Ертеңін ойлаған екпе алады

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Ертеңін ойлаған  екпе алады 31.07.2021

Ертеңін ойлаған екпе алады

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов бұрнағы күні Павлодар қаласындағы екпе егу пункттерін аралап шықты. Бұл ретте емханалар мен жеке медициналық мекемелерге бас сұғып, азаматтарды COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау науқанының қалай өтіп жатқанын зерделеді.

 

Екінші Павлодардағы №3 емханада аймақ басшысына вакциналау қарқынының төмендегені айтылды. Біраз уақыт бұрын мұнда коронавирусқа қарсы күніне 200-300 адам вакциналанған болса, бүгінде бұл көрсеткіш 100-ге жуық адамды ғана құрайды. Халықты екпе алуға ынталандыру үшін облыс орталығында бағалы сыйлықтар ұтысы ұйымдастырылды. Дей тұрғанмен, мекемеге екпе алуға келгендер Әбілқайыр Сқақовпен әңгіме барысында вакцина бірінші кезекте өзде-рінің денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қажет екенін атап өтті.

COVID 02.jpg
  - Мені ешкім вакцина қабылдауға мәжбүрлеген жоқ. Өз еркіммен емханаға келдім. Ең әуелі өз денсаулығым үшін алаңдаймын. Менің ауылдастарым вакциналауға белсенді баруда деп айта аламын, - деді Теміржолшылар кентінен келген тұрғынның бірі. Екпе егу пунктіне кезекте отырғандар орташа алғанда 25-30 минут күтетінін айтты. Облыс әкімі күту уақытын қысқарту үшін емханада қосымша пункттер ашуды тапсырды. №4 емханада корона-вирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші және екінші компонентін алатын пациенттер ағынын бөлу туралы шешім қабылданыпты. Егер адамдар алғашқы екпені медициналық мекеменің өзінде алса, екіншісін жақын жерде орналасқан «Ertis Olympic» ғимаратындағы арнайы жабдықталған орыннан қабылдауда. Орташа алғанда, емханаға келушілер атап өткендей, кезекті әр адам 10-15 минут күтеді.

- Мен оқытушы болып жұмыс істеймін және вакцинаның екінші компонентін алдым. Барлық туған-туысқандарым, соның ішінде шет елдерде тұратындар да вакциналаудан өтті. Енді жұмысқа шығуға дайындалудамын, - деді вакцина салдырғаннан кейін бақылау бөлмесінде отырған пациенттердің бірі. Аймақ басшысы «Profimed» жеке меншік клиникасына да барды. Онда бүгінде

8 мыңға жуық павлодарлық тіркелген. Дегенмен мұнда барлық ерікті азаматтар екпе ала алады. Бүгінгі таңда аталған клиникада 3,6 мыңнан астам адам вакциналанған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 


Количество показов: 214

Возврат к списку