Экспорттық шығындар өтеледі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Құрметті жерлестер! Аса қадірлі ардагерлер!
08.05.2021

Сарыарқа самалы, 8 мамыр, сенбі
08.05.2021

«Анажан, сізді сағындым»
08.05.2021

Ақ батаның қасиеті
08.05.2021

Әке ерлігі ұмытылмайды
08.05.2021

Батыр Қанаш ескерткіші алдында
08.05.2021

Әскер - Отан қорғаны
08.05.2021

Алғашқы сынақ
08.05.2021

Даңқты майдангер
08.05.2021

Түсіндіру жұмысын күшейту қажет
08.05.2021

«Еңбек» ұлттық жобаға айналмақ
08.05.2021

Жоңышқа – экспорттық жоба
08.05.2021

Сапалы тұқым - қолжетімді
08.05.2021

Ауылдың мұңы – ауызсу
08.05.2021

Ердің даңқы – елге мақтан
08.05.2021

Дербиде кім мықты?
06.05.2021

Қымыз баптайтын неміс қызы
06.05.2021

«Тәртіпке бағынайық!»
06.05.2021

Рухани жаңғыру өзегі
06.05.2021

Шыбын-шіркейге тосқауыл қандай?
06.05.2021

Елдік пен ерлік рухы
06.05.2021

«Сақалды» құрылыстан құтыламыз ба?
06.05.2021

МИБ: Қолыңды мезгілінен кеш сермеме!
06.05.2021

Бағаланбай қалған батырлар
06.05.2021

Тату елге бақ қонады
06.05.2021

Құрметті жерлестер! Құрметті Отан қорғаушылар!
06.05.2021

«Қара және ақ»
06.05.2021

Шындық пен өтірік
06.05.2021

Арманына асыққан Асығат
06.05.2021

Шекара шебін күзетіп...
06.05.2021

Әскерден хат
06.05.2021

Жүректілік - жігіттің қасиеті
06.05.2021

Біздің Нұртөре аға
06.05.2021

Вакциналау қарқын алды
06.05.2021

Сапалы жұмыс – мердігерге абырой
06.05.2021

Мереке күндері есігі ашық
06.05.2021

Ерлік – елге мұра...
06.05.2021

Сарыарқа самалы, 6 мамыр, бейсенбі
06.05.2021

Басшы ауысты
01.05.2021

Қадірлі жерлестер!
01.05.2021

Ұлы Абайды өз тілінде ұғынсам деймін...
01.05.2021

Тіліміз қазақша шықты
01.05.2021

Жақсылық жасау ұлтқа бөлінбейді
01.05.2021

Ерлік даңқы - мәңгілік
01.05.2021

Бір тағдыр. Бір мүдде
01.05.2021

«ASHYQ»: бизнеске жол ашып тұр
01.05.2021

Бес жылдан күтер белес көп
01.05.2021

Карантин күшейеді
01.05.2021

Кешендер саны артуда
01.05.2021

Арнайы трамвай жолға шықты
01.05.2021

Сарыарқа самалы, 1 мамыр, сенбі
01.05.2021

Төте сауал қойыңыз!
29.04.2021

Туған елдің сәлемі
29.04.2021

Ерболат ерледі
29.04.2021

Төл спортымыз төрге озды
29.04.2021

«Шәмшінің әндері жаныма жақын»
29.04.2021

Тәуелсіздік көшелері
29.04.2021

Ауылға бет бұрды
29.04.2021

Бизнеске нарықты талдап береміз
29.04.2021

Қоныс аударушыларға берілді
29.04.2021

Экспорттық шығындар өтеледі 20.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі

Өткен жылы пандемияға байланысты шет елдермен алыс-беріс азайды. Карантиндік шектеулер тауарларды экспортқа шығаруға, өнімдерді тапсырыс берушілерге жеткізуге айтарлықтай салқынын тигізді. Бұл ретте шағын және орта бизнес өкілдеріне көлік, маркетинг бойынша шығындарды өтеу, сақтандыру бойынша қомақты қаржылай қолдау көрсетіледі. Өкінішке қарай, мұндай мүмкіндік туралы кәсіпкерлердің барлығы бірдей біле бермейді. 

Сондықтан «Business Ertis» бағдарламасының аясында экспортқа қатысты мәселелермен тікелей айналысатын екі компания – «Qaz Trade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен «Kazakh Export» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ өкілдері өңірімізге арнайы келіп, кәсіпорындарға барып, бизнес өкілдерімен тілдесті. Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен жиынға ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев онлайн режимде қосылды. 
business 2.JPG


- Былтыр пандемияға байланысты тауарларды тасымалдау, шетелдік серіктестермен байланыс орнату бағытында қиындықтар болғаны баршаға белгілі. Соған қарамастан, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек үзілген жоқ. Мәселен, былтыр шикізаттық емес өнімдерді экспортқа шығару үшін 15 қолдау шарасы қолға алынып, сақтандыруға 134 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді, - деп атап өтті вице-министр. 
«Qaz Trade» АҚ бас директоры Азамат Асқарұлы әлемдік нарықта шикізаттық емес тауарларға сұраныс зор екеніне тоқталды. Мәселен, былтыр шикізаттың тауарлар экспорты 19 пайызға азайса, шикізаттық емес тауарларға деген сұраныс тек 2,7 пайызға төмендеді. Әсіресе, тамақ, мұнай және көлік өнімдеріне сұраныс жоғары болып тұр. Өткен жылы Қытайға 35 түрлі тамақ өнімі жеткізілсе, биыл оның көлемін 100-ден асыру жоспарланып отыр. 
- Шетелдік нарықтан орын алу үшін электрондық коммерцияға көшкен дұрыс. Ол үшін Alibaba.com халықаралық платформасы жұмыс істейді. Мұнда павлодарлық «Ертіс Агро», «ТПК ТОНАР» сынды төрт компания кәсібін дөңгелетіп отыр. Бастысы, сыртқа тауар жөнелткен шағын және орта бизнестің шығын-дарын мемлекет көтереді. Атап айтқанда, көлік-логистикалық шығын-дарға 75 мың АЕК, бұл дегеніңіз – 
220 млн. теңге және көрмелерге бару, кездесулер ұйымдастыру сынды маркетингтік бағыттардағы сапарлардың шығындарын өтеуге 
13 мың АЕК көлемінде қаражат беріледі. Өтініштерді қабылдаудың алғашқы легі маусымға дейін жалғасады. Шілде айында екінші лек басталуы мүмкін. Жыл соңына дейін шығындарды өтеуге қатысты өтініштерді қабылдау ісі толығымен электронды форматқа көшеді, -  деді А.Асқарұлы. 
«Kazakh Export» АҚ өкілі Алмаз Берікқалиұлының айтуынша, экспортқа өнім шығаратын отандық кәсіпорындардың келісімшарттары мемлекет тарапынан сақтандырылады. Яғни, шетелдік серіктестерге қатысты ақпараттарды тексеріп, тәуекелдердің алдын алады. 
- Егер шетелдік тапсырыс берушілер қандай да бір себептерге байланысты біздің компанияларға қаржыны уақытылы төлей алмаса, өзге елдің кәсіпорындары беруі тиіс соманы  «Kazakh Export» АҚ өтейді. Демек, отандық экспорттаушылар бұл мәселеге алаңдамаса болады, - 
деді А.Берікқалиұлы. 
Десе де, павлодарлық кәсіпорындар алаңдайтын мәселелер бар екен. Жиынға қатысқан жергілікті бизнес өкілдері көкейде жүрген бірқатар күрмеулі мәселені ортаға салды. Олардың басым бөлігі тауарларды тасымалдауға тікелей қатысты. 
Мысалы, «УПНК-ПВ» ЖШС өкілі Дамир Бейсембаев қыздырылған мұнай коксы тиелген вагондар былтырдан бері қытайлық тапсырыс берушілерге жетпей жатқанын айтты. «Қазақстан темір жолы» АҚ павлодарлық зауытқа өнімді қайтарып бермекші көрінеді. Бірақ «УПНК-ПВ» ЖШС қоймаларының барлығы бос емес. Сол сияқты «Арго» фирмасы астықты Қытайға жеткізуде қиындыққа тап болып отыр. Фирма басшысы Олег Литвиненконың сөзінше, тапсырыс берушілер өнімді контейнерлермен жеткізуді талап етіп отыр. Ал темір жол компаниясының оған мүмкіндігі жоқ көрінеді. 
Бұл мәселелерге қатысты «Қазақстан темір жолы» - Жүк тасымалы» ЖШС Павлодар бөлімі директорының орынбасары Дәурен Мигунов жауап берді. Оның айтуынша, астықты контейнерлермен жеткізуде еш қиындық жоқ. Ал қыздырылған мұнай коксын биг-бэгтерге салуға болады. Қытайлық тарап арнайы қаптарға салынған өнімдерді қабылдауға ғана құлықты. «Бозшакөл», «Қазақстан алюминийі» зауыттары осы жолға көшкен көрінеді. 
Ал «KSP Steel» кәсіпорнының өкілдері CT-KZ серфтикаттарын, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды құзырлы органдардан алуға көп уақыттың жұмсалатынын алға тартты. Соның салдарынан тауар тиелген жүк көліктері бірнеше күн тұрып, шығын келтіретінге ұқсайды. Сондықтан мұндай құжаттарды 24/7 форматта жұмыс істейтін цифрлық платформаға ауыстыруды сұрады. Кәсіпкерлердің айтуынша, экспорттаушы карталарын цифрлық форматқа ауыстыратын да кез келді. «Айсберг-ПВ» ЖШС басшысы Михаил Желнов өтелетін шығындар тізіміне қаптамаға кететін соманы қосуды сұрады. «Ақжар-Өндіріс» шаруашылығының басшысы Гүлзира Қазылова көрмелерге қатысу шығындары кей кездері өтелмейтінін атап өтті. Себебі олар өнімдерді сатып алушылардың емес, көрмені ұйымдастырушылардың шақыртуы бойынша шекараның арғы жағына алып өтеді.
Меймандар бұл мәселелердің барлығын назарға алуға уәде берді. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов «Business Ertis» бағдарламасының аясында мұндай келелі кездесулер басқа бағыттарға жауапты ірі компания өкілдерімен тұрақты түрде жүргізілетінін айтты. 

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА


Количество показов: 181

Возврат к списку