Фотожылнамашы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Табыстың көзі - асыл түлік
02.03.2021

Бензин қымбаттады
02.03.2021

Шаңғышылар «шайқасы»
02.03.2021

Спорт музейі ашылды
02.03.2021

Ұлттық өнер белесі
02.03.2021

Көптен күткен қауышу
02.03.2021

Тікұшақпен тапты
02.03.2021

986 топ ашылды
02.03.2021

Қоғамға пайдалы болуы тиіс
02.03.2021

Екпе салу - ерікті шара
02.03.2021

Сүт неге арзандады?
02.03.2021

Сарыарқа самалы, 2 наурыз, сейсенбі
02.03.2021

Ұстаз парасаты
01.03.2021

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

23.01.2021

Фотожылнамашы

Д.Багаев атындағы музей-үйі 2001 жылы 30 қаңтарда ашылған. Музей үйінің өзі XIX ғасырдың соңындағы мещан тұрмысының тарихы және сәулет ескерткіші болып табылады. Музей үш экспозиция бөлмесінен, фотопавильоннан және қорықты мекеннен тұрады. Бүгінде оның қорында 146 құнды жәдігер бар. Музей-үйінің маманы Гүлнәр Ізтулинаның айтуынша, Дмитрий Багаев Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің негізін қалаушы және тұңғыш директоры болған.  
- Бұл үйде Д.П.Багаев 1905-1958 жылдары тұрды. Осы үйде ол Павлодар қаласындағы алғашқы фотосалонын ашты. Небары 16 жасында қолына фотоаппарат ұстап, фотоға түсіру өнерін меңгерген. Ол барлық бос уақытын фотоға түсіру ісін зерттеуге жұмсайды. Қолға алған ісін терең меңгеру үшін 1903 жылы Омбы қаласында тұратын Батыс-Сібірдің белгілі фотографы Коркинге хат жазып, фотосуреттерін салып жібереді. Көп уақыт өтпей-ақ оқуға шақырған жауап хат келеді. Сөйтіп екі жыл бойы жәрдемші ретінде Коркиннің шеберханасында оқып үйренеді, - дейді Г.Ізтулина.
1905 жылы Багаев Павлодарға қайтып келіп, осы үйде фотосалон ашады. Кейіннен Багаев Семей генерал-губернаторының фотоға түсіруге берген рұқсат қағазын алып, адамдарды фотосуретке түсіре бастайды. 
- Дмитрий Багаев фотосуретке түсіру-
мен қатар, қаланың саяси өміріне де ара-
ласып, Борис Гильманның социал-демо-
кратиялық үйірмесіне кіреді. Ол Павлодар-
дан Семей түрмесіне барып, саяси тұт-
қындарды жасырын түсірген. Ол суреттер «Советский Союз» журналында орыс, ағылшын тілдерінде басылып, бүкіл әлемге танылады, - дейді ол. 
Музей-үйінің бірінші залынан шебердің күнделікті өмірде, жұмыста қолданған жеке заттарын көруге болады. Яғни, жазу үстелі, вена орындықтары, майданнан қызы Валентина әкеліп берген портативті жазу машинкасы, қабырға бойлай қойылған екі шамшат кресло, ұзынша үстел, оның қарсысында Багаевтың салонында түсірілген көптеген фотосуреттер ерекше сән беріп тұрған жұмсақ кресло, қызы Валентина музейге сыйлаған заттары бар. 
- Фотосуретші өмір бойы ғылыми-зертеу жұмыстарымен айналысқан. Салт атпен, кейде жаяу жүріп, өлкеміздің барлық жерінде болды. Көп жылдар бойы халықтың тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын суретке түсірген. Музейіміздің 3-залынан Багаевтың түпнұсқалық фотосуреттерін, соның ішінде «ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының өмірі мен тұрмыс салты» фотокөрмесін тамашалауға болады. Мұнда қазақ халқының тарихы, этнографиясы, бейнеленген. Мәселен, «Ошақ қасындағы әйел», «Айырбас алаңы», «Орақ», «Кеңбайтақ дала», «Су тасушы-
лар», «Көш», «Мал суару», «Бақташы», «Кең даладағы ұлдар» суреттері бар, - деді музей-үйінің маманы.
Фотопавильонның басты экспонаты - Д.Багаев 1928 жылы Мәскеуден алып келген, Австрияда жасалған «Voigtlender & sohn» бірегей фотокамерасы. Сонымен қатар, шебердің алғашқы фотоаппараттарының бірі «Фотокор», құрастырмалы тағанды жол камерасы, әйгілі «Кодак» фирмасының фотоаппаратын да көруге болады.
- Д.П.Багаевтың жұмыстары Қазақстан-
да ғана емес, өзге де елдерге кең таны-
мал. Уақыт өткен сайын оның фотосурет мұрасының құндылығы мен оған деген қызығушылық арта түсуде. Мемориалдық музей-үйі еліміздегі жалғыз фотосурет музейі болып саналады, - дейді Г.Ізтулина. 
Айта кетелік, Дмитрий Поликарпович өмірінің соңына дейін өзі негізін қалаған облыстық тарихи-өлкетану музейінің ди-
ректоры болып қызмет етеді. Багаевтың  жұбайы Марина Степановна 5 ұл мен 
1 қызды өмірге алып келеді. Әйелі өмірден өткен соң балаларын өзі тәрбиелеп өсірген. Д.Багаев 1958 жылы 23 шілдеде қайтыс болады. 
Фотосуретшінің барлық фотосуреттері топтастырылған «Уақыт кестелеген суреттер» атты кітап 2018 жылы 3 тілде жарық көрді.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ,
Суреттерді түсірген – автор.     


Количество показов: 82

Возврат к списку