«Электрондық биржада» не өзгерді?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Алдымен экономика, содан кейін саясат»: қиындықтарды жеңу
03.08.2021

Қола - қалтада
03.08.2021

Өрт азайған
03.08.2021

QazVac жеткізілді
03.08.2021

Кезең-кезеңмен шешіледі
03.08.2021

Шарапаты мол
03.08.2021

Алғабастың жолы жөнделе ме?
03.08.2021

Сарыарқа самалы, 3 тамыз, сейсенбі
03.08.2021

Энергоблок жаңаруда
31.07.2021

«Тапсырам домбырамды Шолпаныма»
31.07.2021

Тағы да жапондықтар жайлы
31.07.2021

Жақсылыққа шақырады
31.07.2021

Күміспен күптелді
31.07.2021

«Қазақ поэзиясына құштармын»
31.07.2021

Ауызсу тарифі неге әртүрлі?
31.07.2021

Той-томалақ тыйылмай тұр
31.07.2021

Індет қайта өршіді
31.07.2021

Ертеңін ойлаған екпе алады
31.07.2021

Ұтымды ұқсату керек
31.07.2021

Ауылдың ажары артты
31.07.2021

Сарыарқа самалы, 31 шілде, сенбі
31.07.2021

Тартысқа толы Токио
29.07.2021

«Sary qyz»
29.07.2021

Жаяу Мұса
29.07.2021

Антиденені тексеру неге тиімсіз?
29.07.2021

Әдемі мектеп – әдепті оқушыға
29.07.2021

Вакциналаудың қарқыны төмен
29.07.2021

«Достықтың» мәселесі шешілуде
29.07.2021

Жұмыс күші жеткіліксіз
29.07.2021

Тәжірибе шаруаны ширатады
29.07.2021

Түгендесек, төбедегі келеді...
29.07.2021

Ауылдардың берекесін қалай арттырамыз?
29.07.2021

Сарыарқа самалы, 29 шілде, бейсенбі
29.07.2021

Қоржында – қос қола
27.07.2021

ӨМІРДІҢ ӨЗІНЕН
27.07.2021

Ел үміті ақталса игі
27.07.2021

Белгісіз батыр
27.07.2021

Молдовадан табылды
27.07.2021

Әкім бол, халқыңа жақын бол
27.07.2021

«Сырлы аяқтың сыны кетпес»
27.07.2021

Сарыарқа самалы, 27 шілде, сейсенбі
27.07.2021

Сарыарқа самалы, 24 шілде, сенбі
24.07.2021

Сербтердің мысын басты
24.07.2021

Мерейі үстем Мыңбаевтар
24.07.2021

Циклахена - ғаламдық проблема
24.07.2021

Инновациялық панельден салынады
24.07.2021

Ауылда да маркет бар
24.07.2021

Білімді мыңды жығады
24.07.2021

Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?
24.07.2021

Арнайы жоспар қажет
24.07.2021

Түркістанға әуе кемесі қатынайды
24.07.2021

Қордаланған мәселе көп
24.07.2021

Кешенді жұмыс – келешектің қамы
24.07.2021

Штаб құрылды
24.07.2021

Құрылыс қалдықтары көп
24.07.2021

Күнбағыс кәсіпорны ашылады
22.07.2021

«Қайта құрудың» зардабы аз болмады
22.07.2021

Стамбул сұлулығы
22.07.2021

Кескіндеме өнерінің көсемі...
22.07.2021

Абызбай атыңа сай ең...
22.07.2021

18.02.2021

«Электрондық биржада» не өзгерді?

Осыдан бірер жыл бұрын Астана, Алматы және Павлодар қалаларының кәсіпкерлері үшін пилоттық режимде «Электрондық еңбек биржасы» (enbek.kz) іске қосылған болатын. Бүгінде электронды нарықтың қызметтік ауқымы кеңейген. Тіпті, биылдан бастап қызмет көрсету аясының тағы ұлғайтылғаны байқалады. Аталған жоба жұмыс берушілерге қандай жеңілдіктер ұсынбақ? Пилоттық жобаға аймағымыздан тағы қандай елді мекендер енді? Бұл сауалдардың жауабын  облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы Нұрлан Бегежановтан сұрап білдік.

- Нұрлан Максимұлы, «Электронды еңбек биржасында» биыл қандай өзгерістер мен толықтырулар орын алды?
- Қаңтар айында «Электронды еңбек биржасы» арқылы облыс орталы-ғында жұмыссыздар мен жұмыс іздеп жүргендерге мемлекеттік қызметті онлайн режимде көрсететін пилоттық жоба іске қосылды. Бұл жоба жұмыссыздарды тіркеуді жеңілдетіп, азаматтарға бірқатар мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Яғни, жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға, оның ішінде - жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу және еңбек делдалдығын көрсету, жұмыссыз ретінде тіркелу, мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына (жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар) бос жұмыс орындарын таңдау қызметтері қарастырылған. Сонымен қатар, жұмысынан айырылған жағдайда төле-нетін әлеуметтік төлемді тағайындау да онлайн режимде көрсетіледі. Жаңа әдіс бойынша орталықтағы өз-өзіне қызмет көрсету аймағында жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Қажет болған жағдайда, бұрынғыдай орталық мамандарының көмегіне жүгінуге болады. 
- Enbek.kz порталында негізінен қандай қызметтер көрсетіледі?
- Порталдағы «Жеке кабинетте» әрбір пайдаланушы жеке тіркеу кезеңдерін өз бетінше бақылай алады. Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығына бармай-ақ, жұмыссыз немесе жұмыс іздеуші ретінде есепке тұруға, лайықты бос жұмыс орнын табуға, сондай-ақ жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді ресімдеуге болады. Қызметтер авто-маттандырылған. Егер үш жұмыс күні ішінде адам порталда лайықты бос жұмыс орнын таппаса, онда оны жұмыссыз ретінде тіркеу автоматты түрде жүзеге асырылады. Жаңашылдық бірінші кезекте көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен байланысын барынша азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі пандемия жағдайында бұл өте маңызды.
- Аталған қызмет түрін алу үшін тұрғындардан не талап етіледі?
- Сервиске қол жеткізу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы жеткілікті. Павлодар қаласының жұмыспен қамту орталығында онлайн-қызмет көрсету бүгінде тестілік режимде жұмыс істеуде. Атап өтерлігі, биылдан бастап бұл жоба Павлодар қаласынан бөлек, Ақсу мен Екібастұз қалаларында да пилоттық режимде жұмыс істеуде. Яғни, «электрондық еңбек биржасының» тиімділігі мен артықшылығын ескере отырып, аймағымыздағы қалаларға енгізілді. Бұл жаңа әдіс алдымен жұмыс іздеуші мен жұмыс беруші арасындағы жүріс-тұрысты барынша азайтады. Қолайсыз эпидемиоло-гиялық жағдайда бұл өте маңызды. 2021 жылы «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдарға және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін онлайн қызмет жаппай енгізілмек. 
- Ақпаратыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан – 
Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.


Количество показов: 120

Возврат к списку