Ел мүддесі бәрінен жоғары

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Табыстың көзі - асыл түлік
02.03.2021

Бензин қымбаттады
02.03.2021

Шаңғышылар «шайқасы»
02.03.2021

Спорт музейі ашылды
02.03.2021

Ұлттық өнер белесі
02.03.2021

Көптен күткен қауышу
02.03.2021

Тікұшақпен тапты
02.03.2021

986 топ ашылды
02.03.2021

Қоғамға пайдалы болуы тиіс
02.03.2021

Екпе салу - ерікті шара
02.03.2021

Сүт неге арзандады?
02.03.2021

Сарыарқа самалы, 2 наурыз, сейсенбі
02.03.2021

Ұстаз парасаты
01.03.2021

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары

Қарап отырсақ, Президент айналасы бір айдың ішінде ел алдына 2 мәрте ұлағатты сөздер айтып шығыпты.  Байыптап ойланған жанға мұндағы мәселелердің өзектілігі, бастысы бұрыннан бері ел тұлғалары арасында жиі көтерілген жайттар  екені бірден анық сезіледі. Мәселен, Президенттің бір ғана: «Тұрғындардың тұрмысын жақсарта түспесек, еліміздің жетістіктері мен халықаралық табыстарын мақтан ету артық. Азаматтарымыз экономикалық өсімнің игілігін сезіне алмаса, одан еш қайыр жоқ. Мен әрбір шешімді қабылдар сәтте осы ұстанымды басшылыққа аламын. Біз халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар, барлық азаматтардың мүддесін бірдей қорғаймыз. Менің ұғымымдағы әділетті мемлекет дегеніміз – осы» деуі біраз ойға қалдырады.
Шынында, кез келген мемле-кеттің мықтылығы оның халқының әл-ауқатымен танылады. Егер сырт көзге - шет мемлекеттерге дәулетті көрініп, іс жүзінде тірлігіміз жұтаң болса, одан халқымыз ұтып кетпейді. 
Рас, бұған дейінгі 30 жылда жеке мемлекет ретінде қол жеткізген табыстарымыз ұлан-ғайыр. Соның ішінде Ресеймен арадағы, құрлықтағы ең ұзын саналатын шекараны шегендеп алуымыз  - үлкен белес. Президент айтқандай, делимитация, демаркация деген ұғым бізде бұрын болған емес. Байыппен  келісе отырып, дипломатиялық жолмен осылардың барлығын шешіп алдық. Шығыстағы Қытаймен де солай. 
Ендігі жерде шекарамызға көз алартып, көршілес елдер арасында шекаралық мәселелерге орай кері пікір айтып, қатынасқа сына қаққысы келетіндер табылып қалуда. Бірақ ешкім енді шекарамызға байланысты дау айта алмайды. «Тарихы жоқ мемлекет» деп шолақ ойлайтындарға Президент тарихты оқуға кеңес берді. Бұл алқапта әрісі Ғұн сарбаздары қылышын жарқыратқан, берісі Алтынорда империясы тұлпарларының тұяқтарымен дүбірлеткен. Біздің тарихымызды 1936 және 1991 жылдан бастағысы келетіндерге жауап осы. «Аумақтық тұтастығымызға күмән келтіріп, тату көршілік қатынастарға сына қаққысы келетін кейбір шетел азаматтарының арандатушылық іс-әрекеттеріне ресми және қоғамдық деңгейде тойтарыс бере отырып, ағартушылық жұмыстарын ұстамдылықпен жүргізген жөн. Біз ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғауға дайын болуымыз қажеттігін тағы да баса айтқым келеді», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Президент шетел тілдеріне аударылған Қазақстан қысқаша тарихын жазу туралы тапсырма берді. Біздің жерімізде ұлы мемлекеттер болғанын сыртқа осылай әйгілеуіміз керек.  
Ал Алашорда үкіметінің идеясы - 
біздің ұлттық ұстанымымыз. Кезінде Әлихан Бөкейханов,  Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов,  Міржақып Дулатовтар көрсеткен халықтың мүддесіне қызмет ету үлгісі қалыптасты.
Президенттің ойынша, олардың ұлы халқымызға қызмет ету, Отанды сүю идеяларын қазіргі жастарымыз санасына сіңіруі керек. Бұған дейін «Мәдени мұра» бағдарламасы арқылы көптеген істер, тың зерттеулер атқарылды. Олардың игілігін тек ғылым саласы мамандары емес, қарапаймы халық көруге тиіс. Сондықтан өскелең ұрпаққа үлгі болатын, рух беретін ұлттық кинолар, тарихи фильмдер түсірілуі керек. Әйтпесе біздің кейде даңғазаға салынып, ірі жобалармен айналысып кететініміз бар.
«Бүгінде әлемдік киноиндуст-рияда тарих тақырыбындағы сценарийлерге сұраныс жоғары. Американың да, Еуропаның да айтулы оқиғалары туралы фильм-
дер өте көп. Қазір Netfliх, HBO және басқа да алпауыт кинокомпаниялар Азияға бет бұруда. Осы орайда біздің де шежіремізде ауқымды фильмдерге арқау болатын маңызды белестер мен оқиғалар баршылық. Мысалы, әлемдегі ең қуатты империялардың бірі болған Алтын Орда тарихы дайын тұрған жоқ па?! Бұл мәселеге болашақта кино саласының мамандары баса назар аударғаны жөн», деді Қ.Тоқаев.
Шынында, көркем және деректі тарихи туындыларда мемле-кеттілік және мемлекетшілдік идеясы әрдайым көрініс табуы қажет. Біз кезінде елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен Алаш қайраткерлерінен тағылым аламыз. Олар өткен ғасырдың басында тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеуге зор еңбек сіңіріп, азаттық жолында құрбан болды.
Қазіргі кезде өскелең ұрпаққа осы елдігімізге ие болу міндеті қойылып отыр. Бұл – жалаң патриотизм емес. Кейбіреулер қазақ тілінің мәртебесін, жерді шетелдіктерге сату туралы мәселелерді жиі қаузайды. Оның да өз жауапкершілігі бар.
Елді айғайлап сүймейді. Жалаң ұранмен сүймейді. Ондай 
патриоттықтың құны жоқ. Жана-шырлық күнделікті әрекетіңізден байқалуы керек. Өкінішке қарай, соңғы кездері ұлттық мәселелерді айғайлатып, шерумен, алаңға шығумен шешкісі келетіндер табылуда. Бірақ Президент бұрын да ескерткендей, барлығы заң аясында, салмақты түрде шешілуі керек. қазақ қашанда мәселені айғай салып, көшеде емес, алқа құрып, кеңесе отырып шешіп дағдыланған. Елдік мәселелер солай шешіледі.
Қасым-Жомарт Кемелұлы жер мәселесінің байыпты түрде шешілуіне мән берді.
«Жерге байланысты бәріміз айқын білетін және бұлжымайтын ақиқат – қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды. Осыны әр азаматымыз санасына берік сіңіруі қажет», деп айқын айтты.
Бірақ келесі жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына қатысты енгізілген мораторийдің мерзімі аяқталады. Жер туралы айтқанда оны ұлттық мүддеге пайдалануды да ойласып, кеңесу керек. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізіп, халықтың игілігіне жарату – өте маңызды мәселе. Сондықтан, биыл Жер мәселесі жөніндегі комиссияны құрып, соның аясында бір байламға келген жөн.
Яғни, жер туралы айтқанда, оның  игерілмей бос жатуы да ұлттық мақсатымызға кереғар екенін, оның ұлттық экономикаға жұмыс істеуін де ескеруге міндеттіміз. Ендеше, құр шуламай, оны сәтті игерудің тұстарын іздестіруге жауаптымыз. Жер қадірін білу жалаң ұранмен өлшенбейді.
Тағы бір жауапкершілік – табиғатқа жанашырлық таныту. Президент айтқандай, табиғатта серуендеу барысында баламыздың қоқысты арнайы жәшікке лақтыруына өзіміз жауаптымыз. Ондай тәрбие бере алып жатырмыз ба? Әлде ақылы толысқан ағалардың өздері тұзды көлдерді қазып алып, аяусыздықтың үлгісін көрсетіп келе ме? Ойланарлық жайт.
«Қасиетті жеріміздің киесінен қорықпай, жат жұрттың да қолы бармас әрекеттерді жасап отырып, қалайша осы мекеннің иесіміз деп кеуде соға аламыз? Бұл – 
ащы да болса, шындық. Біз жеріміздің шын жанашыр иесі екенімізді нақты іспен көрсетуге тиіспіз. Ол көшеге қоқыс тастамау, көрінген жерге от жақпау сияқты қарапайым нәрселерден бастап, жалпыхалықтық сипаттағы ауқымды экологиялық шаралар арқылы көрініс табуы қажет» деп ойын білдірді Президент. Келіспеске, ойланбасқа бола ма?
Президент өзінің «Тәуелсіздік – 
бәрінен қымбат» атты мақаласын-дағы іргелі ойларды Парламенттің жаңадан сайланған құрамы алдындағы баяндамасында да жетілдіріп айтқанын көрдік. Қасым-Жомарт Кемелұлы қоғамды дамытудағы Парламенттің рөлін күшейтуді, депутаттардан елді толғандыратын мәселелерді ең алдымен сезіне білуді талап етті.
«Азаматтардың наразылығын туғызуы мүмкін даулы мәселелер бойынша тиімді кері байланыс орнату – басты талаптың бірі.   Депутаттар әрдайым қоғам тынысын аңғарып, тамырын дөп баса білгені жөн», деді Мемлекет басшысы. 
Шынында, қоғамдағы барлық өзекті мәселелер, ең алдымен, Парламентте талқылануға тиіс.  
Бір ерекшелік, Президент сайлауда Мәжіліске өтпей қалған партиялардың құрамында өз саласының «жілігін шағып, майын ішкен», біліктілігі жоғары тұлғалардың барын айтып, оларды да ел мүддесіне қызмет етуге тартуды ескертті. Қазақ елі соншалық халқы көп мемлекет емес, арамыздағы кәсіби мамандарды елді іске жұмылдыру идеясы – 
өте құптарлық. Ендігі оның жолын тапса, нұр үстіне нұр. 
Президент жалпы халықтың пікірін ескеру аса маңызды екенін үнемі қайталап келеді. Бұл демократиялық қоғамның өсу үдерісі. Сондықтан тұрғындардың таңдау құқығына, көзқарасын білдіруіне барынша мүмкіндік жасау керек.
«Әлемдік тәжірибеде адамның қандай да бір сайлауға келіспейтінін немесе үміткерлердің бәріне қарсы екенін заңды түрде білдіру құқығы кеңінен қалыптасқан. Шын мәнінде, баламалы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы біз үшін де қалыпты нәрсе болуға тиіс. Сондықтан, барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізген жөн. Бұл бастама азаматтардың сайлау құқығын қорғауға жағдай жасайды. Таңдауы жоқтығын ресми көрсетудің өзі таңдау емес пе?!» деді Мемлекет басшысы Парламенттегі сөзінде.
Бәлкім, әзірге бұл ұсыныстың бізге таңсық болуы ғажап емес. Бірақ қазақ жұртына да бірте-бірте еуропалық деңгейге жетуіне ешкім кедергі болмайды. 
Сол сияқты аудан әкімдерінің сайлауы өтуі дамуымыздағы бір белес болмақ. Бірақ оның бәрі - 
байыптылықпен іске асатын іс. 
«Саяси реформа бір күннің немесе бір жылдың шаруасы емес. Мұны ел іргесін шайқалтпай, береке-бірлігін бұзбай, байыппен және біртіндеп іске асыруымыз керек. Бірақ, реформаны соза беруге де болмайды.  Билік халықтың алдындағы өз жауапкершілігін сезінгені жөн. Жаңа жүйе өзінің тиімділігін көрсетсе, бұдан да жоғары деңгейдегі әкімдерді сайлайтын боламыз», деді 
Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ойды қорытсақ, Президенттің әр сөзі халықтың мүддесіне арналады. Бұл ретте ел иесі, жер иесі ретінде халықтың да иығына артылар  жүктің барын сезінгеніміз абзал.  Әрқайсысының атқаратын қызметі,айналысатын қоғамдық ісі осы бір арнаға тоғысуы ұтымды. Жалаң ұран, айғайлы әрекетпен ұлттық іс атқарылмайды. Ұлттық іс бала тәрбиесінен бастап, әрі қарай ұласады. Ендеше Президент айтқан осы ұлғатты істердің басы-қасынан табылайық. 
Үлес қосайық.  

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ


Количество показов: 83

Возврат к списку