Енем тірлігіме араласа береді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Енем тірлігіме араласа береді 01.04.2021

Енем тірлігіме араласа береді

Қазақ қоғамында ене мен келін тақырыбы қашан да өзектілігін жоймаған. «Келін - ененің топырағынан», «Келелі сөзді келін де айтады» деп нақылдаған дана халқымыз келін мен ененің өз орнын әлдеқашан айғақтап берген. Десе де соңғы уақытта енесіне шағымданған келінді, келініне көңілі толмайтын енені жиі байқайтын болдық. Бір шаңыраққа шуақ болып шашырап, үйдің берекесін кіргізетін екеудің бір-біріне алакөздік танытуының ақыры кейбір отаудың шаңырағының шайқалуына алып келіп жатқанын көз көріп жүр. Осы тақырыпты қаузауымызға редакциямызға келіп түскен төмендегі хат түрткі болды.

«Құрметті облыстық «Saryarqa samaly» газетінің ұжымы. Сіздерге хат жазуыма отбасылық жағдайым себеп болып отыр. Нақтырақ айтсам, менің енем әр ісіме араласуын тыяр емес. Тіпті, ас үйде келін болып тамақ әзірлей алмаймын. Осы шаңыраққа келін болғаныма 5 жыл уақыт өтіпті. Алғашқы кезде ата-енеммен тұратыныма қуанған едім. Себебі, өзім анамнан ерте айырылған едім. Енем болса да анамдай қамқор болып, білмегенімді үйретер деп сендім. Өкінішке қарай, олай болмады. Келін болып келген алғашқы уақытта мейірімді әрі ақылды болып көрінетін анамыз күндер өте өзгеріп, елдің көзінше маған жекіп тастайтынды шығарды. Ақыр соңында жолдасым мен балаларыма арнап дәмді ас пісіріп беруден де қалдым. Барлығы санаулы, тіпті, кейбір азық-түлікті жасырып қояды. Күйеуім де «соңғы уақытта ас үйге кірмей кеттің. Біз үшін тәтті тоқаштар пісіруді қойдың...» деген тәрізді реніштерін жиі айтатын болды. Ал оған «анаңыз ас үйге жолатпайды» деп қалай айтамын?

Менің сіздерге хат жазып, ақыл сұрауыма тек ас үй мәселесі ғана себеп болмады. Соңғы бір айда енем ескертусіз біздің жатын бөлмемізге рұқсатсыз кіріп келетінді, одан қалса күйеуіме мен жайлы жағымсыз әңгімелер айтатынды шығарды. Тіпті, сол үшін ұрсысып та қалдық. Мен енемнің түртпегінен, оның туысқандарының көзінше мені кемсітіп, төмендеткенінен шаршадым. Төркініме кетіп қалсам деген ойдамын. Ол жаққа қайтып барған күннің өзінде алдымнан аңқылдап шығып, бауырына басатын анам тұрған жоқ. Аға-жеңгеме барғанмен, сыймасым анық. Қазіргі сәтте тығырыққа тіреліп тұрмын. Менің басты қалауым – отбасымды сақтап, енемнің көңілін табу. Бұл хатты да сол мақсатта жазып отырмын. Ақ жаулықты аналарымыздың ақыл-кеңесін оқып, өзім көрмей жүрген, енеме ұнамай жүрген дүниелерді түзермін. Маған кеңес беріңіздерші...».

Сәлеммен, Айнұр.

Оқырманымыз Айнұр өзінің хаты арқылы мұңын осылай жеткізіпті. Ене мен келін арасындағы осы бір қырбай тірлік, ұнамсыз байланыс ертең шаңырақтың шайқалуына алып келмейтініне кім кепіл? Сөзге тоқтаған, үлкендердің ақыл-кеңесінен ауытқымаған ибалы келін мен өткенінен сабақ алып, отбасында барын бағалаған үлкен аналарымыздың қасиеті қайда? Хатта жазылған жайттарға аналарымыз бен әжелеріміз құлақ түріп, отбасын сақтаудың жолын нұсқар ғибратты кеңес береді деген сенімдеміз. Сіз не дейсіз, оқырман?

 



Количество показов: 47

Возврат к списку