Екпе алмағандар жұмысқа кіргізілмейді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Екпе алмағандар жұмысқа кіргізілмейді 09.09.2021

Екпе алмағандар жұмысқа кіргізілмейді

Осы аптаның басынан коронавирусқа қарсы вакцина алмаған қазақстандықтар жұмыс орнына жіберілмейтін болды. Мұндай шешімді еліміздің бас санитарлық дәрігері қабылдады. Қаулыға сәйкес, КВИ-ге қарсы екпе салдырмағандар штаттық режимде жұмыс істей алмайды. Олар қашықтан жұмыс атқаруы тиіс. Егер кеңседе отырғысы келсе, апта сайын ПТР-сараптамасын тапсыруға міндеттелді. Жаңа қаулы бойынша облыста қандай жұмыстар жүргізіледі?  Осы орайда, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиевпен тілдескен болатынбыз.

- Батырбек Төлеубекұлы, еліміздің бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы өз күшіне енгенін білеміз. Оған сәйкес, облыста қандай мекеме қызметкерлері қашықтан жұмыс  істеп, ПТР-сараптамасын тапсыруға міндеттелді?

- 6 қыркүйектен бастап КВИ-ге қарсы екпе алмағандар қашықтан жұмыс істеуге міндеттелді. Мұндай мекеме қатарында базарлар, сауда үйлері, дүкендер, мәдениет нысандары, қонақүйлер, әуежайлар, теміржол, автомобиль және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, білім беру нысандары, түзету орталықтары, қоғамдық тамақтану орындар, тамақ жеткізу қызметі, қарттар, мүгедектер және сәбилер үйі,  денсаулық сақтау ұйымдары, компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, байланыс және телекоммуникация нысандары бар. Яғни, осы мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлер екпе алуға міндетті. Ал вакцина салдырмаған адамдарды басшылық тарап қашықтан жұмыс істетуі тиіс. Бұл тізімге арнайы медициналық анықтамасы бар адамдар кірмейді. Ал халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, жарнама агенттіктері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары, монша, сауна, бассейн, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, нотариус, косметологиялық қызметтерді көрсету орталықтың екпе салдырмаған мамандары апта сайын ПТР-сараптамасын тапсыруға міндеттелді. Облыста аталған мекеме басшылары осы  талапқа бағынуы тиіс. Олар екпе алмаған қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруы тиіс. Алдағы уақытта жоғарыдағы мекемелерді мониторинг топтары аралап, тексеретін болады.

- Екпенің алғашқы компонентін ғана алған тұрғындар мен жүкті және бала емізетін, денсаулығында екпеге қарсы көрсетілімдер бар адамдардың жұмысқа келуіне шектеу қойылмай ма?

- Жоқ. Вакцинаның алғашқы дозасын қабылдаған адам базада автоматты түрде  жасыл түспен белгіленеді. Егер  екінші екпені алу уақыты асып кетсе, мәртебесі жоғалады. Ал жұмысқа бірінші компонентті алған кезде берілген анықтаманы әкелсе болады. Ал жүктілікке, бала емізуге, денсаулығына байланысты медициналық анықтамасы бар адамдар сол қағаз арқылы жұмысқа барады. Олардан апта сайын ПТР-сараптама талап етілмейді.

- Ешбір себепсіз екпе алмаған қызметкерлерді басшылық тарап жұмыстан шығара ала ма?

- Қаулыда айтылған мекемелердің қызметкерлері ешбір себепсіз екпе алмаса, оларға әкімшілік жаза қарастырылады. Бірақ басшылық тарап вакцина салдырмаған маманды жұмыстан шығара алмайды.  Оның үйден жұмыс істеуіне жағдай жасауы керек.

- Қазіргі уақытта өңір тұрғын-дарының екпе алу қарқыны қандай деңгейде?

- Өткен айлармен салыстырғанда вакцина салдырушылардың саны азайды. Облыста алғашқы дозаны 281 мыңнан астам адам алса, екінші компонентті 250 мыңнан астам адам қабылдады. Шілде айында халықтың белсенділігі жоғары еді. Тамыз айының ортасында екпе алушылардың саны азайды. Халық  коронавирустан екпе алу арқылы құтылатынымызды түсіну керек.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан - Айдана ҚУАНЫШЕВА.


Количество показов: 282

Возврат к списку