«Ertis», алға!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Табыстың көзі - асыл түлік
02.03.2021

Бензин қымбаттады
02.03.2021

Шаңғышылар «шайқасы»
02.03.2021

Спорт музейі ашылды
02.03.2021

Ұлттық өнер белесі
02.03.2021

Көптен күткен қауышу
02.03.2021

Тікұшақпен тапты
02.03.2021

986 топ ашылды
02.03.2021

Қоғамға пайдалы болуы тиіс
02.03.2021

Екпе салу - ерікті шара
02.03.2021

Сүт неге арзандады?
02.03.2021

Сарыарқа самалы, 2 наурыз, сейсенбі
02.03.2021

Ұстаз парасаты
01.03.2021

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

19.01.2021

«Ertis», алға!

Осалы жоқ

Үздік сегіздік жайлы әңгіме бөлек. Біріншілік кестесіндегі кездесулер аяқталған соң, ұпайы жоғары 8 команда плей-офф сынына жолдама алып, чемпиондыққа таласатын болады. Биыл чемпионатта 13 команда бақ сынауда. Пандемия салдарынан былтыр Ресей жоғары лигасында өнер көрсеткен «Торпеда» және «Сарыарқа» командалары, жастар лигасында жүлдеге таласқан «Снежные барсы» командасы ел біріншілігінде жүр. Жоғарыда аталған қос команда ресейлік мықты командалармен кездесіп, мол тәжірибе жинақтап үлгергені белгілі. Содан болар, қазір турнир кестесінің көш басында келеді. Ал құрамы тек жастардан жасақталған «Снежные барсы» ағаларының «жолын кеспей», 13-ші орында тұр.
Жалпы, қазір ел біріншілігінде осал команда жоқ. Бірнеше дүркін ел чемпионы атанған атыраулық «Бейбарыс» Ресейден оралған командалармен иық теңестіріп жүр. Құрлықтық хоккей лигасында жасындай жарқылдаған «Барыс» командасының резервтік командасы саналатын «Номад» командасы да оңай шағылатын жаңғақ еместігін аңғартуда. «Арлан», «Құлагер», «Теміртау», «Алматы» командалары да жүрісінен жаңылған емес.

Жаңа ойыншылар 
һәм жастар

«Ertis» биылғы маусымда ала-құла бастады. Бірде жеңіп, кейде күтпеген жерден жеңіліс тапты. Бас бапкер Владимир Клинганың шәкірттерінің ойыны жағымды әсер қалдырмай жүрді. Жеңістің өзіне әупірімдеп қол жеткізді. Мұны аңғарған жаттықтырушы өткен жылдың соңында тәжірибелі ойыншыларды қатарға қосты. Тіпті, Украина чемпионаттарында өнер көрсетіп жүрген хоккейшілер команда сапын толықтырды.
Жаңадан келген ойыншылар бірден әріптестерімен тіл табысып, шеберліктерімен танылуда. Тіпті, шайба соғып, тактикалық тұрғыдан мықты екендерін дәлелдеп бағуда. Әсіресе, Украинаның «Кременчуг» командасынан ауысқан Евгений Чемериловты ерекше атап өтуге болады. Ол «Ақтөбемен» болған соңғы екі кездесуде 4 шайба соғып, ассистент ретінде де өзін жақсы қырынан көрсетті. Аталған ойыншы былтырғы маусымда «Бейбарыс» командасының намысын қорғаған. Сондық-
тан да, Қазақстан біріншілігі оған таңсық емес.
Жаңадан келген хоккейшілердің қата-рында Иван Киселев, Иван Клепко, Егор Кутигин, Денис Макаров, Александр Шербина, Максим Волков сияқты тәжірибелі ойыншылар бар. Десе де, жасына қарап, тәжірибелі екен деуге болмас. Бұл жайында 34 жастағы Максим Волков өз ойымен бөліскен болатын.
- Бапкерлердің жас және тәжірибелі ойыншыларға талабы бірдей емес. Біз сияқты егде тартқан спортшылар мұз айдынында жүгіріп, күштік әдіс қоданып таң қалдыра алмас. Оны жас хоккейшілер де бізден артық орындайды. Сондықтан да бізден гол және оң нәтиже күтеді. Бұл межеден асып түспесек, командада «қарт» ойыншыларды ешкім ұстамайды. Көбіне жастарға басымдық беріледі, - дейді М.Волков.
Жастар демекші, «Ertis» командасында жергілікті хоккей мектебінің түлектері көп. Бұл көрсеткіш бойынша өзге командалар мақтана алмайды. Жалпы, ережеге сай әр кездесуде әр команданың сапында жастар өнер көрсетуге міндетті. Павлодарлықтар бұл талапты артығымен орындап, жастарға сенім артуда. Атап айтсақ, Юсуп Асуханов, Дидар Түспеков, Кирилл Пак, Диас Атаханов, Давыд Макуцкий, Рүстем Айдаш сияқты болашағынан зор үміт күттіретін жастар көп.

Көптен күткен жеңіс

Ел біріншілігінің кезекті туры аясында павлодарлықтар өз мұз айдындарында «Ақтөбе» командасын қабылдады. Әдеттегі-
дей қос команда қатарынан 2 кездесу өткізді. Маңызды үш ұпай екеуіне де аса қажет еді. Турнир кестесінің 11 және 12 орындарында тұрған командалардың жеңіске ұмтылуы заңдылық болатын. Тартысқа толы қос кездесуде де «Ertis»-тің айы оңынан туып, 6 ұпай еншіледі. Алғашқы кездесуде 4:2 есебі, екінші ойында 6:3 есебі тіркелді. Осылайша, павлодарлықтар турнир кестесінде бір сатыға жоғарылады. Бұл – жерлестеріміздің өткен жылдың 28 қарашасынан бергі алғашқы жеңісі.
Шайба авторларына тоқталсақ, алғашқы матчта Макаров, Зыков, Чемерилов (2) 
мергендігімен танылса, соңғы ойында Макаров, Зыков, Волков, Киселев, Чемерилов (2) көзге түсті.
«Ertis»-тің бас бапкері, словакиялық маман Владимир Клинга қос кездесуді қорытындылап, алдағы жоспарымен бөлісті.
- «Ақтөбемен» болған ойын оңайға түскен жоқ. Екі кездесудің сценарийі бірі-біріне ұқсамады. Алғашқы матчта ақтөбеліктер белсенділігімен ерекшеленіп, қауіпті шабуылдар ұйымдастыра білді. Есепті де алғашқы болып ашты. Бірақ, шәкірттерім қарсы шабуылға шығып, жеңісті жұлып әкетті. Ал екінші кездесуде 4-0 есебімен сенімді ұтып келе жатып, соңғы кезеңде 5 минуттың ішінде 3 шайба өткізіп алдық. Абырой болғанда, мінез танытып, жеңісті ұстап қалдық. Үлкен сабақ болды. Алдағы қарсыласымыз – «Теміртау» командасы. Жалпы, соңғы кездесулердің барлығына финал ретінде қарау керек. Әр ұпай маңызды. Плей-офф сынына жолдама алу үшін көп тер төгу керек, - дейді В.Клинга.

Сурет «Ertis» ХК баспасөз қызметінен алынды. 


Количество показов: 85

Возврат к списку