Экспорттық әлеует артты

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Экспорттық әлеует артты 06.04.2021

Экспорттық әлеует артты

«Made in Kazakhstan» заттаңбасымен өндірілетін павлодарлық өнімдер әлемдік нарықта сұранысқа ие. Әсіресе, алпауыт мемлекеттер – Қытай мен Ресей, көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан қазақстандық тауарларды алуға асық. Өңірімізде шығарылатын теміржол бөлшектері, электр желілері, алюминий дискілері, микросфера сынды өндірістік тауарлардан бастап жартылай дайын өнімдерге дейін әлемдік нарыққа жөнелтіледі. Өзгенің нарығынан ойып тұрып орын алған компаниялардың шығындары мемлекет тарапынан өтеледі.

Әлемдік нарықта сұраныс бар

Павлодар облысындағы шаруалардың басын біріктіретін «Ертіс Агро» ауылшаруашылық-кәсіпкерлік кооперативі - тауарды тұрақты түрде экспорттайтын павлодарлық компаниялардың бірі. Соңғы бірнеше жылда ауыл шаруашылық өнімдерін көршілес мемлекеттердің нарығына жеткізу ісін оң жолға қойды. Айталық, былтыр аталмыш кооператив Қытайға 1 мың тонна өнім жөнелтті. Ал таяуда Аспанасты еліне күнбағыс, жүгері, бидай, соя сынды дақылдарды сатылымға шығаруға рұқсат беретін құжатты рәсімдеді. Демек, Қытай нарығы өңірімізде өсірілетін аталмыш өсімдіктер үшін есігін айқара ашады. «Ертіс Агро» АКК төрағасының орынбасары Тимур Аспановтың айтуынша, алдағы уақытта экспорттық әлеуетті одан әрі арттыру жоспарда бар.
- Шыны керек, өткен жылы пандемияның салдарынан көршілес мемлекеттің нарығына тауар тасымалдауда бірқатар қиындықтар туындады. Қытайлық тараптың талаптарына байланысты астық тиелген контейнерлер шекараларда біраз уақыт тұрып қалды. Сондықтан тәуекелге бармай, ішкі нарықты қамтуға басымдық бердік. Ал биыл көліктік логистикаға қатысты кедергілер кездесе қоймас деген үміттеміз. Мәселе реттелсе, кооперативте өңделетін өнімдердің тең жартысын экспорттау жоспарда бар. Бүгінгі күні экспорттық үлес 50 пайыздан төмен болып отыр, - дейді Т.Аспанов. Бұл ретте «Ертіс Агро» басшылығы тауарларды сыртқа жеткізуде мемлекет тарапынан зор қолдау барын алға тартты. Мәселен, былтыр аталмыш кооперативтің тасымал қызметіне жұмсаған шығындарының тең жартысы қазына қаржысының есебінен өтелді. Сонымен қатар, павлодарлық кооператив әлем-дегі ең ірі В2В алаңдардың бірі - Alibaba.com
сайтында «Алтын жеткізуші» мәртебесін алды. Бұл алаң әлемнің экспорттаушылары мен импорттаушыларына бизнес-ақпараттармен алмасып, келісімшарт жасауға ықпал етеді.
- Alibaba.com сайтының басшылығы тауар жеткізушімен айналысатын алдыңғы қатарлы компанияларға аккаунт ашады. Қандай да бір әлемдік кәсіпорын аталмыш сайт арқылы өніммен қамтушы серіктесті іздеген кезде бұл туралы ақпарат «Алтын жеткізуші» мәртебесі бар кәсіпорындардың электронды поштасына бірден түседі. Сол хаттың негізінде сатушылар мен сатып алушылар бір-бірін тауып, келіссөздер жүргізіп, өзара байланыс орнатып жатады. Яғни, «Алтын жеткізуші» мәртебесінің берілуі өзгелерден бір қадам алға жүріп, тиімді келісімдер жасауға оң ықпал ете алады, - дейді Т.Аспанов. Айта кетелік, былтыр ел көлемінде тек 50 компания халықаралық платформадан орын иеленген еді. Олардың қатарында жоғарыда аталған «Ертіс Агро» ауылшаруашылық-кәсіпкерлік кооперативінен бөлек, «ТПК «Тонар», «Завод МВИ», «RTF ACTICA» сынды жергілікті кәсіпорындар бар. «Алтын жеткізуші» мәртебесін алған бұл тауар өндірушілер үшін шағын сайттар ашылып, онлайн түрде оқыту вебинарлары өтіп, Alibaba.com алаңында тауарды сатудың тетіктері жан-жақты түсіндірілді. Бүгінде павлодарлық төрт компанияның барлығы осы жүйенің жемісін көріп, экспорттық әлеуетін біршама арттырды.

экономика 1.jpg

Шығынды мемлекет өтейді

Мемлекеттік қолдауға ие болған павло-дарлық экспорттаушылардың қатары мұнымен шектелмейді. Мәселен елімізде тігісі жоқ болат құбырларды шығаратын жалғыз зауыт - «KSP Steel» ЖШС 2018 жылдан бастап құбырларды шетелдіктерге сатады. Осы уақыт аралығында ресейлік серіктестеріне жалпы құны 13 млрд теңге болатын тауарды жеткізді. Сондай-ақ, «Kazakh Export» экспорттық сақтандыру компаниясы соңғы екі жылда павлодарлық кәсіпорынға шамамен 19 млрд теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетті. «Format Mach Company» ЖШС де – Ресей нарығын тұрақты түрде өніммен қамтушы-лардың бірі. Вагон құймаларын шығаратын Қазақстандағы бірден-бір кәсіпорынның тауары шетелдік құзырлы органдардың тексерісінен өтіп, тиісті сертификаттарға ие болған. «Kazakh Export» аталмыш кәсіпорын «Қазақстан Даму банкі» АҚ-нан алған 1 млрд теңге көлеміндегі несиені сақтандырды. Сол сияқты «RTF PVL», «Gissenhaus», «УПНК-ПВ» компаниялары, сүт, ет және жартылай дайын өнімдерді өндіретін «Молком», «Рубиком», «Айсберг-ПВ» кәсіпорындары Ресей, Қытай, Беларусь, Өзбекстанға «Қазақстанда жасалған» тауарларды жүйелі түрде жөнелтеді. Облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Сағыныш Нұрқымбаевтың айтуынша, өткен жылы павлодарлық 23 компания тарапынан экспорттық шығындарды өтеуге қатысты 77 өтініш түсті. Соның ішінде 16 кәсіпорынның 30 өтініші мақұлданды. «Казэнергокабель», «Проммашкомплект», «Металлогамма», «R.W.S. BINDING», «Giessenhaus», «Айсберг ПВ», «Царская Каша KZ» және тағы басқа экспорттаушыларға барлығы 183 млн теңге төленді.
- Отандық экспорттаушыларды қолдау мақсатында жан-жақты жұмыс жүргізіледі. Бұл бағытта «QazIndustry», «Kazakh Export», «QazTrade» және «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» институттарымен бірлескен істер атқарылады. Мәселен, «Business Ertis» бағдарламасының аясында «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ басшысы Азамат Асқарұлы мен «Kazakh Export» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ өкілдері өңірімізге арнайы келіп, кәсіпкерлермен жүздесіп, экспортқа қатысты мәселелерді талқылады. Көлік шығындары, тауарларды сақтандыруға қатысты тақырыптар бойынша вебинарлар ұйымдастырылады, - дейді С.Нұрқымбаев. «Kazakh Export» АҚ өкілі Алмаз Берікқалиұлының айтуынша, экспортқа өнім шығаратын отандық кәсіпорындардың келісімшарттары мемлекет тарапынан сақтандырылады. Яғни, тауар ақысын төлеуге қатысты қиындықтар туындаса, олардың барлығы аталмыш компания тарапынан өтеледі.
- Әлемдік сауда нарығында сан түрлі жағдай болуы мүмкін. Қазақстандық компаниялардан тауар алатын шетелдік серіктестер кей кездері тиісті төлемді уақытылы жасай алмай жатады. Сондай кездерде өзге елдің кәсіпорындары беруі тиіс соманы «Kazakh Export» өтейді. Осылайша, ел билігі экспорттаушылардың қаржылық қиындыққа тап болмауы үшін жағдай жасап отыр. Сонымен қатар, отандық кәсіпкерлер шетелдіктермен келісімдер жасамас бұрын серіктестерінің мүмкіндіктері, әлеуеті, жұмыс жоспарына қатысты талдау жасап, біздің компанияларға ұсына аламыз. Олар соның негізінде келісім жасауға қатысты нақты шешім қабылдай алады. Егер халықаралық сауданың тәуекелді тұсы көп болса, бас тартуына болады, - дейді А.Берікқалиұлы.
Ал «Qaz Trade» АҚ бас директоры Азамат Асқарұлы экспорттаушылардың шығындарын өтеу мәселесін тілге тиек етті. Басқасын былай қойғанда, қазақстандық тауарды сырттағы бұқаралық ақпарат құралдарында жария-лау, отандық кәсіпкерлердің халықаралық көрмелерге қатысуы сияқты шығындардың өзін мемлекет өтейді.
- Өзге елдердің нарығында саудасын дөңгелетіп отырған кәсіпорындар тауарды көліктің қай түрімен жеткізсе де жол шығындарының басым бөлігін мемлекет төлейді. Яғни, бұл мақсатқа 75 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде қолдау қаржы қарастырылған. Бұл дегеніңіз – 220 млн теңге. Сол сияқты маркетингтік бағыттардың шығындары ескеріледі. Айталық, павлодарлық кәсіпкерлер көршілес Ресей елінің облыстарындағы халықаралық көрмеге, ресми кездесулерге қатысса, сапарға жұмсалған шығынның бір бөлігі өтеледі. Себебі осындай шаралардың нәтижесінде экспорттық үлес артуы әбден мүмкін. Сондықтан мемлекет тарапынан 13 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржы қарастырылады, - дейді А.Асқарұлы. Айта кетелік, экспорттық шығындарды өтеу бойынша өтініштерді қабылдаудың алғашқы легі маусым айына дейін жалғасады. Осы уақытқа дейін кәсіпкерлер www.export.gov.kz сайты арқылы өтініш бере алады. Сұрақтар туындаған жағдайда «экспорт АО «Qaz Trade» телеграм-каналына жазуға немесе 8 (7172) 76-85-88, 76-85-11 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.

Байқағанымыздай, отандық өнімнің сан алуан түрін әлемдік нарыққа шығаруға мол мүмкіндік бар. Осы мақсатта қаржылай әрі қаржылай емес қолдау көрсетіледі. Ендігі ретте жергілікті кәсіпорындар сол тетіктерді тиімді пайдалана алса болғаны. Тек өзгенің көсегесін көгертеміз деп өзімізді ұмыт қалдырмаған абзал.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Количество показов: 111

Возврат к списку