Індетті жеңудің төте жолы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы 08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы

Вакцина салдыру - індетті жеңудің төте жолы. Мемлекет басшысы жақындарымызды сақтау үшін, қоғамдық иммунитет қалыптастыру үшін қоғам өкілдерін вакциналауды дұрыс тұрғыда насихаттауға шақырды. Бүгінде өңіріміздегі сала басшылары мен белсенді азаматтар көпшілікті саналы қадамға баруға үндеп, екпе алудың маңыздылығын түсіндіруде. Осыған орай жұртшылық өкілдерінің пікірін беруді ұйғардық.

Алма ҚОЗБАЕВА, «Қайсар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
- Індеттен құтылудың әзірге жалғыз жолы бар. Ол – вакцина салдыру. Яғни, қалыпты өмірге қайта оралу үшін екпенің маңызы зор деп есептеймін. Өз басым әуелі түрлі ақпараттармен танысып, кейін қауіпсіздігіне көз жеткізген соң екпені салдыру туралы шешім қабылдадым. Әр азамат өз денсаулығына, отбасына жауапты. Менің де үйімде жасы үлкен кісілер бар. Жұмыс бабымен сыртта көптеген азаматтармен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан, иммунитеттің мықты болғаны абзал. Вакцина қабылдағаннан кейінгі әсерім жақсы. Жігерленген сияқтымын. Боранды күні далаға шыққанда қымтанып киініп аламыз ғой. Мен де індетке қарсы вакцина алып, барынша қорғанудың амалын жасап жатырмын. Жерлестерімді де вакцина қабылдауға шақырамын. Жалпы, ауырмайтын жол - тазалық, салауатты өмір салты, күтім, иммундық ахуалды ұдайы бақылап отыру. Осы қарапайым нәрселерді ұмытпасақ, еліміз аман, жұртымыз тыныш болады деп ойлаймын.

Айнұр МҰХАМЕДИЯРОВА, «Nur Оtаn» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары:
- Қоғамның қауіпсіздігін сақтау – өз қолымызда. Яғни, әркім өз денсаулығын қорғаудан, сақтаудан басталады. Сондықтан, мұндай маңызды қоғамдық бастамаларға келгенде тартынып қалмай, керісінше, оның жоғары деңгейде жүзеге асуына атсалысуымыз керек дейді ол. Үйде жасы 100-ге жақындаған әжеміз бар. Міне, сол кісілердің денсаулығын қорғау үшін қолымыздан келгенді жасауға дайын болдық. Яғни, вирусқа қарсы вакцинация пайда болған күні бірден егіліп, аурудың алдын аламыз деп шештік. Бұл - менің ғана емес, отбасымның шешімі. Себебі, біз бұрынғы өмір салтымызға оралғымыз келеді. Ол үшін әркім өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, дәрігерлердің ақыл-кеңесін уақытында орындап жүруі шарт. Екпеден кейін бас айналу немесе әлсіреу сынды кері әсер болмағанын және жарты сағаттай мамандардың бақылауында болғанымды айтып өтейін. Өз міндеттеріне ерекше жауапкершілікпен қараған дәрі-герлерге алғысымды білдіремін.


Количество показов: 39

Возврат к списку