Екпе салу - ерікті шара

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

02.03.2021

Екпе салу - ерікті шара

Аймағымызда коронавирусқа қарсы вакциналаудың бесінші аптасы басталды. Қазір екпе алған 1200 дәрігер препараттың екінші дозасын салдыруда. 

Аурудан сақтануға арналған ресейлік «Спутник-V» вакцинасы Қарағанды қаласындағы фармацевтикалық компанияның базасында жасалғанын атап өту керек. Екі мәрте екпе алған ақ желеңділердің жағдайымен танысқан болатынбыз. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазиновтың айтуынша, қазіргі уақытта 600-ге жуық дәрігер вакцина алған. 

- Алғашқы екпені 1 ақпанда алдым. Арада 21 күн өткеннен кейін, екінші дозаны қабылдадым. Қан қысымым, дене қызуым көтерілген жоқ. Жағдайым жақсы. Жағымсыз әсерлер болған жоқ. Иммунитет қалыптасқан соң, ағзам коронавирусқа қарсы тұра алады деген сенімдемін. Екінші доза субстанция ретінде келіп, Қарағанды қаласындағы фармацевтикалық компанияның базасында өндірілді. Яғни, алғашқы «Спутник-V» вакцинасы толығымен Ресейде жасалды. Ал екінші дозаның құрамы Ресейде жасалып, Қарағанды қаласындағы арнайы кәсіпорында шыны құтышаларға құйылған. Келесі кезеңде мұғалімдер, кейін күштік құрылымдар екпе алатын болады. Егер артық вакцина қалып жатса, екпе алғысы келетін өзге адамдарға да салатын боламыз. Бұл ретте екпе кабинеттері дайын, - дейді А.Сейітқазинов. 

Екінші дозаны алғандардың қатарында Тереңкөл аудандық аурухананың аға медбикесі Гүлбақыт Бүркітбаева да бар. Ол вакцинадан кейін өзін жақсы сезінгенін айтты. 
- Дәрігерлер қауымы өз еріктерімен екпе алуда. Коронавируспен күресу үшін өңір тұрғындарына дұрыс шешім қабылдау керектігін айтқым келеді. Жаппай иммунитет қалыптасқанда ғана біз індетті толық жеңіп шығамыз. Екпе алған дәрігерлердің жағдайы жақсы. Бастысы, алдағы уақытта өз өміріміз үшін қорықпайтын боламыз, - дейді аға медбике.

Шарбақты аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлайна Қойбағарова ауданға 10 препарат жеткізілгенін баяндады. Барлық дәрігердің жағдайы қалыпты. Ешқайсысында жағымсыз әсер болмаған. 
- Облыс орталығынан тасымалданған вакцина ережеге сай жеткізілді. Екпе алған ақ желеңділер өздерін жақсы сезінеді. Оның ішінде өзім де бармын. Бұдан кейінгі вакциналау науқаны кезең-кезеңімен талапқа сай жүргізілетін болады. Екпе алу – ерікті түрде өткізілетінін еске салғым келеді, - дейді Г.Қойбағарова.
Елімізде жаппай егу басталғанда вакцинаға қарсы көрсетілімдері болмаса тек 18-65 жас аралығындағы адамдарға егіледі делінген еді. Енді 65 жастан асқан адамдарға да вакцина салынбақ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Екпе кезінде зейнеткерлердің денсаулық жағдайы қатаң ескеріледі. Яғни, олардың медициналық қарсы көрсетілімдері, бойында созылмалы аурулардың, аллергиялық реакциялардың бар-жоқтығы назарға алынбақ. 

Айтып өтейік, өткен аптаның соңында өңірімізге коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші партиясы жеткізілді. Кеше «Спутник-V» препараттары емханаларға таратылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, вакцинаның 4050 дозасы бірінші компонентке жатса, 2850 доза екінші мәрте егуге арналған. Препараттар Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың қоймасына орналастырылған.

Кеше аймағымызда мұғалімдер қауымы да корона-вирусқа қарсы екпе ала бастады. Вакцинаны алғашқы болып облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы салдырды. Өңірде COVID-19-ға қарсы екпені қабылдауға 1140 педагог келісім берген.

Айдана ҚУАНЫШЕВА


Количество показов: 67

Возврат к списку