Елдік рухтың арқауы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

26 қаңтар, сейсенбі
26.01.2021

Фотожылнамашы
23.01.2021

Монополист неге белсенді емес?
23.01.2021

Тексеру нені көрсетті?
23.01.2021

Көпшілік күткен өзгеріс
23.01.2021

Электронды үлгі маңызды
23.01.2021

Әр сауал жауапсыз қалмайды
23.01.2021

Тісіңізді тегін емдетіңіз!
23.01.2021

Ақылы тест басталды
23.01.2021

23 қаңтар, сенбі
23.01.2021

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?
21.01.2021

«Бір әннің тарихы»
21.01.2021

Ғашықтық әуені
21.01.2021

Скетчинг деген бір өнер...
21.01.2021

Ұлы дала ұлағаты
21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?
21.01.2021

Намыс деген – тілің, Отаның, дінің
21.01.2021

Аудандар бақылауға алынады
21.01.2021

Ауызсумен қамту өзекті
21.01.2021

Вакциналау ақпанда басталады
21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу
21.01.2021

Әкімдер есеп беруде
21.01.2021

Мұз өткелдері ашылады
21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...
21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары
21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың
21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!
21.01.2021

21 қаңтар, бейсенбі
21.01.2021

«Ertis», алға!
19.01.2021

Қолөнер шеберлеріне қолдау
19.01.2021

«Менің туым - айбарлы!»
19.01.2021

Дәрігерлерге мың алғыс!
19.01.2021

Жомарттық танытты
19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?
19.01.2021

Қолжазбаны көшіретін қосымша
19.01.2021

Сарқынды судың әлегі
19.01.2021

Жаза күшейді
19.01.2021

Бар үміт - екпеде
19.01.2021

45 градус аязда қатпайды
19.01.2021

ЭЦҚ алуға міндетті
19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?
19.01.2021

19 қаңтар, сейсенбі
19.01.2021

Атақтарын қорғады
16.01.2021

Бибісары әулие
16.01.2021

Кінәрат - тозған құбырларда
16.01.2021

Тариф арзандайды
16.01.2021

Алғашқы сессия
16.01.2021

Аймақтағы ахуал мәз емес
16.01.2021

Кешенді реформалар жүргізіледі
16.01.2021

Жаңа басшы таныстырылды
16.01.2021

Көлік бағасы қалай құбылды?
16.01.2021

Жедел жәрдемге жүгіну жеңілдеді
16.01.2021

16 қаңтар, сенбі
16.01.2021

Берері мол «Business Ertis»
14.01.2021

Депутаттар белгілі
14.01.2021

Көркем туындыларға таңданып қайтыңыз!
14.01.2021

Суды сағаттап күтеді
14.01.2021

Кеселден қашан құтыламыз?
14.01.2021

«Интернеттің игілігін қашан көреміз?»
14.01.2021

Құбырлардың 80 пайызы тозған
14.01.2021

09.01.2021

Елдік рухтың арқауы

Ұлттық мүддені қорғаймыз!

Соңғы уақытта кейбір шетелдіктер еліміздің шекара-сының тұтастығына күмәнмен қарап, ауызбіршілігімізге сына қаққысы келгендей сыңай танытып еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында қажет болса ұлттық мүддемізді аспен де, таспен де қорғауға дайын екенімізді айрықша атап өтті. Бұдан басқа артық сөздің қажеті де жоқ.
Біздің бар байлығымыз - кең-байтақ даламыз. Ата-бабаларымыз талай жаулар шүйліккен жауһар жерімізді найзаның ұшымен қорғап, бүгінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізді. Кеңес Одағы құрылғанға дейін еліміздегі тұрғын-дардың барлығы дерлік қазақтар еді. Сөзім дәлелді болуы үшін мына бір деректерді келтірейін: 1897 жылы жүргізілген жалпыхалықтық санақтың қорытындысы Семей уезінде 
684 мың 590 адам бар екенін көрсетіпті. Ол кезде Семей уезінің құрамында Павлодар, Қарқаралы, Өскемен мен Зайсан болған-ды. Сол 
684 мыңнан астам тұрғынның 604 мыңы - қазақтар. 
Бұл - халықтың 88,5 пайызы.
Кейбіреулер осындай ресми сан-айғақтар мен тарихи шындық бола тұра «Қазақтың тарихы, жері болған емес» деп ойларына келгенін биік мінберлерден айтудан тайынбады. Бұл нағыз санасыздық, білімсіздік дер едім. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз мақаласында кейбір шетел азаматтарының арандатушылық іс-әрекеттеріне ресми және қоғамдық деңгейде тойтарыс бере отырып, ағартушылық жұмыстарын ұстамдылықпен жүргізген жөн екенін нақты айтты. Өте орынды сөз. Шын мәнінде тарихпен саясаткерлер емес, тарихшылар айналысуы керек. Ал тарихи құндылықтарымыз кеңірек дәріптелуі үшін ресми мәліметтерді бір ізге келтіріп, мағыналы фильмдер түсірудің маңызы зор болып отыр. 
Осы орайда солтүстіктегі қалалардың, ондағы көшелердің атауларын  қазақыландыруға баса мән беру керек деп ойлаймын. Облыс орталығында Абай даңғылы болса, Ермак, Геринг сынды көшелерге батыр бабалардың есімдері берілсе, шекарамызға, тарихымызға ешкім күмәнмен қарамас еді. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында көшелердің 94 пайызына терең мағыналы атаулар берілді. Тұнып тұрған шежіре дерсіз. Енді осындай жұмыстар біздің аймақта мықтап қолға алынса деймін. Мемлекет басшысы бұған қатысты ойын да білдірді. Оңтүстік Қазақстан облысына Түркістан атауы берілгенін тілге тиек етіп, осы игі үрдісті еліміз бойынша жалғастыруға болатынын айтты. Сол кезде біздің өңірдегі мәселе де назарға алынар деген үміт бар. 
Жалпы, Қасым-Жомарт Кемелұлының мақаласындағы терең ойлардың, астарлы сөздердің өткірлігін, өзектілігін атап өтуге болады. Жер, шекара, тіл, ұлттық мүдде, тәлім-тәрбие - барлығы кеңінен қамтылды.  Сол сөздерді кейінгі буын, жас ұрпақ санасына түйіп, тиісті қорытынды жасап, бағыт-бағдар ретінде қабылдаса игі. 

Әби САРҚЫНШАҚОВ, 
Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген көлік қызметкері, 
КСРО-ның құрметті теміржолшысы, 
Павлодар облысының және Павлодар қаласының 
Құрметті азаматы.

Ұрпақ алдындағы жаңа міндет

Мақалада Мемлекет басшы-сының Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын құруға баса назар аударғаны ерекше қуантты. Өйткені, бізде Наурызды мерекелеудің бірізді бағдарламасы жоқ. Осы тақы-рыпқа келгенде көп сын айтылады. Төл мәдениетімізді дәріптеу үшін Наурыздың мән-маңызы ерекше. Сондықтан Президенттің өзі осы мәселеге баса назар аударғаны барлығымызды қуантып отыр. Бұдан бөлек, мақалада тарихи кинофильмдерді көптеп түсіріп, сол арқылы жас буынды тәрбиелеу қажеттігі де сөз болды. 
Еліміз үшін ана тіліміздің де, кең-байтақ даламыздың да абыройы асқақ. Президент атап өткендей, «ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі». Ал «шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе жұмыс істеу» де маңызды. Осылайша, жастарды еңбекке, білімге үндей отырып, атқарар істің маңыздылығын атап өткен Мемлекет басшысының ел тарихын тереңнен тану мәселесіне тоқталуының мәні тереңде жатыр. 

Бақытжамал 
МАКСИЛОВА, 
«Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Жер – басты байлығымыз

Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласы отандастарымызды өткен жолдарымызға нақты талдау жасауға, келешек бағыт–бағдарымызды айқындауға шақырған аса маңызды құжат болды. Төрт тараудан тұратын мақаланы мұқият оқып шығып, Президенттің кемел ойларына тағы да көз жеткіздік. 
Мақалада жер мәселесіне қатысты маңызды мәселелер айқындалған. Шынымен де, елімізде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің игерілмей жатқаны алаңдатады. Бұл ретте, соңғы жылдары жерді түгендеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы уақытқа дейін 12,8 млн. гектар игерілмеген жердің 7 млн. гектары мемлекетке қайтарылды. Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасау заңнамалық тұрғыдан бекітілді. Жерді алдың ба, оны игеру керек. Ауыл шаруашылығы саласының дамуы да жерді тиімді пайдаланумен тығыз байланысты.
Жер шетелдіктерге сатылмайтыны ақиқат. Десе де, негізгі мәселе шетелдіктерде емес, өзімізде. Қазір фермерлеріміз жерді тиісті деңгейде пайдаланып отырған жоқ. Біз агро-мәдениет, агрохимия, агроғылым дегенді ұмыттық. Әйтеуір қалай тезірек пайда табам дегенді емес, жердің жағдайына да көңіл бөлуіміз керек қой. Жер - біздің Анамыз.
Ал анамыздың ахуалына бейжай қарауға болмайды. Қоғамда қызу талқыға түсіп жатқан тағы бір мәселе, жерді жалға беру мерзімінің ұзаруы болып тұр. «Жерді неге сонша ұзақ мерзімге береміз, 
25 жылда кім бар, кім жоқ?!» дейді азаматтарымыз. Жерді инвесторларға жалға 10 жылға беру аз. Қайтарымы болмаса, ешкім ол жерге қаражат салмайды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар нәтижесін беретініне сенімдімін.

Нұржан ӘШІМБЕТОВ, 
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Бізді біріктіретін ұғымдар бар

Қазақ – тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы күрескен халық. Бұл күрес 1991 жылмен аяқталған жоқ. Қазір де жалғасып келеді. Тіпті қазіргі күрестің өз ерекшеліктері бар. Біз, ең алдымен, азаматтарымыз бен өскелең ұрпақтың тарихи санасын, заманауи, азат көзқарасын нығайту-ымыз қажет. Міне, осы бағыттағы күрес тоқтамауы шарт.
Біртұтас ұлт болу оңай емес. Аз емеспіз, көппіз. Түрлі пікір-көзқарастарымыз да бар. Оңтүстік-солтүстік, нағыз-шала, корей-ұйғыр, қазақтілді-орыстілді деген топтарға бөлінбеуіміз қажет. Сондықтан бізді біріктіретін мықты ұғымдар болуы керек. Президентіміз олар туралы да айтты.
Біріншіден, ең мықты біріктіруші фактор – тіл. Бір тілде сөйлейтін ұлттың болашағы зор. Жастар көп тіл білсе жаман емес, бірақ бір-біріңді түсіну үшін, қоғамның тынысын терең сезіну үшін бәріміз мемлекеттік тілді білгеніміз жөн. Оның үстіне ортақ менталитет пен рухани құндылықтарды қалыптастыру жолында тіл басты рөлге ие.
Екіншіден, өзінің жері бар ел ғана мемлекет деп аталады. Жер шетелдіктерге сатылмайды деп айтты Президентіміз. Бірақ осы жерді дұрыстап пайдалануымыз керек. Ауыл шаруашылығын дамытып, табиғи ресурстарды қорғап, табиғатымызды құрметтеуміз қажет. Аз еңбек ресурстары бар аймақтарға қандастарымызды шақыру да артық емес.
Үшіншіден, ортақ тарихымыз бар. Балаларға арналған фильмдерді түсіруді, кітаптарды жазуды және қазақ халқының тарихи шежіресін басқа тілдерге аударуды толық қолдаймын. Мыңжылдықтармен өлшенетін тарихымызды насихаттайық.
Төртіншіден, ұлтаралық келісім. Біз - 90-жылдардың басында әлеуметтік және ұлтаралық қақтығыстарға жол бермеген халықпыз. Көпэтностықты артықшылыққа айналдыра білдік. Болашақта да осы мақсат жолында жұмыс істейік.
Бесіншіден, ортақ болашағымыз бар ұлтпыз. Шынымен де, шетелдерге оқуға кететін жастарымыз бар. Мен де солардың бірімін. Бірақ оқудан соң елге қайтқан азаматтарымыз аз емес. Шетелде алған біліміміз бен тәжірибемізді мемлекет үшін пайдалануымыз керек. Себебі біз Қазақстанға сенеміз.

 Максим СПОТКАЙ,
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.


Количество показов: 69

Возврат к списку

Раздел не найден.