021
Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021
«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021
Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021
Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021
Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021
Дарындылар топ жарды
08.04.2021
«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021
Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021
Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021
Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021
Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021
Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021
Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021
Экспорттық әлеует артты
06.04.2021
Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021
Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021
Тиімдісі - QR-код
06.04.2021
Бір апта уақыт берді
06.04.2021
Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021
Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021
Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021
«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021
Жамбасбек Жатабергенов дәл қазір декреттік демалыста. Декреті екі рет қайталанып, үйден шықпағанына, ағайын-туыстың бет-жүзін көрмегеніне де үш жыл уақыт зу ете қалыпты. Алыстағы ағайын түгілі егіздің сыңарындай жанына желімше жабысып, қосарласып жүретін көршісі Қылқиды көрмегелі де көп айдың жүзі болды. Осыдан үш жыл бұрын Жамбасбектің әйелі ұл туып, Қылқи екеуі қырық күн соны жуған. Құдды бір өзінің де сіңірген еңбегі бардай Қылқиың 40 градустық ащы суға сылқия тойып алып, Жамбасбектің үйінен шықпай қойған-ды. Бір күні Жәкең таң сәріде есі кіресілі-шығасылы досын оятып: «Досым, мен декретке шығамын!» - деген. Жастықтан басын жұлып алған Қылқи албастының апасын көргендей Жәкеңнің бетіне бажырая қарап: «Өй, сен жындымысың! Еркектің декретке шыққаны несі? Ссссен басыма бәле болып жүрерсің? Ертең жұрт.... Не ойлайды?..» - деп баж ете қалып, артынша тойтық төпілиін теріс киіп, зым-зия жоқ болып кеткен. Төртінші сыныпты өз күшімен зорға бітірген Қылқидың басына ер адамның әйелінің орнына декреттік демалысқа шығуға болатыны туралы Заң қайдан кіріп-шықсын. Содан бері Жамбасбек үйде жалғыз. Ұрынарға қара таппаған Жәкең терезеге телміріп, сырттағы қыз-келіншектерге ысқырып, тілін шығарып, байлаулы маймылдай өз ісіне өзі ырсалаңдап күлетінді шығарды. Соңғы уақытта әлеуметтік желі дегеніңіз іздегенге – сұраған болып тұр. Рахат, іш пыстырмайды. Баз біреудің жазған посты жылтиып көрінсе болды астындағы мыңғырылған комментарийлер бұл күнде Жәкеңе таңсық емес. Тіпті, кейбіріне әкесін танытып тұрып пікір қалдыратынды шығарды. Күні-түні телефонға телмірген Жәкеңнің баққан баласы жайына қалып, әлеуметтік желімен әуре болды. Шынын айтқанда, Жәкең үйде екінші атаман. Қақшаңдаған Қатипаш тұрғанда Жәкеңе бірінші болу қайда? Бұрын Жәкең кірді жуып, үйдің ішіндегі шыбын-шіркейді сыртқа қуып, отты жағып, баланы бағып, нанды пісіріп, піскен асты түсіріп қоятын. Әлеуметтік желіге ентелеп енгелі оның барлығы қалды. Жартыбас байына сенбеген Қатипаш бала бағуға бір жас келіншекті жалдады. Жалдамағанда қайтсін? Өткенде жұмыстан келсе Жамбасбек телефонның ішінде жүр. Үйдің іші астаң-кестең. Шашылған күл, бақырған бала, төгілген тамақ, ашыған салат. Ой, қойшы, сол жолы Жәкең Қатипаштан оңбай сөгіс естіді. Ақыры осы бір жас келіншекті бала бағушы етіп жалдап алған. Бала өздігінен бағылып жатқан соң Жамбасбек әлеуметтік желіге басы бүтін кіріп алған. Бұрын тым болмаса тамақ ішерде, түзге барарда телефоннан қол үзетін. Қазір ол да жоқ. Тек телефонның қуаты таусылғанда ғана өшкен смартфонмен бірге сылқ ете түседі. Артынша есін жинап, телефонды тоққа қосып, арқандаулы аттай резетканың қасында отырып, әлеуметтік желінің ауылын аралайды. Жамбасбек әдеттегісінше әлеуметтік желіні ақтарып, сынайтын біреу-міреу бар ма деп сығалап диванда шалқасынан жатқан. Кенет телефоны шар ете қалды.
- Әлөу!
- Алло, сәлеметсіз бе, қаһарман ағай!
- Сәлеметпіз!.. Сіз кімсіз?
- Мен «Бәленше-түгенше» деген ықпалды бір ұйымның жетекшісі едім. Қаһарман аға, сіздің дауысыңызды естігеніме қуаныштымын!
- Қайдағы Қаһарман? Мен Жамбасбекпін ғой.
- Білемін, ағай. Сіздің әлеуметтік желілерде жазған пікіріңіз ұнайды маған. Еститін құлақ болса айтудай-ақ айтып, жазудай-ақ жазып жүрсіз. Аузыңызды ашсаңыз болды, ақылыңыз ақтарылып тұр ғой. Сіз бар ғой, аға... Кемеңгерсіз, данышпансыз, көріпкел, сәуегейсіз. Әулиесіз аға! Үкімет сізге «Халық Қаһарманы» атағын беруі керек қой! Олар ондай атақ бермесе де сіз мен үшін қаһармансыз! Фейсбуктегі әр сөзіңіз алтын ғой сіздің, қаһарман аға!.. Негізі билік басына тура өзіңіз секілді адамдар қажет.
- Рақмет, айналайын! - Жәкең тамағын кенеп, ернін жалап, маңғазданып айнаға қарап, қайызғақ шашын тарап кәдімгідей кісі болып қалды.
- Мен бір нәрсені түсінбеймін. Осы біздің ел басында отырған шенеуніктер не бітіріп отыр? Меніңше айға қарап, шошқа тағалап отырған секілді. Шіркін, егер мен Президент болсам ғой.
- Шынымен де Президент болуға лайықтысыз, аға. Елге басшы болсаңыз не істер едіңіз?
- Өй, біздің сасық саясат елдің есін жиғызбайды. Егер мен Президент болғанда шетелге кетіп жатқан темір мен көмірді, Құдайдың берген мұнайын елге қайтарар едім. Алтыннан киімің, алты қанат ақ үйің болатын еді. Біз тура шетелдегідей өмір сүрер едік. Бойдақтарға салық салатын едім. Оң жақтағы қыздарға аямай айыппұл салып, еркекшора қыздарды әскерге алып, тәртібін дұрыстар едім. Қырықтан асқандардың барлығын зейнетке қуалап, жігіттерге қарамаған қыздарды дуалап, қазақтың санын өсірер едім. Әрқайсымыз бес-алтыдан қатын алайық. Арабтардан неміз кем біздің?
- Ой, аға, әңгімені әйелден бастаға-ныңыз не?
- Тұра тұр, айналайын! Әңгіменің бәрі әйелден басталуы тиіс. Еркек деген жұбайын жұмса жұдырығында, ашса алақанында ұстауы тиіс. Мысалы, мен 19 жасымда үйлендім. Құдайға шүкір, әйелімді сөзбен, керек болса көзбен жұмсай аламын. Ой, сен ағаңды білмейді екенсің! Қысқасы, егер мен Президент болғанда бар ғой... - Осы кезде телефонның тұтқасына шиқылдап ашылған есіктің дауысы естілді. Арғы жақтан: «Әй, оңбаған, Жамбасбай! Жата-жата жамбасың тесілмеді ме сенің? Оңбаған, арамтамақ! Ұялсаң етті! Дайын асқа – тік қасық неме! Тамақ пісіріп, кірді жуып, неге от жағып қоймайсың! Смартфонға сүңгіп кетіп, сүңгуір құтқарушыларға табылмай қалғыр, оңбаған!» - деді буырқанған долы дауыс. Жәкең сасып қалып, телефонның тұтқасын тастап жіберді...
Қаһарман ағасымен сөйлесіп тұрған жас келіншектің төбе құйқасы шымыр ете қалды. Мына кісі қызық екен. Сөзі бір бөлек, өзі бір бөлек. Отбасына пайдасы тимеген адамның халыққа берер шарапаты бола ма? 19 жастан бері отасқан әйеліне сөзі өтпеген еркектің 19 миллион халықты басқаруы мүмкін бе? Әй, қайдам!
- Ех, аға! Сіз де мен білетін Диван «батырлардың» бірі болдыңыз ғой...
Қарлығаш ҚАШҚЫНБАЙ.
Раздел не найден.