Ерлердің рухына тағзым

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Ерлердің рухына тағзым 25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым

Ұлы Отан соғысында қаза болған боздақтар ешқашан ұмытылмақ емес. Жақында аймағымыздың үздік марафоншылары «Saryarqa samaly» газетінен және облыс орталығындағы №15 мектептен майдан даласына аттанған жауынгерлердің рухына арнап жүгіріс ұйымдастырды.

Оралхан ҚОЖАНОВ


Шараның өтуіне «Running Pavlodar» қозғалысының өкілдері мұрындық болды. Қозғалыс басшысы Сапаргелді Әбдірашев бастаған белсенділердің осы сияқты игі шаралардың басы-қасында жиі төбе көрсететінін атап өткен жөн. Бұл күні күннің суығына қарамастан желаяқтардың кейбірі Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай 76 шақы-рымды еңсерді. Әйтпесе, негізгі марафонның ұзақтығы 42 шақырымға тең.
Марафон №15 мектептен бастау алды. Белгілі болғандай, аталған білім ордасының 1941-1942 жылғы алғашқы түлектері қан майданға аттанып, жетеуі ерлікпен қаза тапқан. Олардың есімдері тақтаға қашалып, мектеп қабырғасына ілінген. Атап айтсақ, Василий Булычев, Вадим Бессонов, Василий Бакланов, Владимир Вылягжанин, Леонид Синицкий, Леонид Устименко, Галина Шахлина (есімі тақтада жоқ) сияқты жауынгерлердің есімдері оқушылардың мәңгілік жадында сақтаулы. Марафоншылар мемориалды тақтаға гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік жариялады.
20210220_101716.jpg
Бұдан кейін желаяқтар «Saryarqa samaly» газетінің редакциясы орналасқан ғимаратқа аялдады. Ұлы Отан соғысы басталғанда сол кездегі «Қызыл ту» газетінің ер азаматтары да қолына қару ұстап, майданға аттанған. Өкінішке қарай, олардың арасында 7 журналист оралмады. Олардың есімдері бүгінде редакция ғимаратында орнатылған мемориалдық тақтада жазулы. Бұл тақта 1979 жылы газеттің 50 жылдық мерейтойына орай қашалған екен. Онда Қажыбай Дүйсенов, Құсайын Мұхаметжанов, Мәдетбек Сексенбаев, Дәулетияр Мерғалиев, Ахмет Серғазитдинов, Хамзе Өмірбаев сияқты журналистердің аты-жөндері көрсетілген. Олар туралы жазылған толымды мақала газетіміздің өткен бейсенбілік нөмірінде жарияланған болатын.
Мұнда да мемориалдық тақтаға гүл шоқтары қойылып, жиналғандар боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. «Saryarqa samaly» газетінің бас редакторы Нұрбол Жайықбаев марафоншыларға сәттілік тілеп, игі шараны дәстүрге айналдыруға ықылас танытты.
Тәжірибелі марафоншылардың бірі – Евгений Белов алпысты алқымдаған. Дей тұрғанмен, көптеген марафонға қатысып, жастардың көбін шаң қаптырып жүр. 2016 жылы өзінің ең алғаш марафонына қатысқан ол осы уақытқа дейін ресми түрде 15 марафонда бақ сынап үлгеріпті.
- Бұған дейін альпинизммен айналысқан едім. Кейін тұрақты түрде жүгіре бастадым. Үйден жұмысқа дейін 7 шақырым. Жүгіріп барып, жүгіріп қайтамын. Жыл басынан бері 1000 шақырымды бағындырған екенмін. Әрине, пандемия салдарынан көптеген жарыстар ұйымдастырылмады. Десе де, қалыптан таймай, әрдайым дайындықты жалғас-тырудамыз, - дейді Е.Белов.
Бұл күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 шақырымды бағындырған марафоншылар да болды. Осымен 3-рет ұйымдастырылған боздақтарды еске алу марафоны алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.


Количество показов: 76

Возврат к списку