Ескі дөңгелектерден қалай құтыламыз?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

Қосымша ақы – нәтижелі еңбек
20.02.2021

Ерікті түрде егіледі
20.02.2021

Шұғыл көмек көрсетеді
20.02.2021

Артық төлем қайтарылады
20.02.2021

Орынбасар қызметінен кетті
20.02.2021

Үш есе кеңейтілді
20.02.2021

Кеншілер шаһары қалай жаңғырады?
20.02.2021

Ерте қамдануда
20.02.2021

20 ақпан, сенбі
20.02.2021

Теміржол кластері жандана бастады
18.02.2021

Көлікжайдан басталған бизнес
18.02.2021

Ескі дөңгелектерден қалай құтыламыз?
18.02.2021

Ұлттық жобадан ұтарымыз не?
18.02.2021

Анна уәдесінде тұрды
18.02.2021

Қоғам тілегі ескеріледі
18.02.2021

Басқармаларда - жаңа басшылар
18.02.2021

Даңқты даналар династиясы
18.02.2021

Ұлттың үні – қазақ радиосы
18.02.2021

Редакцияға оралмаған жетеу
18.02.2021

Наурыз мейрамы - жаңаша сипатта
18.02.2021

Бастысы - азаматтардың сенімі
18.02.2021

«Электрондық биржада» не өзгерді?
18.02.2021

«Тап мені» жүйесі тиімді бола ма?
18.02.2021

Мұқтаж жандарға - жайлы баспана
18.02.2021

Өзгерістер жолы
18.02.2021

18 ақпан, бейсенбі
18.02.2021

«Қазөнер» қолдаусыз қалмады
16.02.2021

СПОРТ
16.02.2021

Әділет жүйесінің діңгегі
16.02.2021

Басқарма тізгіні - Байжановта
16.02.2021

Берекеде - жаңа мешіт
16.02.2021

Еріктілердің еңбегі ерен
16.02.2021

Діни ахуал - тұрақты
16.02.2021

Парасат жолында
16.02.2021

Науқастарды қабылдай бастады
16.02.2021

Дайындық мығым
16.02.2021

Ауғанның жерін көргендер
16.02.2021

Клубтардағы ойын-сауық тыйылмай тұр
16.02.2021

Мораторий енгізіледі
16.02.2021

Бұрынғы ақсақалдар қайда?
16.02.2021

16 ақпан, сейсенбі
16.02.2021

Көптен күткен ұпай һәм шайба
13.02.2021

Ескі дөңгелектерден қалай құтыламыз? 18.02.2021

Ескі дөңгелектерден қалай құтыламыз?

Жүк және жеңіл көліктердің дөңгелектері – жанған кезде улы газ бөлетін әрі экологияға кері әсер ететін материалдардың бірі. Сондықтан жарамсыз болып қалған шиналарды сақтамаған дұрыс. Оларды қала, ауыл сыртындағы қоқыс полигондарына шығаруға тағы болмайды. Сонда қайтпек керек? Ескі дөңгелектерден қалай құтыламыз?

Бұл сұрақтардың жауабын павлодарлық кәсіпорын – «Eco Gold» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жақсы біледі. Дәл осы кәсіпорын соңғы екі жыл аралығында шиналарды утилизациялаумен айналысады. Бұл бағыттағы кәсіпті дөңгелетуге рұқсат беретін тиісті сертификаттары бар. Сондықтан, ескі дөңгелектерді ресми түрде қабылдайтын облыстағы жалғыз орын болып саналады. 
Бірақ бұл компанияға тозығы жеткен дөңгелектерді тапсыратын тұрғындар ілуде біреу. Кәсіпорын директоры Павел Пастушенконың айтуынша, кейбір тұрғындар ескі заттан құтылғысы келмей, көлікжайда жылдар бойы жинайды. Енді біреулер шиналарды қабылдайтын арнайы орынның барынан бейхабар.  
- Ескі дөңгелектерді қоқыс полигондарына шығаруға болмайды. Бұл – санитарлық нормаларға қайшы әрекет. Аулада, көлікжайда, басқа да нысандарда жарамсыз түрлерін сақтауға да рұқсат жоқ. Сондықтан кейбір кездері ескі шиналар көшелерде, жолдың жиектерінде шашылып жатады. Қала сыртында мұндай жағдайларды жиі байқауға болады. Ал біз сол дөңгелектерді ірі зауыттардан, қарапайым тұрғындардан қабылдап, қоқысты дайын өнімге айналдырып отырмыз. Бірақ қуаттылықты толығымен пайдалану үшін бізге шикізат, яғни тозығы жеткен, жарамсыз болып қалған дөңгелектер жетпейді, - дейді П.Пастушенко. 
Сондықтан кәсіпорын басшылығы жергілікті биліктен көмек сұрап, шикізатпен қамтамасыз етуге қолғабыс жасауды өтінді. Кәсіпкердің бұл өтініші жерде қалмады. Облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Дәурен Усахановтың айтуынша, «Business Eco Ertis» өңірлік бағдарламасының аясында автомобиль дөңгелектерін жинау және утилизациялау бойынша жоба жасалды. 
- Соған сәйкес, «Eco Gold» кәсіпорны, өңірдегі зауыттар, шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен онлайн форматта кездесулер ұйымдастырылды. Бұл басқосулар өз нәтижесін берді. Бүгінде резеңке өнімдер шығаратын өндіріс орны шикізатты жеткізу бойынша бірқатар келісімшарт жасады. Сонымен қатар, дөңгелек ауыстыру орындарымен байланыс оң жолға қойылды. Осы бағыттағы жұмыстар арқылы кәсіпорын шикізаттан бұрынғыдай тарықпайтын болды, - дейді Д.Усаханов. 
Иә, басқарманың қолдау көрсетуімен бүгінде ескі дөңгелектерді өткізуге әзір компаниялар саны көбейді. «Eco Gold» басшылығы олармен келісімшарт жасап, жүк көліктерінің дөңгелектерін белгілі бір сомаға сатып алады. Ал қарапайым тұрғындардан тегін қабылдайды. 
- «Business Eco Ertis» өңірлік бағдарлмасы аясында көрсетілген көмектің нәтижесінде жұртшылық дөңгелектерді қабылдайтын арнайы орынның барын біле бастады. Интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде көрсетілген 8-777-295-39-52 нөміріне хабарласып, ескі шиналарды алып кетуді сұрайды. Біз аталған мекенжайға барып, дөңгелек тапсырушыға утилизацияға қатысты тиісті анықтаманы береміз. Кейбіреулері бірнеше жыл бойы жинаған қалдықтарды, енді бірі аулада, саяжайда жатқан ескі заттарды өткізеді. Бұл ретте тапсырылған шина үшін ақша төленбейтінін баса айтқым келеді. Егер дөңгелектерді қабылдау қызметін ақылы түрде жүргізсек, оның соңы ұрлық-қарлыққа әкеп соқтыруы әбден мүмкін. Автомобиль тұрақтарында тұрған көліктердің дөңгелектерін қолды ететіндер қатары көбейіп кете ме деп қауіптенеміз. Сондықтан шиналарды тегін жинаймыз. Күніне кем дегенде 5-10 тапсырысты  орындаймыз,  - дейді кәсіпорын директоры. 
Ескі дөңгелектер кәдеге жарап, резеңке өнімдердің шикізаты ретінде қолданылады. Алдымен кәсіпорын жұмысшылары жиналған шиналарды арнайы құрылғыға салады. Бұл құрал шиналарды әбден ұсақтап, оның құрамындағы металлды жеке, текстильді талшықтарды жеке бөліп шығарады. Күрделі өңдеу нәтижесінде ұсақ түйіршіктер пайда болады. Оны аулаларды, спорт алаңдарын абаттандыруда пайдаланады. 
- Резеңке түйіршіктерден төселген жабынды бетоннан құйылған жабындыларға қарағанда әлдеқайда қауіпсіз әрі экологиялық тұрғыдан таза. Мәселен, орталық стадионды, аудан-қалалардағы балаларға арналған ойын, спорт алаңдарын жөндеп, жүгіру жолақтарын жасаған кезде біздің өнім қолданылады. Соңғы уақытта құрылыс компаниялары тарапынан осы өнімге сұраныс зор. Біз сол сұранысты орындап, жергілікті өніммен қамтуға баса мән беріп келеміз, - дейді П.Пастушенко. 
Бірақ кәсіпорынның толық қуаттылықты пайдаланып жұмыс істеуі үшін күн сайын бірнеше зауыт пен ондаған тұрғыннан жиналатын дөңгелектер әлі де аздық етеді. Сондықтан жарамсыз шиналар көзіңізге түсіп жатса, қабылдау пунктіне хабарласқаныңыз жөн. Сол арқылы экологияның жақсаруына әрі жергілікті экономиканың дамуына сәл де болсын үлес қосарыңыз анық.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА 


Количество показов: 73

Возврат к списку

Раздел не найден.