Ендігі үміт - «Vision Zero Pavlodar»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Ендігі үміт -  «Vision Zero Pavlodar» 09.09.2021

Ендігі үміт - «Vision Zero Pavlodar»

Павлодарда жол апаттарын азайту бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Жол қауіпсіздігін күшейту және жолдардағы қайғылы оқиғаларды азайту жобасы «Vision Zero Pavlodar» деп аталды. 

Жергілікті билік жобаны Қазақстан урбанистер қауымдастығымен бірлесіп жүзеге асырады. «Vision Zero Pavlodar» идеясы облыс әкімдігінде талқыланды. Q88 Қазақстан урбанистер қауымдас-тығының төрағасы Ерлан Әукеновтің айтуынша, Павлодарда іске асыруға ұсынылған жоба алғаш рет 1997 жылы Стокгольмде енгізілген. Ол өзінің оң нәтижесін берген соң, Еуропаның басқа қалаларында да осы тәжірибеге жүгіну туралы шешім қабылданған. 2017 жылы жоба Алматы қаласында енгізілді.

- Жобаның мақсаты - жол-көлік оқиғаларының салдарынан болатын өлім-жітімнің және мүгедектікке ұшыраудың ықтималдығын азайту. Ұсынылып отырған тұжырымдаманың негізгі мәні - жолдарды жобалаушылары мен құрылысшыларының жол қауіпсіздігі үшін жауапкершілігін арттыру. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық Кодексіне сәйкес, кез келген жол-көлік оқиғасында көлік жүргізушісі немесе жаяу жүргінші кінәлі болып табылады. Бірақ, жол үстінде жаяу жүргіншілердің жолдан аман-есен өтуі үшін жағдай жасалмағанына ешкім жауап бермейді, -
деп аттап өтті Е.Әукенов.

Облыста жол-көлік жүйесіне өзгеріс қажет екенін статистика көрсетіп отыр. Тек 2020 жылдың өзінде аймақта 705 жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 48 адам қаза тапқан және 670 адам жарақат алған. Q88 Қазақ-стан урбанистер қауымдастығының басшысы атап өткендей, 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш бойынша Павлодар облысының жолдарындағы өлім оқиғалары Белоруссияның астанасы Минск қаласына қарағанда 3 есе, Финляндия астанасы Хельсинкиге қарағанда 3,3 есе жоғары және Норвегия астанасы Ослоға қарағанда 3,5 есе жоғары.

- Екі миллион адам тұратын Минскіде олар жай ғана қауіпсіздік аралдарын ұйымдастырып, жаяу жүргіншілер өткелін көтерді, кей жерлерде жолды тарылтып, тұрақ орындарын жойды. Кейбір орындарда билбордтарды алып тастады. Алматыға келер болсақ, 2017 жылы қалада 5103 жол-көлік оқиғасы орын алып, 136 адам қаза тапты. 2019 жылы осы жобаны іске асырғаннан кейін екі жыл өткен соң, апаттар саны 3245-ке дейін төмендеді, сондай-ақ оларда қаза болғандар саны 84 адамды құрады. Бұл жобаны іске асыру үшін қосымша қаражат бөлінбеді. Барлық іс-шаралар жолдарды орташа жөндеу және қала аумақтарын абаттандыру шеңберінде іске асырылды, - деді Е.Әукенов.

«Vision Zero Pavlodar» жобасының тұжырымдамасын екі ай ішінде әзірлеу жоспарланып отыр. Q88 Қазақстан урбанистер қауымдастығы бұл құжатты қалыптастыру үшін ғылыми тәсіл мен заманауи шешімдер қолданылатынына уәде берді. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан оның іске асырылуына Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов тікелей жетекшілік ететін болады.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.


Количество показов: 365

Возврат к списку