Ел үміті ақталса игі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Ел үміті ақталса игі 27.07.2021

Ел үміті ақталса игі

Қазақстанда тұңғыш рет жаңа форматта ұйымдастырылған ауыл әкімдерінің сайлауы тұрғындардың жоғары белсенділігімен есте қалды. Саяси науқаннан ауыл жұрты үлкен үміт күтіп отыр. Өздері сайлаған əкімдер жергілікті жерлердің ұзақ уақыттан бері қордаланып қалған мəселелерін шешіп берсе, ел бесігі – ауылдың ажары кіріп қалмақ. Ел үміті ақталса игі.

Маңызды қадам

Жаңа үлгідегі ауқымды реформа - ауыл әкімдерін сайлау науқанына дейін атқарушы органдарда да, кандидаттарда да, тіпті тың жобаның маңыздылығын түсінген тұрғындарда да қобалжу басым болғаны рас. Сарапшылардың айтуынша, кез келген жаңа бастамада қателік, жобаға жатсыну болады. Бірақ, бұл реформа дұрыс әрі дер кезінде іске асты. Ұтымды шешім! Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы осылай жүзеге асуы тиіс. Билік пен қоғам арасында нәтижелі диалог басталғаны қуантады. Павлодар облысында 126 сайлау учаскесі жұмыс істеді. 42 ауылдық округ және 2 ауыл әкімі мандаттығына 135 кандидат тіркелді. Ең жас үміткер – 25 жаста, егде тартқаны – 61 жаста. Үміткерлердің орташа жасы 44-ке тең. Кандидаттардың 45-і нәзік жандылар. 76-сы мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүргендер. Төртеуі жұмыссыз. Үміткерлердің мамандығына тоқталсақ, 23-і - экономист, 25-і - заңгер, 49-ы - мұғалімдер, 15-і - инженерлер. Жаңа форматтағы сайлауға сол жердің әкімі болған 31 азамат қайтадан түскенін атап өткен жөн. Облыстық аумақтық сайлау комиссия-сының мүшесі Нұрлан Нәбиевтің мәліме-тінше, сайлау учаскелерінде 146 сенімді тұлға жұмыс істеген. Оның 103-і - саяси партиялардың атынан шыққан үміткерлерден, 43-і - өзін-өзі ұсынғандардан. Бұдан бөлек, барлық саяси партиялардан 150 бақылаушы, түрлі қоғамдық бірлестіктерден 340 бақылаушы қатысқан.

- 25 шілде сағат 22.00-дегі жағдай бойынша облыста дауыс беруге келген-дердің үлесі 76,9 пайызды құрады. Бұл – 40628 адам. Ең белсенділік танытқан аудандардан Тереңкөл (94,5 пайыз), Успен (94 пайыз) және Ақтоғай аудандарын (90 пайыз) атап өтуге болады. Алдағы уақытта сайлаудың қорытындылары шығарылып, 7 күн ішінде аумақтық комиссия сайланған әкімді тіркеп, кейін ол өз өкілеттігіне өтеді. Өкілеттік мерзімі – 4 жыл, - деді Н.Нәбиев. Облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, ауыл әкімдерін сайлау барысында құқық бұзушылық тіркелмеген. Бұл күні 1000-нан астам полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысқан.

Кенжекөлдіктер «кенже» қалды

Бұл күні Кенжекөл ауылының тұрғындары да өз таңдауын жасады. Соңғы жылдары дамудың даңғыл жолына түскен елді мекеннің әкімі болуға 5 кандидат тіркелген болатын. Үміткерлердің үшеуі – саяи партия мүшелері. Ал екеуі өзін-өзі ұсыныпты. Тіркелген кандидаттардың біреуі - әйел, төртеуі ер адамдар екен. Ауылдық округ аумағында 4 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Оның екеуі Кенжекөлде, Байдала мен Долгое ауылдарында бір-бірден орналасты. Сайлаудың барысымен танысу үшін Кенжекөл ауылында орналасқан №50 сайлау учаскесіне ат басын бұрдық. Сайлау учаскесінің төрағасы Самал Қалиеваның айтуынша, сайлауға алғаш-қылардың бірі болып ауыл ақсақалдары келіпті. Тұрғындардың белсенділігі сағат 10.00-ден кейін байқалған.

- Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында барлық санитарлық талаптар сақталған. Әр 3 сағат сайын дезинсекциялық шаралар жүргізілуде. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы орын қарастырылған. Онда Брайль шрифті, үлкейткіш шыны, құлаққап сияқты қажетті заттар бар. Жалпы, сайлау учаскесіне келе алмайтын 20-ға жуық азаматтың үйіне барып, оларға дауыс беру мүмкіндігі ұсынылды, - дейді С.Қалиева. Бақылаушылардың бірі, «Namys-PVL» қоғамдық бірлестігінің өкілі Нұрсалық Нұрпейісовтің айтуынша, сайлау барысында ешқандай заң бұзушылықтар тіркелмеген. Кенжекөл ауылының тұрғыны, зейнеткер Ерғазы Макин сайлауда кім жеңіске жетсе де, ауылдағы басты проблемаларды шешуге белсенді атсалысса деген тілегі бар.

- Бұл ауылға қоныстанғаныма 15 жыл уақыт өтті. Жылдан-жылға гүлденіп келеді. Бұрынғы әкімге өкпеміз жоқ. Жаңа әкімнен үміт көп. Қай әкім келсе де еліне адал еңбек ететін азамат болса деген тілек бар. Тұрғындар үшін маңызды үш мәселені атап өткім келеді. Біріншісі – қоғамдық көлік. Қалаға жалғыз №24 автобус қана қатынайды. Ал жолаушылар ағыны көп. Екіншісі – мобильді байланыс. Бір ғана Вeeline мұнарасы бар. Ауыл шетінде интернет байланысы әлсіз. Үшіншіден, кейбір тұрғындар қаражаттың тапшылығы салдарынан дайын тұрған су құбырын үйге дейін кіргізе алмай отыр. Құбырды үйге өздері тартуы керек екенін түсінемін. Десе де, оңтайлы шешім тауып, мәселе оң шешілсе екен, - дейді зейнеткер. Облыстық аумақтық сайлау комиссия-сының мәліметінше, Кенжекөлде тұрғын-дардың небары 24 пайызы ғана дауыс берген. Бұл – өңірдегі ең төмен көрсеткіштердің бірі.

Тереңкөлдіктер белсенді

Тереңкөл ауданындағы 4 ауылдық округте 8 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Атап айтсақ, Байқоныс, Бобровка, Федоровка, Воскресенка ауылдық округтерінің тұрғындары өз таңдауларын жасады. Байқоныс ауылдық округіне қарасты Қызылтаң ауылының тұрғыны, Тереңкөл ауданының Құрметті азаматы Слямғали Раханов алғашқылардың бірі болып дауыс берді.

- Еліміздің өркендеуі жолында аянбай еңбек етуге бел буған үміткерге дауысымды беріп, өз таңдауымды жасадым. Бұл - ел тарихындағы ерекше оқиға. Ендігі жерде ауылдарды дамытудың кешенді жоспары жүйелі іске асады деген сенімдемін, - деді қария.

Қауіпсіздік сақталды

Ақсу қаласының ауылдық аймағы бойынша тек Мәмәйіт Омаров атындағы ауылдық округте сайлау ұйымдастырылды. Тәуелсіз бақылаушы Жанат Зейнелхабдылдың айтуынша, сайлау жоғары деңгейде өткен.

- Дауыс беру барысына әсер етуі мүмкін заң бұзушылық тіркелген жоқ. Жалпы, сайлау процесі штаттық режимде өтті. Халықтың жоғары белсенділігін байқадық. Сайлаудың жоғары ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. Яғни, бірінші кезекте азаматтардың қауіпсіздігіне баса назар аударылған. Сайлау учаскелері барлық санитарлық талаптарға сай жұмыс істеді, -
дейді тәуелсіз бақылаушы. Қорыта айтсақ, биылғы ауыл әкімдерін сайлау науқаны ел тарихындағы айтулы белес боп қалатыны анық. Азаматтарымыз тұңғыш рет жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болып, өз таңдауларын жасады. Ауыл әкімдерін сайлау - Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асыру жолындағы маңызды қадам екені сөзсіз.

 

Рымтай ШӨКЕЕВ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызы ауылдық жерде тұрады. Бірақ, соған қарамастан елді мекендерде шешілмеген мәселе көп. Мысалы, денсаулық сақтау саласын жетілдіру, байланыс жүйесін жақсарту, жол жөндеу және халықты таза ауызсумен қамту мәселелері бойынша әлі де көп жұмыс атқару керек. Сондықтан, ауылдағы елдің тұрмысын көтеру, әлеуметтік жағдайын жақсарту – бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі. Бұл ауылды басқаратын әкімдерге тікелей байланысты. Себебі, кейінгі өзгерістерге орай ауылдың бюджеті ауыл әкімінің билігіне берілді. Енді соны дұрыс мақсатқа жұмсай білетін, ауылдың игілігіне жарата алатын басшы керек. Ал таңдау тұрғындардың еншісіне беріліп отыр. Бұл - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың демократияға бағытталған сәтті бастамаларының бірі. Мұның жемісін алдағы төрт жылда көреміз деп сенемін. Мен бұл жолғы сайлауды әділ өтті деп есептеймін және сайланған әкімдерге сәттілік тілеймін. Ең бастысы, елдің игілігі жолында еңбек етіп, халықтың сенімінен шықса деп тілейміз.

 

Бақытжамал МАКСИЛОВА, «НҰР-АНА әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

- Ауыл әкім-дерінің алғашқы сайлауына байқаушы ретінде қатыстым. Сол күні Павлодар қаласына қарасты Байдала ауылындағы сайлау учаскесінде болдым. Бұл мен үшін өте үлкен абыройлы іс болды. Сайлаудың әділ өтуіне аз да болса өз үлесімді қостым деп білемін. Негізі, ауыл әкімдерін халықтың қатысуымен сайлау - дәл уақытында қолға алынған саяси науқан деп есептейміз. Осы сайлау арқылы тағайындалған әкімдер де халыққа адал қызмет істейді деген үмітіміз зор. Себебі, ауылдағы ағайын өздеріне керекті адамды өздері таңдап, сайлап отыр. Әкім ретінде ұсынылған үміткерлер де - сол қызметке лайықты іскер азаматтар. Дегенмен, халықтың таңдауы – біреу. Сайлау барысы таза әрі әділ өтті деп есептейміз. Сайлаушылар тарапынан ешқандай шағым түскен жоқ. Ауыл тұрғындары өте белсенді қатысты. Сондықтан, ауылдық округтерге сайланған әкімдердің барлығы адал еңбек етіп, ауыл халқының жағдайын жасар болса, бұл науқанның нәтижелі өткенін білер едік.

 

Еркеғали ЖАНҒАЗЫ, «Қағандық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Ауыл әкім-дерінің сайлауы – демократиялық қоғамға нық қадам. Қала берді, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының іс жүзінде орын-далуының айқын көрінісі. Аймағымызда ұйымдастырылған саяси науқанның қорытын-дысына көз жүгіртсек, ауыл тұрғында-рының жоғары белсенділігі байқалады. Бұл – азаматтардың өзі туған мекеннің тағдырына бей-жай қарамайтынына дәлел бола алады. Бұған дейін тұрғындар әкімнің жұмысына қанағаттанбаса, оны тағайындаған өкілдерді кінәлайтын еді. Ендігі жерде әкімді өздері сайлаған ағайынға да артылар жүк ауыр. Ауылдағы мәселелерді бірлесе шешуге ынталы болатыны сөзсіз. Ал жаңадан тағайындалатын әкімдер сенім үдесінен шығып, мемлекеттік бағдарламалардың жүйелі орындалуына белсенді атсалысады деген сенім мол.

 

Оралхан ҚОЖАНОВ.

Суреттерді түсіреген - Константин Шелков.

 


Количество показов: 210

Возврат к списку