Еліміздің 5 дүркін чемпионы!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Еліміздің  5 дүркін чемпионы! 01.04.2021

Еліміздің 5 дүркін чемпионы!

Жақында Нұр-Сұлтан қаласында ҒТФ Таэквон-додан жасөспірімдер және кадеттер арасындағы ел чемпионаты аяқталды. Кіл мықтылар бас қосқан біріншілікте облыс намысын қорғаған «Қаһарман» таэквондо мектебінің шәкірттері үздіктердің қатарынан табылып, жалпыкомандалық есепте күміспен күптелді. 

Команда сайыпқырандарының бірі – Балнұр Оркенова кезекті рет мықтылығын паш етіп, Қазақстанның 5 дүркін чемпионы атанды! Қай жарысқа бармасын, жүлдесіз қайтпайтын Балнұр атағынан ат үркитін талантты спортшыға айналғаны қашан. 2018 жылы Оңтүстік Африканың Дурбан қаласында өткен әлем чемпионатының чемпионы, 2019 жылы Татарстан астанасы Қазан қаласында жалауы желбіреген Еуропа чемпионатының жеңімпазы атанған болатын. Содан болар, ел біріншіліктеріндегі қарсыластары «Балнұр келмесе екен» деп, жарыс басталмай жатып алаңдайтын көрінеді. Елордада өткен жарысқа тоқталсақ, жарыстың алғашқы күні Балнұр қарсылас шақ келтірмей, хъенг түрінен 1-орын иеленді. Келесі күні де тұғырдан түспей, массоги (спаринг) түрінен жеңімпаз атанды. Осылайша, еліміздің 5 дүркін чемпионы атағына қол жеткізді. Әрине, чемпиондық атағыңды қорғап жүру – оңай шаруа емес. Жасыратыны жоқ, кейбір спортшылар бір жарыста жарқ етіп көрініп, кейінгі жылдары жүлденің ауылынан алыс қалып жатады. Ал Балнұр соңғы жылдары мықтылығын абыроймен дәлелдеп келеді. Ол бүгінде қара белбеу иегері. Дарынды қыздың арманы зор. Спортты өмір бойы жанына серік етуге дайын. Жарыстың марапаттау сәтінде қарсыластарынан биік тұратындықтан ба, Балнұр биіктіктен қорықпайды екен. Болашақта ұшқыш болуды армандайды. Қанатың талмасын, талантты таэквондошы!

 Оралхан ҚОЖАНОВ.


Количество показов: 53

Возврат к списку