«Интернеттің игілігін қашан көреміз?»

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?
21.01.2021

«Бір әннің тарихы»
21.01.2021

Ғашықтық әуені
21.01.2021

Скетчинг деген бір өнер...
21.01.2021

Ұлы дала ұлағаты
21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?
21.01.2021

Намыс деген – тілің, Отаның, дінің
21.01.2021

Аудандар бақылауға алынады
21.01.2021

Ауызсумен қамту өзекті
21.01.2021

Вакциналау ақпанда басталады
21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу
21.01.2021

Әкімдер есеп беруде
21.01.2021

Мұз өткелдері ашылады
21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...
21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары
21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың
21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!
21.01.2021

21 қаңтар, бейсенбі
21.01.2021

«Ertis», алға!
19.01.2021

Қолөнер шеберлеріне қолдау
19.01.2021

«Менің туым - айбарлы!»
19.01.2021

Дәрігерлерге мың алғыс!
19.01.2021

Жомарттық танытты
19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?
19.01.2021

Қолжазбаны көшіретін қосымша
19.01.2021

Сарқынды судың әлегі
19.01.2021

Жаза күшейді
19.01.2021

Бар үміт - екпеде
19.01.2021

45 градус аязда қатпайды
19.01.2021

ЭЦҚ алуға міндетті
19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?
19.01.2021

19 қаңтар, сейсенбі
19.01.2021

Атақтарын қорғады
16.01.2021

Бибісары әулие
16.01.2021

Кінәрат - тозған құбырларда
16.01.2021

Тариф арзандайды
16.01.2021

Алғашқы сессия
16.01.2021

Аймақтағы ахуал мәз емес
16.01.2021

Кешенді реформалар жүргізіледі
16.01.2021

Жаңа басшы таныстырылды
16.01.2021

Көлік бағасы қалай құбылды?
16.01.2021

Жедел жәрдемге жүгіну жеңілдеді
16.01.2021

16 қаңтар, сенбі
16.01.2021

Берері мол «Business Ertis»
14.01.2021

Депутаттар белгілі
14.01.2021

Көркем туындыларға таңданып қайтыңыз!
14.01.2021

Суды сағаттап күтеді
14.01.2021

Кеселден қашан құтыламыз?
14.01.2021

«Интернеттің игілігін қашан көреміз?»
14.01.2021

Құбырлардың 80 пайызы тозған
14.01.2021

Ғылымға жеке министрлік қажет пе?
14.01.2021

Қаламгер һәм ұстаз
14.01.2021

Картоп неге қымбаттады?
14.01.2021

Жинақты алу емес,жарату маңызды
14.01.2021

Тәуелсіз комиссия айналысады
14.01.2021

Қар құрсауынан қашан арыламыз?
14.01.2021

Оң өзгерістер күтеміз
14.01.2021

Шетелдік жүйенің берері мол
14.01.2021

14 қаңтар, бейсенбі
14.01.2021

Мықтылар Алматыда іріктеледі
12.01.2021

14.01.2021

«Интернеттің игілігін қашан көреміз?»

Алғабас ауылындағы М.Қабылбеков атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сәбина Зарипованың сөзінше, ауылда «Қазақтелекомның» қызметіне қол жеткізе алмай отырған отбасылар көп. Тіпті, олардың алды тапсырысты өткен жылдың наурыз айында берген. Яғни, мектептер қашықтан оқуға алғаш көше бастаған кезде жазылған өтініштер әлі орындалмай келе жатқанын айтады. 
- Біздің әлеуметтік педагог қызметкерлер әр оқушының отбасылық жағдайымен танысып, қашықтан оқу мүмкіндігін бақылап отырады. Ең соңғы жинаған мәлімет бойынша «Қазақтелекомның» интернет желісін тартқызуға 9 отбасы өтініш жазғанын анықтадық. Олардың арасында наурыз айынан бері күтіп жүргендер бар. Аталған мекеменің Ақсу қалалық филиалымен біз де сөйлесіп, жағдайды түсіндіріп айттық. Кешіктірмейміз деп уәде бергенімен, әлі келмеді. 
Қазір аталған отбасылар ұялы байланыс операторының мобильді интернет жүйесін пайдаланып отыр. Бірақ, ауылда байланыс сапасы өте төмен болғандықтан, оқушылар интернетке бірде қосылса, енді бірде қосыла алмайды. Екіншіден, екі немесе үш баласы бар отбасылар үшін қандай тарифке қосылса да мегабайт шақ келмейді, - дейді Сәбина Зарипова.
Алғабас ауылының тұрғыны Ғалия Құсайынованың екі баласы колледжде, бір баласы мектепте оқиды. Елдегі оқу жүйесінің толықтай онлайн режимге ауысып кеткенін ескерсек, бұл отбасыға интернеттің қажеттілігі ауадай болып тұр. 
- Жеке үйге интернет желісін қостыруға тапсырыс бергенімізге 5 айдай уақыт болды. 2020 жылы тамыз айында «Қазақтелеком» АҚ Ақсу қалалық филиалына барып, «интернет желісін тартқызып, модем орнату керек» деп өтініш жазып қалдырғанбыз. Қабылдап алдық деген. Өтінішіміз әлі орындалмай келеді. Содан бері «Қазақтелекомға» 4-5 рет бардым. «Әне барамыз, міне барамызбен» шығарып салады. Бір ай бұрын монтерлер келіп, үйдің телефон сымдарын тексеріп, модемді орнатуға барлық мүмкіндік бар екенін айтқан. Балалар енді үйге интернет қосылады деп қуанып қалып еді, одан кейін тағы жым-жырт кетті. Біздің ауылда ұялы байланыс желісі де әлсіз ұстайтындықтан, оқушылар онлайн берілетін тапсырмалардың көбін орындай алмай жүр. Сондықтан, балалар тапсырма орындау үшін интернеті бар көрші-қолаңның үйіне баруға мәжбүр. Ал көршілердің босағасын қашанғы жағалаймыз? Тіпті, интернет үшін балаларын қалаға жіберіп жатқандар да бар, - дейді ауыл тұрғыны.
Алғабас - Павлодардан да, Ақсудан да алыс емес. Өкінішке қарай, орталыққа жақын болғанымен, өркениеттен алыс болып тұр. Себебі, ауылда ұялы байланыс желісі де дұрыс ұстамайды. Мұнда қызмет көрсететін Tele-2 операторының байланысы да күрт нашарлап, ғаламтор қолданбақ түгілі Whatsapp мессенджері арқылы келген фотосуреттер мен дыбыстық хабарламаларды қабылдау қиынға соққан. Мұны компания қызметкерлері осы аумаққа байланыс тарататын нүктеден ақау шығуымен байланыстырып, жақында қалпына келетініне сендіруде.
Тұрғындардың өтініші бойынша, «Қазақтелеком» АҚ-ның операторларына хабарласып көрдік. Мекеме маман-дарының беретіні жаттанды бір жауап қана: «Тапсырыс қабылданды, ауылға барған монтерлер орындайды». Оператордың құрғақ уәдесіне «тойған» ауыл тұрғындары енді кімнен көмек сұрарын білмей отыр. Сондықтан, алдағы уақытта мәселеге Ақсу қаласының әкімдігі назар аударып, тұрғындардың интернет желісімен қамтылуын қадағалайды деп сенеміз.

Оралхан ҚОЖАНОВ


Количество показов: 42

Возврат к списку

Раздел не найден.