Індетті жеңетін күш – бірлікте!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жеке куәлік - телефонда
26.01.2021

Шектеуді елемеген
26.01.2021

Өтініш қабылдау басталды
26.01.2021

Карантин күшейтілді
26.01.2021

Жаңа бағыт ашылады
26.01.2021

26 қаңтар, сейсенбі
26.01.2021

Фотожылнамашы
23.01.2021

Монополист неге белсенді емес?
23.01.2021

Тексеру нені көрсетті?
23.01.2021

Көпшілік күткен өзгеріс
23.01.2021

Электронды үлгі маңызды
23.01.2021

Әр сауал жауапсыз қалмайды
23.01.2021

Тісіңізді тегін емдетіңіз!
23.01.2021

Ақылы тест басталды
23.01.2021

23 қаңтар, сенбі
23.01.2021

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?
21.01.2021

«Бір әннің тарихы»
21.01.2021

Ғашықтық әуені
21.01.2021

Скетчинг деген бір өнер...
21.01.2021

Ұлы дала ұлағаты
21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?
21.01.2021

Намыс деген – тілің, Отаның, дінің
21.01.2021

Аудандар бақылауға алынады
21.01.2021

Ауызсумен қамту өзекті
21.01.2021

Вакциналау ақпанда басталады
21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу
21.01.2021

Әкімдер есеп беруде
21.01.2021

Мұз өткелдері ашылады
21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...
21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары
21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың
21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!
21.01.2021

21 қаңтар, бейсенбі
21.01.2021

«Ertis», алға!
19.01.2021

Қолөнер шеберлеріне қолдау
19.01.2021

«Менің туым - айбарлы!»
19.01.2021

Дәрігерлерге мың алғыс!
19.01.2021

Жомарттық танытты
19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?
19.01.2021

Қолжазбаны көшіретін қосымша
19.01.2021

Сарқынды судың әлегі
19.01.2021

Жаза күшейді
19.01.2021

Бар үміт - екпеде
19.01.2021

45 градус аязда қатпайды
19.01.2021

ЭЦҚ алуға міндетті
19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?
19.01.2021

19 қаңтар, сейсенбі
19.01.2021

Атақтарын қорғады
16.01.2021

Бибісары әулие
16.01.2021

Кінәрат - тозған құбырларда
16.01.2021

Тариф арзандайды
16.01.2021

Алғашқы сессия
16.01.2021

Аймақтағы ахуал мәз емес
16.01.2021

Кешенді реформалар жүргізіледі
16.01.2021

Жаңа басшы таныстырылды
16.01.2021

Көлік бағасы қалай құбылды?
16.01.2021

Жедел жәрдемге жүгіну жеңілдеді
16.01.2021

16 қаңтар, сенбі
16.01.2021

Берері мол «Business Ertis»
14.01.2021

Депутаттар белгілі
14.01.2021

31.12.2020

Індетті жеңетін күш – бірлікте!

- Айдар Кенжетайұлы, кенеттен келген кеселден бәріміз абдырап, әуре-сарсаңға түскеніміз рас. Алғашқы ауыр соққылар ақ желеңділерге тиді. Аймақтық медицина төтеннен топ етіп түскен «жау» - вирусқа қанша-лықты төтеп бере алды? 
- Қытайда алғаш рет тіркелген қауіпті дерт көз ілеспес жылдамдықпен тарап, әлемдегі миллиондаған адамның өмірін жалмады. Вирус аспанасты елінің шекарасынан шыққан соң бізге де тез арада қамдануға тура келді. Себебі іргемізде жатқан мемлекеттен кез келген уақытта жетіп қалуы ықтимал еді. Сондықтан облысымыздың инфекционист дәрігерлері өз саласының майталман мамандары болса да әлі ешкімге белгісіз дертті жеңу үшін қайта оқудан өтті, білім-біліктерін жетілдірді. Бір қиыны - сол кезде оған нақты қандай шаралар ем боларын ешкім білген жоқ. Қаңтар айынан бастап Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеді. Наурыз айының ортасында елімізде алғашқы жағдай тіркелген соң барлық емдеу мекемелерінің өкілдері аяққа тік тұрды. 27 наурызда біздің аймақта коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқас анықталған сәтте дәрігерлердің дені дайын болды. Бірақ вирус дес бермей, одан әрі тарала берді. Сол кезде медицина қызметкерлерінің барлығының жүктемесі еселене түсті. Облыс басшылығының тікелей қолдауымен қомақты қаражат қарастырылып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Кешенді жоспар әзірлеп, соған сәйкес жұмыс істедік. Бүгінде әлсіз жеріңді дөп басып, бар ауруды одан әрі асқындырып жіберетін «жауды» жеңу жолдарын түсініп, сол бағытта әрекет етіп жатырмыз. 
- Дәрігерлерге оңай болмағаны рас. Тіпті, медициналық оқу орындарының соңғы курстарында білім алып жүрген студенттерді, қолына енді ғана диплом алған түлектерді, осы саланың ардагерлерін бірлесе әрекет етуге шақырып едіңіздер...
- Өкінішке қарай, осы қатерлі дерттің кесірінен өз ісінің білікті, тәжірибелі мамандарынан айырылып қалдық. Ольга Лошманова, Байболат Қазбеков, Марат Қабылбаев, Әйгерім Мұқашева, Гүлбаршын Шәріпова сынды ісіне адал медицина қызметкерлері қауіпті індеттің құрбаны болды. Жалпы, бұл кезең емдеу мекемелерінде еңбек етіп жүргендерге оңай болған жоқ. Басқасын былай қойғанда, вирустан қорғайтын арнайы киімнің өзі ыңғайсыздық тудырады.  Бақылаулар, емдік процедуралар, палаталарды тазалау, тамақ үлестіру – барлығын арнайы киімді киген соң ғана жасайды. Ал бұл киім су өткізбейтін материалдан жасалғандықтан, кейде ауа жетпейді. Осы қорғаныс киімімен 2-3 сағат, кейде одан да көп уақыт жүреді. Қолайсыздықтарға қарамастан, өзінің және өзгелердің денсаулығын сақтау үшін шыдап келеді. Сол үшін абзал жандардың барлығына алғыс айтқым келеді.  
Сіздің сұрағыңызға оралсақ, көктем-жаз кездерінде медициналық білімі бар жерлес-теріміздің көмегі ауадай қажет болды. Себебі дәрігерлер, мейірбикелер тек емдеу орындарының өзінде емес, триаж-орталықтарда, блок-бекеттерде, тағы да басқа орындарда еңбек етуі тиіс еді. Сондықтан облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов үндеу жасап, облыс тұрғындарының өміріне бейжай қарамайтын азаматтарды вирусқа қарсы бірлесе күресуге шақырды. Бүгінде бұл бағыттағы жұмысты қорытындылай келе, облысымызға 157 жас дәрігер, 
129 орта медициналық қызметкер келгенін айта аламын. Құрамына 157 дәрігер, 
238 орта және 185 кіші медициналық қызметкер кіретін арнайы резерв құрылды. COVID–19 кеңінен белең ала қалса, дәл осы адамдар көмекке келеді. 
- Қор демекші, маусым-шілде айлары аралығында жұрт дәрі-дәрмек таппай, әбігерге түскен болатын. Сол тұста облыста алғаш рет тұрақтандыру қоры құрылды. Бұл қадам қажетті препараттармен қамту мәселесін шешті ме? 
- Дәріханаларда дене қызуын түсіретін, вирусқа қарсы қолданылатын дәрілердің, антибиотиктердің саны азайып, бағасы қымбаттағаны рас. Тұрғындар тарапынан бұл мәселеге қатысты шағымдар, ұсыныс-тілектер жиі түсті. Облыс басшылығы бірден қажетті шараларды қолға алып, дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау мақсатында тұрақтандыру қорын құрды. Соның нәтижесінде мәселе шешілді деуге болады. Айталық, бірінші лекпен жеткізілген препараттар облыстың 88 дәріханасына таратылды. Екінші лек кезінде 700 мыңнан астам қаптама мен құты ұшақпен жеткізіліп, ұзақ уақытқа жететін қор жинақталды. Құзырлы мекеме өкілдері мониторинг жасап, дәрілердің бағасын бақылауға алды. Қазіргі кезде бұл бағыттағы жұмыс бір ізге келтірілді. Медициналық мекемелер 45 күнге жететін жеке қорғаныс заттарымен, коронавирустық инфекцияны емдеуге қажет 26 түрлі дәрі-дәрмекпен толық қамтылды. 
- Дәл сол кезде өкпені жасанды жел-
дету аппараты, оттегі концентраты сынды медициналық құралдардың атауы жалпақ жұрттың күнделікті сөздік қорына қосылды. Кейбір облыстың тұрғындары қажетті аппараттарды шарқ ұрып іздеп жүргенін көрдік. Ал біздің өңірде бұл жағы қалай болды? 
- Облыстың медициналық мекемеле-
ріндегі өкпені жасанды желдету аппарат-тарының саны үш есеге көбейіп, 352-ге жетті. Сол сияқты оттегімен қамтылған төсек-орындар саны 6 есеге ұлғайды. Емдеу орындарында 11 компьютерлік томограф және 82 рентген-аппарат бар. Осы уақытқа дейін 3 оттегі станциясы қойылды, алтауын орнату жұмыстары аяқталуға таяу. Оған қоса, тағы 9 станцияны іске қосуға қатысты жұмыстар басталып кетті. Бір қарағанда бұл жай ғана сандар болуы мүмкін. Бірақ осы аппараттардың әрқайсысының арғы жағында бір емес, бірнеше адамның өмірі бар. Науқастар бұл құралдарды қосуға мәжбүр болатын жағдайға жетпесе екен дейміз. Бұл ретте жеке кәсіпкерлердің, шағын және орта бизнестің, ірі өндіріс орындарының қажетті құралдармен қамтуда қолғабыс жасағанын айтпай кетуге болмас. Қарапайым тұрғындар да қолдан келер көмекті аяған жоқ. Еріктілердің еңбегі ерекше атап өтуге тұрарлық. Мәселен, «Баянтау» спорт кешені триаж-орталыққа айналған кезде көптеген жерлесіміз өз еркімен келіп, тегін жұмыс істеді. Науқастарға тамақ тасыды, санитарлық жұмыстарға қатысты. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан блок-бекеттерде медициналық қызметкерлер, полиция және әкімдік өкілдерімен қатар кезекшілік жасаған еріктілер қаншама?! Оларды ыстық тамақпен қамтып, қолдау көрсеткендердің де қарасы қалың. Сын сағатта барлығы жұмыла әрекет етіп, біртұтастықтың, бірліктің жарқын үлгісін көрсетті. «Біз біргеміз!» дедік. Ал бірге болсақ, біз жеңбейтін қиындық жоқ. 
- Осы қиындықты еңсеруде жаңа госпитальдің де орны айрықша болатын секілді...
- Дәл солай. Біз екі ай аралығында әлемнің озық елдеріндегі ауруханалардан кем түспейтін заманауи модульдік инфекциялық госпиталь салдық. 200 орындық емдеу мекемесінде реанимация бөлімі, шағын ота жасау бөлімі, ПТР-тест пен экспресс-тест зертханалары, компьютерлік томография, рентгенография, электрокардиография, бронхоскопия - қысқасы, бүгінгі күні керектің бәрі бар. Сонымен қатар, өкпені жасанды желдететін аппараттармен, оттегі беру жүйелерімен толық қамтылған. Мұнда тәжірибелі дәрігерлер жұмыс істейді. COVID-19, вирустық пневмония белгілері бар науқастардың дені осында ем-дом алады. Пандемияның беті қайтқан соң госпиталь пульмонологиялық бөлім ретінде жұмысын жалғастырады деген жоспар бар. Сонымен қатар, онкологиялық диспансердің бұрынғы ғимараты инфекциялық госпитальге сай етіп жабдықталып, жөнделді. Бұл мекеме 
300 адамға арналған триаж-орталыққа айналды. Сырқат белгілері бар тұрғындар алдымен осы орталыққа жеткізіліп, кейін жағдайына қарай басқа мекемелерге ауысады. Одан бөлек, Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға инфекциялық бөлім ретінде қосымша ғимарат салынып жатыр. Оның құрылысы келесі жылы аяқталады. 
- Биыл тұрғындардың тұмауға қарсы екпені әдеттегі уақыттан ерте алғанын білеміз. Ал COVID-19 дертіне қарсы вакцина павлодарлықтарға 
қашан салынады? 
- Коронавирустық инфекция көп жағдайда адамның бойында бар ауруды асқындыра-тынын ескеріп, тұмауға қарсы екпе салуды 
7 қыркүйекте бастадық. Бірінші кезекте созылмалы аурулары бар адамдар, оқушылар, жетім балалар, медициналық-әлеуметтік мекемелерде қызмет алатындарға егілді. Сырқатқа шалдығуға бейім бұл топтарға жататын 72 944 адам вакцина алды.  
Ал әлемді жайлаған індетке қарсы екпе салу мәселесіне келер болсақ, әзірше бұған қатысты біржақты шешім жоқ. Яғни, нақты қай уақытта, кімдерге, қалай салынары белгісіз. Десе де, вакцина жүргізуге байланысты жұмыстарды бастап кеттік. Емханаларда егу кабинеттерін дайындап, жабдықтауды қолға алдық. Мәселен, вакцина салқын жерде сақталуы тиіс. Осы мақсатта тоңазытқыштар сатып алынуда. Бұған қатысты толық ақпарат пен екпе салу ережелері жақын уақытта белгілі болып қалар. 
- Биыл ауқымды істің атқарылғанын байқадық. Ендігі ретте келер жылға жоспар қандай? Эпидемиологиялық ахуалға қатысты болжам бар ма? 
- Қазіргі жағдайда қандай да бір болжам жасау мүмкін емес. Әлем елдеріндегі ахуал апта сайын ауысып жатыр. Бір анығы - біз кез келген жағдайға дайын болуымыз керек. Дәрі-дәрмектің қорын құрып, қажетті құрал-жабдықтарды алып, тіпті заманауи емханалардың салуымыздың себебі сол. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы вирустық инфекцияларға қарсы әрекет етудің кешенді жоспарын әзірледі. Медицина қызметкерлерінің барлығы қандай жағдайда қалай әрекет ететінін жақсы біледі. Сондықтан сын сағатта сүрінбейміз деген сенім мол. Десе де, алдымен әр азамат басты байлық - денсаулық екенін жіті түсінуі керек. Биылғы жағдайдан соң жұртшылық мұны жақсы ұққан сияқты. Бірақ босаңсып, арқаны кеңге салуға әлі ерте. Санитарлық талаптарды сақтап, белгіленген ережелердің шеңберінен шықпауды тағы бір мәрте еске салғым келеді. Саулық сақтықта екенін ұмытпайық! Жаңа жылда жақынымызға жанашыр болып, тек жақсы жағдайларда жүздесейік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! 
- Әңгімеңізге рақмет! Адам жанына араша болып жүрген ақ желеңді-
лерге де амандық тілейміз. 

Сұхбаттасқан - 
Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.


Количество показов: 71

Возврат к списку

Раздел не найден.