Емделушілерге - жаңа мүмкіндік

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Емделушілерге - жаңа мүмкіндік 03.04.2021

Емделушілерге - жаңа мүмкіндік

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) туралы аз ғана ақпарат білетін азаматтар әлі де бар. Салдарынан кейбір тұрғындардың мәртебесі анықталмай, емханадан қажетті медициналық қызметті ақысыз негізде ала алмай жүр. Осы мәселені шешу мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері алғаш рет емдеу мекемелерін аралап, емделушілермен кездесу өткізді. 

Айдана ҚУАНЫШЕВА

 Шара Павлодар қалалық №4 емханасында ұйымдастырылды. «Әлеуметтік меди-циналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалының өкілдері емдеу мекемесіндегі емделушілерді қолдау қызметінің жұмысымен танысты. Шараға жиналған тұрғындар мамандарға қызмет көрсету сапасы, МӘМС аясында тегін көмек алу, ай сайынғы жарна төлеу сынды сауалдарын жолдады. №4 емхананың бас дәрігері Арман Отарбеков емделушілерді қолдау қызметі 2016 жылдан бастап жұмыс істейтінін айтты. Емдеу мекемесінде тіркеуде тұрған адамдар арыз-шағымдарын мамандарға қоңырау шалу арқылы қоя алады. Телефон нөмірлері емхананың сайтында және әлеуметтік желіде орналасқан. 
- Емделушілерді қолдау қызметінің мамандары жұртшылықтың шағымдарын қабылдап, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесін назарға алған. Мамандар таңғы сағат 8.00-ден кешкі сағат 17.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал пандемия кезінде қызметкерлер тәулік бойы еңбек етті. Халықты МӘМС жүйесіне тіркелу, коронавирусқа қарсы екпе алу, емханаға тіркеуге тұру сынды сұрақтар жиі мазалайды. Хабарласқан әр адамға көмек көрсетіледі. Мекеме қызметкерлері конфликтология, этика сынды оқулардан өтті. Денсаулық сақтау саласына МӘМС енгізілгелі бері тұрғындар бағасы қымбат ем-шараларды тегін алуға мүмкіндік алды. Тегін дәрі-дәрмекпен де қамтылуда. Биыл емдеу мекемесі цифрлық флюорографияға ие болды. Емханада 72 мыңнан астам адам тіркеуде тұр. Оның 75 пайызы - сақтандырылған, - дейді А.Отарбеков. Бас дәрігердің сөзіне сүйенсек, мәрте-бесі анықталмаған адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда. Олардың ішінде өзге елге көшіп кеткен адамдар бар. Кейбір емделушілер дәрігер қабылдауына келген кезде ғана МӘМС туралы естіп жатады. Жарна аудармай жүрген адамдар да бар. Олардың мәселенің шешу мақсатында емханада арнайы терминал орнатылған. Емделуші ай сайын төленетін жарнаны сол жерде өтеп, қажетті медициналық көмекті ала алады. Мекеме ақылы негізде ем-шараларды жүргізбейді. Емхана тіркеуінде тұрған, бірақ сақтандырылмаған адам тегін көмектен қағылады. Сол себепті МӘМС жүйесіне тіркелуі шарт. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Алма Мұқатова тексеру шарасы өзге емханаларда да жүргізілетінін айтты. 
IMG_1685.JPG
 - Емделушілердің құқығын қорғау - біздің басты міндетіміз. Әлі де тұрғындар арасында МӘМС аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты емханаларды аралай алмадық. Жұртшылық тарапынан қызмет көрсету сапасына қатысты арыз көп. Сұрақтардың көлемін азайту үшін осы шараны ұйымдастырып отырмыз. Келесі кезекте Екібастұз қаласындағы емханаларды аралайтын боламыз, - деді А.Мұқатова. Мамандардың айтуынша, өткен жылы қорға өңір тұрғындарынан 508 шағым түскен. Оның ішінде жолдаманы уақытылы бермеу, мамандардың жұмыс орнында болмауы, түсіндіру жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуіне қатысты сұрақ көп тіркелген. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің тиімділігін көріп отырған қала тұрғыны Ангелина Диданова емхана ұжымына ризашылығын жеткізді. Ол өткен жылы жұмыссыз қалғанына байланысты сақтандыру жүйесіне жарна аудара алмаған. Салдарынан мойнына қарыз жиналған. 
- Жүктілігіме байланысты емханаға есепке тұруға келген едім. Бірақ МӘМС-ке ақша аудара алмай жүргендіктен қатты уайымдадым. Әйелдерге кеңес беру бөліміне келіп, дәрігерлерге жағдайымды түсіндірдім. Олар маған уақытша мәртебе алуға көмектесті. Яғни, мен төлемеген қарызым болса да, жүктілігіме байланысты жеңілдік санатына жатқызылдым. Қазір есепке тұрдым. Қажетті тексерулерді тегін алудамын. Жағдайымды ескерген ақ желеңділерге алғыс айтқым келеді. Мен алдағы 3 жыл бойы МӘМС-ке жарна аудармай, автоматты түрде сақтан-
дырылған болып саналамын. Дәрігерлер түсіндірмесе, оны да білмей қалуым мүмкін еді, - дейді А.Диданова. Павлодар қаласының тағы бір тұрғыны Юлия Бурцова сақтандыру жүйесі арқылы екі баласына дәрі-дәрмекті тегін алып жүргенін жеткізді. 
IMG_1718_exposure.JPG
 - Педиатр маманы жазып берген дене қызуын түсіруге арналған препараттарды, антибиотиктерді тегін алып келеміз. Баласы бар адамдарға мұның өзі үлкен көмек. Жұмыс істейтін адамдар ай сайын аударатын жарна мөлшері көп емес. Өйткені қазір МРТ, КТ сынды тексерулердің бағасы қымбат. Жыл сайын бірнеше тексеруден өтетінімізді ескерсек, ұтарымыз көп екеніне көзім жетті, - дейді қала тұрғыны. Шара барысында сақтандыру қорының мамандары емделушілердің сұрақтарына жауап беріп, МӘМС жүйесі аясында кеңес берді. 


Количество показов: 141

Возврат к списку