Еңселі ел боламыз десек...

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

13.02.2021

Еңселі ел боламыз десек...

Мен мектеп қабырғасынан бастап газет-журнал, кітапты серік еткен адаммын. Барлық хабарларды ұқыпты тыңдап, керектерін күнделігіме жазып, кітап арасында (үйдегі жеке кітапханамда 7 мыңға жуық кітап бар) сақтаймын. Ойға түйгендерімді оқырманмен бөліскенді жөн көрдім.
Қазақстанда 1992 жылдың басында 2323 совхоз бен колхоз жұмыс істеді. 1990 жылы елімізде 197,5 миллион гектар жер, оның 35,5 миллион кәдеге жарайтын егін алқаптары еді. 36,2 миллион қой, 10 миллионға жуық жылқы, 3,2 миллион шошқа, 59,5 миллион құс болды. Нәтижесінде елімізде 28,5 миллион тонна астық, 1,3 миллион тонна ет, 5,6 миллион тонна сүт, 4,2 миллиард дана жұмыртқа, 107,5 мың тонна жүн өндірілді. Жерден өндірілген шикізат өз елімізде өнделіп, халықтың несібесіне айналып, артығын шетелге экспортқа шығаратын едік. Қазіргі жағдай мүлдем өзгеше...
Сол жылдары Қазақстан шет елдерге 360 мың тонна ет сатып, әрбір қазақстандық жеке басқа шаққанда 70 келі ет жеген екен. 
Ал бүгінде шетелден 200 мың тонна ет (тауық етімен есептегенде) сатып аламыз. Қазір қазақстандықтар жеке басқа шаққанда 40 келі ет жейді. Әрине, кең-байтақ жеріміз тұрғанда, шетелден тамақ сатып алу көңілге қонымсыз.
Сарапшылардың мәліметінше, қазақстандықтардың табысынан жартысынан көбі тамақ пен араққа кетеді екен. Өз-өзіне қол жұмсау, яғни, суицидтен әлем бойынша екінші орынға көтерілген Қазақстан арақ ішуден де алға шықты. Суицидтің көбі арақтың кесірінен орын алып жатқаны белгілі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының спирт ішімдіктерін тұтынуға қатысты әлем бойынша жүргізген арнайы зерттеуінде Қазақстан 188 елдің арасынан 34-орыннан көрінген. Орталық Азия елдерімен салыстырсақ, бұл тізімде Қырғызстан – 106, Түркіменстан – 114, Өзбекстан – 131, ал Тәжікстан 134 орында тұр. Тіпті, 1,5 миллиард халқы бар Қытайдың өзі 95-орынға жайғасқан. Бұл нені көрсетеді? Ұрпақтың азғындалуына, ұлттың тамырына балта шабуына арақ таптырмас құрал десек қателеспейміз. Еліміздегі әрбір азамат жылына шамамен 30 литр сыра, 11 литрге жуық спирт тұтынады екен. Кез келген мейрамхана, кафелердің есігін ашып қарасаңыз, сыраны судай сіміріп, арақты «алып қояйық» деген жастарды байқайсың. Тек жастар емес, шашына ақ кірген ата-аналарымыз да көптеп кездесетіні өкінішті-ақ. «Арақ атадан қалған ас емес» екенін білсек те, осы жынды суға қазақстандықтардың құмар екені алаңдатады.
Тегінде дағдарыс тоқырау атаулының аса қауіптісі саяси, экономикалық, әлеуметтік дағдарыс емес, рухани дағдарыс болса керек.
Қазіргі таңда қоғамда зина-қорлық, нашақорлық, жөзөкшелік, әділетсіздік, алдау-арбау, зорлық-зомбылық, сыбайлас жемқорлық, мансапқұмарлық, имансыздық әрекеттер белең алып, қазақы қасиетіміз құнсыздана бастаған сияқты. Қазақ дәстүрінде бұрын-соңды болмаған, адамның құлағы естіп, көзі көрмеген, кісінің жанын түршіктіретін, иманын бір уыс ететін жат оқиғалар орын алуда. Ең сорақысы – адамның мүшелерін, тәнін ғана емес, өзінің қанынан шыққан, бауыр етінен жаралған баласын сату еді. Бұл – арымызды, елдігімізді, қанымызға сіңген қадір-қасиетімізді түгел сату емес пе? Осындай безбүйрек балалардан, имансыз ата-аналардан не жақсылық күтуге болады?
Сондай-ақ Қазақстан өзіне-өзі қол салудан, отбасының ажырасуынан, некесіз бала туудан, түрмелердің саны жағынан әлемде үшінші орын алады. Елімізде әрбір үшінші отбасы ажырасады. Өзіне-өзі қол жұмсаудан қазақ қыздары әлемде бірінші орынға шыққан. 22 пайыз бала некесіз туады, 8 мың бала 25 елге сатылған. 2000 қыз шетелге тұрмысқа шыққан. 11 пайыз қара көздер басқа дінге кіріп кеткен. Қылмыстың, мүгедек балалардың дүниеге келуінің, жастардың 80 пайызының денсаулығының әскер қатарына алуға жарамсыз-дығының, еркектердің 50 пайыз белсіздігінің басты себебі – маскүнемдік. Не істеу керек? Бүгін ойланайық, оянайық, толғанайық ағайын! Ертең кеш болады.
1980 жылы Қазақстан халқы 14,9 миллион еді, ал Өзбекстан халқы 16 миллион болатын. Қазір (40 жылдан кейін) біздің елде халық саны 18 миллион, осы арада өсу көрсеткіші 3 миллион адамға тең. Оның 1,5 миллионға жуығы елге қайтып оралған қандастарымыз (Қазір 43 елде 7-8 миллион қандастарымыз тұрып жатыр). Ал Өзбекстан халқы бүгін 34 миллионға жетіп отыр. Бұл – өзбек халқы 40 жылда екі еседен артық өсті деген сөз.
Біздің Қазақстанда не көп, той көп. Біз тойшыл халықпыз. Байлар шашады, олардан қалмаймыз деп кедейлер де несие алып, кейін оны жаба алмай, асқа зәру болып жатады. Осы ретте, Өзбекстан президенті Ш.Мирзиёевтің той туралы айтқан сөзі ойға оралады. Ол тойды сирек өткізіп, шақырылған кісі саны 200-ден аспағаны дұрыс деп есептейді. Тойдың уақыты 2-2,5 сағатқа созылуы керек. Ал бізде тойға 500 қонақ шақырылады. Бір тойдың өзі 7 сағатқа дейін жалғасып, жарты күнің кетеді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, бізге мемлекет-
тік кең көлемде кешенді жұмыстарды қолға алған абзал.
1. Қазір бізге мемлекеттік ұлттық идеология қажет.
2. Қазақстан жер көлемі, жер байлығы бойынша әлемде көш басында. Олай болса, жерді мақсатты пайдалануымыз керек.
3. Қазақстанда 18 миллион, ал Қытайда 1,5 миллиард халық бар. Бірақ жұмыссыздық деңгейі тепе-тең. Іргелі ел болғымыз келсе, жұмыссыздық мәселесін жою – маңызды.
2. Елімізде сапалы білім беретін ЖОО жоқтың қасы. Диплом алу базардан 1 стақан шемішке алумен тең боп қалды қазір. 1980 жылы 
Қазақстанда 56 ЖОО және 250 колледж бар еді. Аз уақыттың ішінде жеке білім ордалары қаптап кетті. Соңғы жылдары сандары қысқартылып келеді. Бұл істі жалғастыра беруіміз қажет. Өзбекстанда 34 миллион халық бар, бірақ онда бар болғаны 56 ЖОО бар. Ел азаматтары өз елінде оқып, өз жерінде абыройлы қызмет атқарып жүр. Біздің мемлекет қаржысына шетелге жіберген жастарымыздың көбі Отанына оралмай жатыр. Сол себепті, білім сапасын арттыру мәселесін де назарда ұстаған абзал.
Әби САРҚЫНШАҚОВ,
Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген көлік қызметкері, КСРО-ның құрметті теміржолшысы, Павлодар 
облысының және Павлодар қаласының Құрметті азаматы.


Количество показов: 148

Возврат к списку