Індет қайта өршіді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Індет қайта өршіді 31.07.2021

Індет қайта өршіді

Дүниежүзін діңкелеткен COVID-19 жұқпалы індеті біздің аймақта қайта өрши бастады. Өңірімізде коронавируспен ауырғандар саны күн санап еселеніп, қайтыс болғандардың статистикасы да өсіп келеді. Жыл басынан бері 225 адам көз жұмған.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов хабарлады.

- Қазіргі уақытта 1283 адам ауруханада емделіп жатыр. КВИ жұқтырған-дарға арналған төсек-орындардың 54,3 пайызы толды. Осы аурудан жыл басынан бері 225 адам көз жұмды. Қайтыс болғандар саны шілде айында күрт өскен. Бір айдың ішінде 60 адам дүние салды. Қаза болғандардың ең үлкені 88 жаста болса, ең жасы – 25-те, - деді Айдар Сейітқазинов. Басқарма басшысының сөзінше, КВИ-ге қарсы екпе салдырушылардың саны да өсіп келеді. Қазіргі уақытта 217 мыңнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алған болса, екі компонентін де салдырғандар саны 146 мыңнан асқан. Бұл - облыс тұрғындарының 19,5 пайызын құрайды. Осы аптада жергілікті клиникаларға «Спутник V» вакцина-сының 10 мың дозасы, «QazVac» вакцинасының 5 мың дозасы жеткізілді. Сонымен қатар, Қытайда өндірілетін «Sinovac»-тің 46 мың дозасын әкелу жоспарда бар. Коронавирусқа қарсы екпе алғандар арасында ауырып жатқандар да бар. Яғни, бірінші компонентін салдырған 126 адам тіркелген. Ал екі компонентін бірдей алған бір адам жансақтау бөлімінде жатыр. Ол адамның денсаулығы бұған дейін де нашар халде болған. Тағы бір жағымсыз мәлімет, аймағымызда жүкті әйелдердің КВИ жұқтыру дерегі көбейген. Соңғы бірнеше күннің ішінде 10 шақты әйелден қауіпті вирустың белгісі табылыпты.

- Ауруханаларға КВИ жұқтырған жүкті әйелдер көп түсуде. Қазіргі уақытта 44 жүкті әйел емделіп жатыр. Жақында өкпесінің 90 пайызы қабынған жүкті әйел аман-есен босанды. Сондықтан, аяғы ауыр әйелдерге қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеміз, - дейді басқарма басшысы. №1 Павлодар қалалық аурухананың акушер-гинекологы Ирина Красильнико-ваның сөзінше, жүкті әйелдердің ауру жұқтыруы іштегі балаға да зиян. Түсік тастауына, тіпті іштен шетінеп кетуіне дейін жеткізеді. Сараптама нәтижесінен COVID-19 симптомы барын білген әйелдердің көбі психологиялық тұрғыда күрт нашарлап кететінін айтады мамандар. Айта кетейік, осы уақытқа дейін Павлодар облысында 29 799 адам коронавирус жұқтырған болса, 26 671 адам жазылып шықты. Ал өткен жылдан бері өңірімізде аталмыш індеттен 312 адам қайтыс болған.

Тілеуберді САХАБА.

 


Количество показов: 203

Возврат к списку