Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде? 08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?

Биыл ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізілуде. Түлектер тесті алғаш рет электрондық форматта тапсырады және сынаққа кіру уақыты мен отыратын орнын оқушы өзі таңдайды. Сонымен қатар, биыл әр оқушыға екі мәрте тест тапсыруға мүмкіндік беріліп отыр. Яғни, алғашқысының қорытындысы сәтсіз шықса, дайындалып, екінші рет қайта бағын сынап көруге болады.

ҰБТ үш айға  созылады

Облыстық білім беру басқар-масының мәліметінше, ағымдағы жылы 4479 оқушы 11-сынып бітіреді. Өткен жылы 3772 бала орта мектеп аттестатын алған болатын. Биылғы түлектердің 
82 пайызы (3682) ҰБТ тапсыруды жоспарлап отыр.
-  Биылғы ҰБТ үш айға созылады. Яғни, 15 наурызда ақылы тест басталып, ол 10 сәуірге дейін жалғасты. Одан кейінгісін оқушылар ақысыз негізде тапсырады.  Ақысыз тест тапсыру уақыты 30 маусымға дейін жалғасады.  Соңғысының сертификатымен жоғары оқу орындарының мемлекеттік гранттар конкурсына қатысатын болады. Бүгінгі күнге дейін ақылы ҰБТ-ға облыс бойынша 2138 (47,7%) түлек қатысты. Оның  1494-і – Павлодар, 519-ы – Екібастұз, 125-і – Ақсу қаласынан. Түлектер ақылы негізде өткізіліп жатқан ҰБТ нәтижелері бойынша жоғары оқу орындарының ақылы бөлімдеріне құжат тапсыра алады. Ал негізгі сынақты сәтті тапсырған түлектер үшін бұл сертификаттың қажеті болмайды. Биыл енгізілген тағы бір жаңашылдық –электрондық форматқа көшуіміз. Бұған дейін әрбір оқушыға тест тапсырмалары бар кітапша берілсе, енді дербес компьютер ұсынылады. Бұрын ҰБТ науқаны бас-аяғы 10 күннің ішінде аяқталатын. Қазір оқушыға үш ай уақыт берілді. Әркім өзінің қалаған уақытында баруына болады, - дейді облыстық білім беру басқармасының маманы Нұргүл Шалабаева.
Мамандардың сөзінше, түлектер мемлекеттік білім беру гранттарына арналған конкурсқа қатысу үшін «app.testcenter.kz» сілтемесі бойынша алдын ала өтініш жазуы керек. 

«Басына» сай бағасы

Қазір әркім өз басындағы біліміне сай бағасын алатын заман болды. Яғни, былтырғы жылдан бері ҰБТ сынағы қатаң бақылауға алынып, білім саласында бұрын-соңды болмаған академиялық әділдік орнады. Бұрынғыдай қулыққа салып, рұқсат етілмеген көмекші құралдар қолдануға қатаң тыйым салынды. Атап айтқанда, тестілеу процесі «Бір тестіленуші – бір компьютер –  бір камера» қағидаты бойынша жүргізілуде. 
- Әр бала жеке-жеке компьютердің алдында отырып, жұмыс істейді. Академиялық әділдікті сақтау мақсатында әр компьютердің үстіне тестілеу процесін қадағалайтын бақылау камерасы орнатылған. Егер тестіленушінің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, компьютер бірден сөндіріліп, түлектің жұмысы жойылады.  Тест процесі кезінде шпаргалканы білдірмей пайдалану да мүмкін емес. Кейін «Ұлттық  тестілеу орталығының» мамандары процесті басынан соңына дейін қайта тексеріп шығады да, заң бұзғандардың нәтижесін бірден жояды. Тіпті, жоғары оқу орын грантын алып алған талапкердің өзі гранттан айырылады. Аталған мәселелер бойынша түлектерге және олардың ата-аналарына да түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, - дейді маман. 

Жаңа форматтың артықшылығы

Биылғы енгізілген электрондық форматтың бірқатар артықшылығы бар. Біріншісі, түлек тестілеу пунктінің ішінде қандай орын ыңғайлы деп тапса, соған отыруға құқығы бар. Мысалы, бір бала оңашалау жерге отырғысы келсе, енді біреулерге терезеге жақын жарық жерде жұмыс істеу ыңғайлы болуы мүмкін. Екіншісі, сынақ тапсыратын күнді де, уақытты да өзі белгілей алады. Мысалы, гранттық конкурсқа арналған тестер сәуір айының 10-ы мен маусым айының 30-ы аралығында жүрілсе осы уақыт аралығындағы кез келген уақытта баруына болады. Үшіншісі, тест тапсыру тілін дәл сол кезде өзгертіп жіберуіне және қате белгілеген жауаптарды қайта түзетуге мүмкіндік бар. Бұрынғы жүйеде ондай мүмкіндік жоқ еді. Яғни, қағаздағы дөңгелек ұяшықтарды қалай боясаң, солай кететін. Төртіншіден, компьютерде калькулятор және басқа да  көмекші кестелердің барлығы бар. Бесіншіден, тестілеу нәтижесін күні бойы сарылып күтіп жүрмейді. Тапсырған уақытында бірден белгілі болады, егер нәтижесіне қанағаттанбаса, апелляцияға беруге болады. Алтыншы артықшылығы, бір түлекке екі мәрте сынақ тапсыруға мүмкіндік берілген. Соның қайсысынан жоғары балл алса, сол сертификатпен жоғары оқу орын грантының конкурсына барады.
- ҰБТ-ға енгізілген өзгерістердің барлығын құптаймыз. Бұл бүгінгі қоғамның талабы және өте қолайлы құрылған жүйе деп есептейміз. Бұл жерде ең бастысы  түлектердің таңдаған пәндері бойынша білім деңгейі өте әділ түрде сарапқа салынады. Сонымен қатар, олардың психологиялық дайындығы мен компьютерді қолдана білу сауаттылығы әсер етеді. Қазір ата-аналармен және мұғалімдермен осы бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде, - дейді №7 орта мектеп директоры Халида Бекбосынова.

Қанша уақыт беріледі?

Түлектердің таңдаған мамандықтарына сәйкес екі түрлі уақыт беріледі. Мысалы, жаратылыс- тану-математика бағытындағы пәндер (математика, физика, химия, биология, география) бойынша тапсыратын оқушыларға 240 минут (4 сағат) көлемінде уақыт беріледі. Ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері, тарих және құқық, т.б) мамандықтарын таңдаған оқушылар 225 минут (3 сағат 45 минут) уақыт ішінде аяқтауы керек. ҰБТ процесі барынша ашық әрі объективті түрде жүреді. Яғни, мемлекеттік комиссия мүшелері аудиторияларды  онлайн-трансляция арқылы бақылап отырады. Комиссия құрамында білім беру органдарының, құқық қорғау органдарының өкілдері және журналистер бар. Аудиторияларда барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталады. 

Тілеуберді САХАБА.


Количество показов: 35

Возврат к списку