Ғибратты Ғалым

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Ғибратты  Ғалым 01.04.2021

Ғибратты Ғалым

Әр халықтың уақыт, заман ағымындағы тарихи көшінде жылдар жылжып, зымырап ғасырлар ауысса да, уақыт сынына бой алдырмайтын, тот баспайтын мәңгілік біліми-ғылыми, рухани құндылықтары болады. Мұндай құндылықтар адами болмыстың табиғи тектілігіне қатысты. Ұстаз Тәжібай Шаймерденовтің табиғи болмысынан адалдықтың лебі есіп тұратын. Көзі қарақты, сөзі шырынды, көңілі бай, ішкі-сыртқы біліктілігі ұдайы өрлеу үдерісінде екендігіне қарамағындағы қызметкерлерінің көзі жеткен еді.

Екібастұздағы қалалық оқу бөлімінің басқару кезінде тәртібі, үлгерімі талапқа сай келмейтін оқушылардың ата-аналарының жауапкершілігін арттыруда Тәжекеңнің қосқан үлесі зор. Оның көрсеткіші Қазақстан Орталық партия комитетінің бюросында мақұлданып, екібастұздықтардың бала тәрбиесі жөніндегі, жалпы жастарды тәрбиелеу жөніндегі бастамасын бүкіл республикаға таратылды. КСРО оқу министрлігі бұл тәжірибені алқада қарап, қалалық білім беру басшысының тұжырымдамалық баяндамасынан кейін бүкіл Одаққа таратылғаны газет беттеріне жарияланған. Тәжекеңнің облыстық оқу бөлімін басқаруының кредосы (бүгінгі өлшеммен айтсақ): «Оқу-білім нысанын басқаруда сергек, сақ жүру; рахат пен машақаттың қатар екенін түсіну, ескеру. Сүйініш пен күйініштің жұптасуына мән беру, қатты қуанудың өзі қайғыны шақыру». Бұндай өз-өзін нәпсіліктің қақпанына түспей, бірқалыпты, байыпты, салиқалы, салмақты, мінез-құлықпен өмір сүргеніне таныс-тары, жолдастары, дүйім жұрт күмән келтірмейтініне сенімдімін. Тәжібай ағаның қамқорлығы - қатаң тәртіп орнату, оның өзін дауыс көтермей, сабырмен бір-екі сөйлемін шегелеп айтуымен ықпал ететін. Эмоциямен қарым-қатынас құру сол қоғамның басымдығына айналса да, бастығымыз ешуақытта сезім жетегінде кетпей, нұрлы да, тұғырлы бағыт-бағдар беретін. Жүсіп Баласағұнның ізгілікті жан үлгісіндегі: «Тәртіп орнап, жұрт байыды, білісті. Бөрі мен қой бірге тұрып, су ішті», деген пәлсапалық талабына Тәжекеңнің басқару стилі дәлме-дәл үндесіп келетін. Оның айғағы - мен, М.Төлегенов, Қ.Текенова мен Темірбай (бас бухгалтер) және басқа да қарамағындағы адамдардың бәрі дерлік бір тиын шығын шығармай, баспана алдық. Ауызша «Рақмет» айтқанымыз бар, айтпағанымыз бар. Бүгінгі күні пәтер алу үлкен көкейкесті мәселе болып отыр. Осындай проблемаларды ақпарат ағынынан естігенде, әлі күнге дейін Тәжекеңнің ізгілігі мен біздерге берген нығметіне күн сайын рақмет айтамыз. Мұндай қамқорлыққа мен ғана емес, барлық қызметкерлер де қол жеткізді.

Ол кезде мәрттік жасау екінің бірінің қолынан келмейтінін бүгінгі монополияның дендеп орныға бастауы тұсында түсініп отырмыз. Бастық-шенеуніктердің басымы басқа ұлт өкілдері болғанына қарамастан алдымен өз қамын қамдамай, қызмет-керлерінің тұрмыстары жақсы деңгейде болуына әрдайым қолайлы жағдай жасап келді. Мұндай беделдің өзіне Тәжекең «бармақ басты, көз қыстылықпен» емес, жағымпаздық көрсетумен емес, өзінің еңбекқорлығымен, білім мен тәрбие саласында жүрген қауыммен, өзінен жоғары тұрған тұлғалармен унификациялы сұхбат құрудағы кәсіби шеберлігімен, интеллектуалды әлеуетімен жеткені анық. Ішкі ұстанымын Жүсіп Баласағұнның бектер туралы айтқан тұжырымымен өлшесек, Тәжібай Рахметоллаұлының сол критерийге дәл келетініне көз жеткізу қиындық туғызбайды. Жүсіп Баласағұнның бектерге берген критерийі:

«Бұл бектер – от! Отқа жақын бармағын!

Егер барсаң – күйіп, күл боп қалғаның!..».

Тәжекең кадр мәселесін шешуде алдына жан салмайтын. Инспектор-әдіскерлері, директорлары, оқу ісінің аудандық, қалалық, облыстық, аймақтарындағы мамандарды өзі таңдап, іскерліктері мен білікті-шығармашыл қабілеттерінің бір-біріне ұқсамайтын даралық болмыстарына, ізгілікті ұстанымдарына қарай байқастап, іс-сапарға барғанда өз міндеттерін нәтижеге бағындырып орындауларына мән беретін. Бұл орайда, Жүсіп Баласағұнның мына бір тұжырымы үндес келеді:

«Бас көтерсе жақсы; жаман жорғалар, ...

Егер ізгі болса елдің басшысы,

Түгел ізгі болар атшы, қосшысы...».

Зейнетке кетер алдында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп, мектеп басшыларының бақылауы мен қадағалауы нысанының нәтижеге жету мәселелерін зерделеп, оның әдіснамалық негізін орыс тілінде жазып, диссертациялық жұмысын қоғады.

1988 жылы «Қазақ мектептерін ғылыми жолмен басқару. Жас жеткіншекті жан–жақты зерттеу жолдары» туралы кандидаттық диссертациясын қорғап, «Педагогика ғылымдарының кандидаты» атанды. Зейнеткерлікке шығып, әрі қарай еңбек жолын ғылымға арнады. Тәжірибеге тағылым, ғылыми негізді жүгіндіріп, «Мектеп басқару негіздері», «Мектеп басқаруды жетілдіру», «Тәрбие тағылымы», «Детям общую заботу», «Ұстаз ұлағатты ұғым, «Все начинается с учителя», «Тәлімгер тұлғалар - Наставники». «Өмір өткелдері» атты еңбектерін кітап қылып жазып, бірнеше мың таралыммен басып шығарды. Бұл - мәңгілік жоғалмас еңбек.

1976 жылдың 17 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша «Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген мұғалімі» құрмет атағы берілді. Сонымен бірге екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, бірнеше медальдармен, көптеген Құрмет грамоталарымен марапатталған. Тәжекеңнің өмірбаяны туралы толық мәлімет «Қазақ жерінің зиялы азаматтары» - «Почитаемые люди земли казахской» атты үлкен кітаптың VII томына да енген.

Тәжібай Рахметоллаұлының мектептің ғылыми-тезаурустық негізін қалау, оны нұсқалы тұрғыда басқару үдерісі әр білім игертетін шаңырақтың жеке мүмкіндігін ескерумен жүзеге асыруға бағдар жасағаны мәлім. Бұл - кешегі 20-ғасыр ғалымдарының емес, бүгінгі педагогика ғылымының да көкейкесті проблемесы. Тәжекеңе дейін оқушылардың білімін біліми-ғылыми тұрғыда қамтамасыз етудің амал-тәсілдері зерттеу нысаны ретінде қабылданбаған. Зерттеу жұмысын зейнетке жақындағанда жүргізгенінің өзі Тәжекеңнің көрегендігі. Нақтыласақ, бәлен жылғы жинақтаған тағылымы мен прагматикалық іскерлігін кейінгі ұрпаққа мұра ретінде қалдыру үдерісінде жеңіл-желпі қарамай, оның түбінде тозбасына, үздіксіз идеяларының білім алушылардың қажетсіну уәжіне жарарлықтай қызмет атқаруына қам жасағаны бәрімізге үлгі-өнеге. Бақилыққа аттанғанға дейінгі кезеңінде кітап жазу, феноменді ой-идеялар түзу, оның өмір сүруге қажеттілігін саралау секілді дүниелерге мән беріп келді. Өзінің пендешілігін мүлдем жойып, зерттеу жұмысын тек диссертация жазумен шектемей, оның жалғасының үзілмеуін бағамдап отырды. Әрбір ғалым осындай ел игіліне қажетті зерттеулер жазса, оның орындалуын қадағаласа, ғылыми беделі күннен-күнге ажарлана түсер еді. Тәжібай Рахметоллаұлының маман таңдаудағы құзыреті Жүсіп Баласағұнның: «Адам естен басқаны білімімен алады, білім, оқу-тоқуды еңбегімен табады» - деген бәйіттерімен тоғысады. Жүсіп Баласағұн еңбегін Тәжібай Рахметоллаұлы ұстаным ретінде ала алмады. Өйткені, Вена қаласынан табылған бұл рухани құндылықты Қазақстан Республикасы 1986 жылы ғана баспадан шығарды. Сондықтан бұл мұраны басшылыққа алмаса да, тектілігі елден ерекше Тәжекең өзінің табиғи болмысындағы ұлттық ұстанымын басқа ұлт мәдениетімен, біліктілігімен, ғылыми-лығымен консолидациядан өткізгенін байқаймыз. Кеңес үкіметінде өз ұлтының мүддесін бақырайтып сырт көзге көрсетпегенімен, біздер, қарамағындағылар, жықпай танитын едік. Мақаламыздың басында айтып өткен Тәжекеңнің еңбекқорлығы білім мен ғылым жасау тұрғысындағы үздік іс-әрекеті дегенге саяды. Зейнетке шыққаннан кейін облыстық оқу бөлімінен бөлініп шыққан мұғалімдердің біліктілігін көтеру институты мекемесінде «Педагогика кафедрасының меңгерушісі» қызметін атқарды. Ол қызметте де өзінің ізгілікті де тынымсыз еңбегінен жаңылған жоқ. Осындай жұмысты атқару барысында талай-талай әртарапты басқару стилінде пайдалы оқу құралдарын, монографияларын, ғылыми еңбектерін кейінгі ұрпаққа аманат етті. Қабыш жеңгеміз - Павлодар педагогикалық училищесінде (педколледж) оқытушы болып, еңбегінен із қалдырып, маман даярлаған тұлға. Нағима, Сәуле, Нәйла атты үш періштесі мен Асқар атты бір ұл баланы өмірге әкеліп тәрбиелеген. Нағима музыка саласының маманы болса, Сәуле мен Нәйла - дәрігер. Ал Асқар - мамандығы бойынша инженер. Тәжібай аға облыстың білім басқармасын 1965-1988 жылдар арасында 24 жылдай басқарып, үлкен абыройға ие болды. Облыстың білім беру саласын респуб-лика және Одақ көлемінде танымал етті. Дос-жарандары Қ.Нұркин, Х.Демесінов, С.Сағынаев және т.б. Тәжібай Рахметоллаұлын «Луначарский» деп атаған. Бұл жай ұқсату емес. Елін, Отанын, Отбасын сүйген Тәжекең – өзінің қайталанбас мәртебесімен болашақ ұрпаққа із қалдырған тұлға.

 

Еңлік ЖҰМАТАЕВА,

педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик, Торайғыров университеті Ж.Аймауытов атындағы этнопедагогика және білім берудің инновациялық технологияларының ғылыми-практикалық орталығының директоры.

 


Количество показов: 118

Возврат к списку