Егемендік еншісі – саналы ұрпақ

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Заманауи кешенге айналады
26.01.2021

Талап өзгермей,талпыныс болмайды
26.01.2021

Салық сомасы қайтарыла ма?
26.01.2021

«Еңбек» биыл межесіне жетеді
26.01.2021

Жеке куәлік - телефонда
26.01.2021

Шектеуді елемеген
26.01.2021

Өтініш қабылдау басталды
26.01.2021

Карантин күшейтілді
26.01.2021

Жаңа бағыт ашылады
26.01.2021

26 қаңтар, сейсенбі
26.01.2021

Фотожылнамашы
23.01.2021

Монополист неге белсенді емес?
23.01.2021

Тексеру нені көрсетті?
23.01.2021

Көпшілік күткен өзгеріс
23.01.2021

Электронды үлгі маңызды
23.01.2021

Әр сауал жауапсыз қалмайды
23.01.2021

Тісіңізді тегін емдетіңіз!
23.01.2021

Ақылы тест басталды
23.01.2021

23 қаңтар, сенбі
23.01.2021

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?
21.01.2021

«Бір әннің тарихы»
21.01.2021

Ғашықтық әуені
21.01.2021

Скетчинг деген бір өнер...
21.01.2021

Ұлы дала ұлағаты
21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?
21.01.2021

Намыс деген – тілің, Отаның, дінің
21.01.2021

Аудандар бақылауға алынады
21.01.2021

Ауызсумен қамту өзекті
21.01.2021

Вакциналау ақпанда басталады
21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу
21.01.2021

Әкімдер есеп беруде
21.01.2021

Мұз өткелдері ашылады
21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...
21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары
21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың
21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!
21.01.2021

21 қаңтар, бейсенбі
21.01.2021

«Ertis», алға!
19.01.2021

Қолөнер шеберлеріне қолдау
19.01.2021

«Менің туым - айбарлы!»
19.01.2021

Дәрігерлерге мың алғыс!
19.01.2021

Жомарттық танытты
19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?
19.01.2021

Қолжазбаны көшіретін қосымша
19.01.2021

Сарқынды судың әлегі
19.01.2021

Жаза күшейді
19.01.2021

Бар үміт - екпеде
19.01.2021

45 градус аязда қатпайды
19.01.2021

ЭЦҚ алуға міндетті
19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?
19.01.2021

19 қаңтар, сейсенбі
19.01.2021

Атақтарын қорғады
16.01.2021

Бибісары әулие
16.01.2021

Кінәрат - тозған құбырларда
16.01.2021

Тариф арзандайды
16.01.2021

Алғашқы сессия
16.01.2021

Аймақтағы ахуал мәз емес
16.01.2021

Кешенді реформалар жүргізіледі
16.01.2021

Жаңа басшы таныстырылды
16.01.2021

Көлік бағасы қалай құбылды?
16.01.2021

05.01.2021

Егемендік еншісі – саналы ұрпақ

Философия ғылымдарының докторы, академик Ғарифолла Есім ағамызбен хабарласып, ел егемендігінің алдағы мерейлі датасына қатысты ойлары мен ұсыныс-пікірлерін сұрап білген едік.
- Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 30 жылдың дересінде мақтанышпен айтар көп жетістікке жеттік. Соның бірі – ойы тәуелсіз, санасы сәулелі, түйсігі терең жаңа ұрпақ қалыптастыруымыз. Тәуелсіздіктен кейін өмірге келген перзенттеріміз бүгін орда бұзар 30 жасқа толып отыр. Мен 
30 бен 40-тың арасындағы жастарды «күміс ұрпақ» деп атаймын. Күміс дегеніміз - суға салсаңыз, оны тазалайтын қасиеті бар аса құнды зат. Яғни, 30 бен 40-тың арасындағы жігіттер де - қоғамды тазалаушылар. 
Өздеріңіз білесіздер, біздің қоғам көзге көрінетін және көрінбейтін шаң мен тозаңға толы. Ол – авторитаризм, жемқорлық, т.б. Сол секілді, өндірістің, ғылым мен білімнің дамуына тұсау болып тұрған көптеген факторлар бар.  Солардың барлығын қайта қозғалтатын – осы буын. Бұл – Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі. 
Екінші жетістігіміз – осы 30 жылдың ішінде сол жастардың санасы мен сезімі үлкен өзгеріске түсті. Мысалы, қазіргі 10-15 жастағы баланың танымы осыдан 40 жыл бұрынғы дәл сондай жастағы баланың таным-түсінігінен мүлдем бөлек. 
Үшінші жарқын жетістігіміз – қоғамда жаңа түсініктер қалыптасты. Ең бастысы, жекеменшіктік психологиясы қалыптаса бастады. Бұрын социализм кезінде жекеменшік ұғымы деген болған жоқ. Жеке шаруамен шұғылданған адамдарды жазалаған. Мен еліміздің әр облысына іссапармен барып жүремін. Сонда байқағаным, өңірлерде өте ауқымды жекеменшік иелері пайда болыпты. Мысалы, кейбір ауылдарда сол социализм кезіндегі совхоздардан да көп жылқы ұстап отырған азаматтар бар. Ал қазақ үшін жылқы малының орны жоғары, жылқы - біздің рухымыз, жылқы - біздің мінезіміз. 
Төртінші мақтанатынымыз – қазақ елі Тәуелсіз мемлекет ретінде әлемге өзін жан-жақты көрсете білді. Кейбір тұлғалар бізді саясат арқылы ғана танытқысы келеді. Бұл дұрыс емес. Негізінен, саясат, ғылым, білім, технология, мәдениет, спорт – жеке-жеке арналар. Міне, осы салалардың әрқайсысына қазақтың жаңа буыны келіп, сол арқылы қазақ атын жер-жаһанға жария қылды. Біз дүние жүзіне солай танылдық.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – біз үшін үлкен мүмкіндіктердің көзі. Бұл біз үшін өте ауқымды мерейтой болғанымен, орындал-
маған өкініштерімізді де айту парыз. Осы ретте алдымен еске келетіні – бизнес саласы. Біздің елде макробизнес қана бар. Ал шағын бизнес пен орта бизнес әлі өз деңгейіне көтеріле алған жоқ. Елдің шағын және орта бизнесі ішкі өнімнің 60 пайызын құрамайынша, жағда-йымыз оңалмайды. Біз мұнай, газ, металл, уран секілді шикізатпен ішкі өнімді толтырып отырмыз. Өкінішке қарай, осы салалардан түсетін пайданың қанша екенін осы күнге дейін ешкім толық айтып бере алмайды. Бізде дұрыс жолға қойылмаған тағы бір мәселе бар. Ол - бизнес пен экономикадан гөрі саясатты көп сөз етіп кеткеніміз. Мемлекетті жасайтын саясат емес. Мемлекетті аяққа тұрғызатын – бизнес. Министрлер мен әкімдер саясатпен айналысып кетті. Негізінде, саясат олардың жұмысы емес. Олардың жұмысы - нарық және нарықтық қатынастар, өндіріс және индустрия. Сондай-ақ, ІТ технология мен білім-ғылымды дамыту. Ал саясатпен саяси партиялар шұғылдансын. Ол үшін партияларды бәсеке алаңына еркін жіберу керек. Ал бәсеке болған жерде нәтиже болады. Егер, бәсекеге қабілетсіз бір-екі партияны қолдан жасап шығарып отырсақ, олардан халыққа пайда келмейді. Одан кейінгі кемшілігіміз – білім ғылым саласына деген бойкүйездігіміз. Өкінішке қарай, біздің ғалымдарға мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінбей келеді. Өйткені, ғалымдардың жалақысы аз, тұрақты баспаналары жоқ. Аз жалақымен мықты ғылым жасалмайды. Егер, тұрмыстық жағдайлары төмен болса, қай кезде іссапарға шығады? Қай кезде ғылыми жұмыспен айналысады? Ал біздегі ғылыми адамдардың басты мәселесі күнкөріс болып кетті. Мұндай жағдайда әлемдік ғылым бәсекесінен шет қалып қоямыз. Сол секілді білім саласында да кемшіліктер бар. Ешкімге пайдасы жоқ, түсініксіз реформалар көбейді. Ауылдық жердегі кәсіптік училищелер жабылып қалды. Соның кесірінен жұмысшы маман дайындау жағынан ақсап келеміз. Білім саласының осы кетігін толтыруымыз керек. 
Мемлекет басшысы өз Жолда-уында «Қазақ тілін ұлтаралық қатынас тілі деңгейіне көтеруіміз керек» деді. Міне, осы ұсынысты 30 жылдық қарсаңында іске асыра бастасақ, ұрпақтың игілігі жолында атқарған ең үлкен шаруамыз осы болар еді. Рухани жетістік дегеніміз – осы. Президент айтты ма, орындау – міндет. Осы ретте, Еуропадан үлгі алуымыз керек. Мысалы, немістер, француздар ағылшынша сөйлегенді ұнатпайды. Қандай жиын болса да, өз тілдерінде аударма жасауды талап етеді. Өздеріңіз білесіздер, қазір әлі күнге дейін қазақ балалары орыс мектептерінде оқиды. Қазақша сөйлегісі келмейтін отбасылар да баршылық. Билікте отырғандардың ішінде де бар. Бұларды тазалау қажет. Жалпы айтқанда, қазақ болып өмір сүрсек, Тәуелсіздік қалады. Сондықтан, ең басты ұстаным – қазақтану, толық қазақ болуымыз керек. Қазақ болып өмір сүрсек, әлемді де солай қабылдасақ, біз Тәуелсіздікті жоғалтпаймыз.
  
Жазып алған –
 Тілеуберді САХАБА.


Количество показов: 81

Возврат к списку

Раздел не найден.