Инвестиция - игергенге игілік

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Инвестиция - игергенге игілік 25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік

Өткен жылы өңірде бірқатар ірі инвестициялық жобаның іске асуы нәтижесінде импорттық өнімдерге тәуелділіктен арылатын болдық. Арылып қана қоймай, өзгелердің тауарларымен терезесі тең түсетін сапалы өнім дайындап, оны шетелдерге эскпорттайтын жағдайға жеттік. Іргелі істердің жүзеге асуы экономикалық өсім беруімен қатар, жаңа жұмыс орындарын құрып, қазынаға түсетін салық көлемін көбейтуге оң ықпал етіп отыр. 

Павлодарда трактор құрастырылады 

Өткен ғасырдың 60-ыншы жылдары облыс орталығында іске қосылған трактор зауытының аты кезінде «дүрілдеп» тұратын. Бұл өндіріс орнында жасалған ауыл шаруашылығы техникалары кеңестік одақ елдерінде үлкен сұранысқа ие болды. Тіпті, бір кездері павлодарлық кәсіпорын жылына ДТ-75 маркалы көліктің 55 мың түрін шығарған еді. 
Бірақ бұл зауыт 1990 жылдардағы қиындықтарға төтеп бере алмады. Сондықтан кәсіпорынды жауып, ұжымды таратуға тура келді. Ал оның өндірістік алаңдары басқа тауар түрлерін дайындайтын жеке кәсіп-керлерге жалға беріле бастады. 2000 жылдар басында Павлодарда белорустық МТЗ-82 маркалы трактор құрастыру да қолға алынғанмен, іс өрге баспады. 
Араға 20 жылдан астам уақыт салып Павлодар қайтадан тракторлар өндірісінің орталығына айналмақ. Олай дейтініміз – өткен жылы трактор құрастыратын «KSW Agrotech» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі техникалық түрде іске қосылды. Кәсіпкерлікті қолдаудың картасы аясында жүзеге асқан бұл жобаға 0,4 млрд. теңге инвестиция құйылды. 
Жобаның жай-күйіне үңілсек, оның әлеуеті зор екенін аңғару қиын емес. 300 жылқының күшіне тең келетін тракторлар егістік жұмыстарында таптырмас құрал болғалы тұр. Жергілікті кәсіпорын бұл істі қытайлық «Wan E» компаниясымен бірге қолға алған болатын. «KSW Agrotech» директоры Рустам Ибрагимов Қазақстанда құрастырылған техниканың бірден-бір басымдығы ретінде оның бағасын айтқан еді. Қос тарап келісімшартқа қол қойған кезде павлодарлық тракторлар шетелдік баламаларынан үш есеге арзан болатыны айрықша аталып өтті. 
- Америкалық, еуропалық трактордың бағасы – 500-700 мың АҚШ доллары шамасында. Ал Павлодарда құрастырылған техника 150 мың АҚШ доллары болады. Оған қоса, біз шаруаларға тракторларды лизингке немесе ауыл шаруашылығы өнімдеріне айырбас-тау арқылы бере аламыз. Соның есебінен жергілікті тракторды шетелдіктерге сатуға мүмкіндік болады, - деген еді Р.Ибрагимов. 
Былтырғы пандемия бұл жоспарға да, бағаға да өзгерістер енгізуі мүмкін, әрине. Десе де, техника құрастыру кәсібін кеңейтуге қатысты жоспар орындалады деген сенім мол. Атап айтқанда, жергі-лікті компания алдағы бірнеше жылда өндіріс қуаттылығын арттырып, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында тағы бір зауыт ашуды көздеген-ді. Сол арқылы жаңа 150 жұмыс орны құрылып, жылына 30 мың трактор шығарылмақ. 
Инвестициялық жобалар машина жасау саласында ғана емес, құрылыста да сәтті жүзеге асып келеді. Айталық, бұған дейін тұрғын үй, басқа да әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандардың құрылысы барысында көп жағдайда семейлік кәсіпорын-дарда дайындалған кірпіштер қолданылса, бұдан былай павлодарлық өнімнің үлесі басым болмақ. Себебі былтыр «HagiPavlodar» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құны 2 млрд. теңге болатын зауыт салды. Бұл кәсіпорында әр ай сайын 3 млн. кірпіш өндіріледі. Сол сияқты «АстраТех» ЖШС де айына 3 млн. кірпіш шығаратын кәсіпорынды іске қосты. Бұл инвестициялық жобаға 1 млрд. теңге көлемінде қаржы жұмсалды. Одан бөлек, бұл өндіріс орындары кеспетас, жиектас сынды құрылыс материалдарын дайындауды қолға алды. Осындай жаңа кәсіпорындардың жұмысы нәтижесінде жергілікті құрылыс компаниялары өнімдерді сырттан тасымай-ақ, өзімізден алатын болды. 
Жалпы, өткен жыл инвестиция тарту саласы үшін жаман бола қойған жоқ. Керісінше, пандемияға қарамастан, бұл бағыттағы ауқымды жұмыстар жүргізіліп, көрсеткіштер едәуір артты. Инвесторлармен онлайн форматта кездесулер жиі ұйымдастырылып, кәсіпкерлердің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берілді, олардың мәселелері оң шешімін тапты. 
Облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек, былтыр негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 485,9 млрд. теңгені құрады. Оның 92 млрд. теңгесі - бюджеттік, 393,9 млрд. теңгесі – жеке қаражат. 
Сонымен қатар, Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жоспарланған 8 жобаның барлығы техникалық түрде іске қосылды. Бұл жобалардың жалпы сомасы 8,7 млрд. теңгені құрайды. Олардың қатарында жоғарыда аталған трактор құрастыру, кірпіш өндірісі жобалары да бар. 

 Ең тиімді аймақ

Облысқа инвестиция тарту туралы сөз қозғағанда «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын айналып өту мүмкін емес. Осыдан 10 жыл бұрын химия, мұнай-химия және металлургия бағытында құрылған бұл аймақ осы уақыт аралығында 80 млрд. теңге көлемінде жеке инвестиция тартты. Оның 18,7 млрд. теңгесі – шетелдік кәсіпкерлердің қаржысы. 2011 жылдан бастап 10-нан астам кәсіпорын 166,6 млрд. теңге болатын өнім шығарып, қазынаға 9,6 млрд. теңге салық төледі. Мұнда жаңа 1567 жұмыс орны ашылды. 
Өткен жылы «Павлодар» еліміздегі ең тиімді аймақ болып танылған еді. Қазынадан қарастырылған әр теңгеге елдегі өзге аймақтар орта есеппен алғанда шамамен 3 теңге инвестиция құйса, біздің өңірдегі аймақтағы бұл көрсеткіш 10 теңгеден төмен болып көрген емес. Яғни, бюджеттен бөлінген әр теңге текке кетіп жатқан жоқ. Керісінше, қаржы «қазанына» пайда әкеліп отыр. Оған мына бір дерек дәлел: арнайы аймақ құрылғалы мемлекет оның дамуына 8,1 млрд. теңге жұмсады. Ал инвесторлар оған 80 млрд. теңге қаражат құйды. Демек, табыс шамамен 10 есе артық болып отыр. 
«Павлодар» АЭА бұл бағыттан қайтпақ емес. Өткен жылы карантиндік шектеулер болғандықтан, әдеттегідей көп меймандар қабылдап, аймақтың мүмкіндіктерін молынан таныстыра алмады. Десе де, бұл тығырықтан шығар жолды тапты. Бұған дейін облыс әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов атап өткендей, экономикалық аймақтың визуалды картасы жасалды. Бұл әлемнің кез келген түкпіріндегі инвесторға Павлодарға келмей-ақ, заманауи технологиялардың көмегімен аймақты «аралауға» мүмкіндік берді. 
Ал бәрін өз көзімен көруді қалайтын кәсіпкерлерге арнайы аймақтың есігі әрдайым ашық. Мәселен, былтыр түркиялық «Panda Aluminyum» компаниясының өкілдері келіп, әлеуетін байқады. Алюминий профильдерінің өндірісі үшін жасалған мүмкіндіктермен танысты. Ал «Моннет групп» компания-сының өкілдері ферроқорытпа зауытын салу мәселелерін талқылады. Бұл ретте «Павлодарда» кәсіп бастаған компаниялар негізгі салық түрлері мен кеден төлемдерінен босатылып, оларға дайын инфрақұрылымы бар жер телімдері ұсынылатынын баса атап өткен жөн. Ресей мен Қытайдың нарықтарына жолдың ашылып, логистикалық тұрғыдан тиімді орналасуы да инвесторларды тартады. 
Осындай мүмкіндіктерді қалт жібер-меген бес бірдей кәсіпкер былтыр арнайы экономикалық аймақта жаңа өндіріс орындарын іске қосты. Микросфера, композиттік коагулянттар, белсендендірілген көмір, пестицидтер және дихлоризоциануратты қышқыл шығару жұмысы басталды. Бұл жобалардың жалпы құны 5,3 млрд. теңгені құрайды. 
Мәселен, «АSCOR» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі су тазартуда пайдаланылатын коагулянттар өндіреді. Зауыт директоры Татьяна Бушинаның айтуынша, бұл кәсіпорында жылына 13 мың тонна алюминий хлоридінің полиоксиді шығарылады. 
- Біздің кәсіпорын Технологиялық талдамалар жөніндегі ұлттық агенттіктің тарапынан 478 млн. теңге грант ұтып алған болатын. Бұл – инвестицияның тең жартысы. Былтыр италиялық құралдарды жеткізуге қатысты қиындықтар болғанмен, жыл соңына 
қарай зауытты техникалық түрде іске қосып көрдік, - дейді өндіріс орнының басшысы. 
Соңғы уақытта микросфераға – мұнай ұңғымаларын қазу мен құрылыс жүргізу кезінде қажет материалға сұраныстың артып келе жатқанын ескерген ресейлік инвесторлар Павлодарда «KazCenosphere`s» зауытының негізін қалады. Бұл жобаға 2,3 млрд. теңге қаржы бөлді. Кәсіпорын басшылығының айтуына қарағанда, жердің ұзақ уақытқа жалға берілуі әрі инженерлік желілердің тартылуы инвестициялық шығындарды едәуір азайтып отыр. Сәйкесінше, бұл өндірісті дамытып, қуаттылықты арттыруға мол мүмкіндік береді. 
Инвестициялық жобалар бойынша жұмыс биыл да жалғасын тапты. Қазіргі уақытта арнайы экономикалық аймақта 9 жобаны жүзеге асыру үшін тиісті шаралар жүргізілуде. Олардың жалпы құны 42 млрд. теңгеден асып жығылады. Егер жоспарлы іс ойдағыдай атқарылса, таяу уақытта «Павлодарда» бояу өнімдерін, қорғасын-мырышты аккумуляторлар шығару, хлорды өңдеу бойынша жаңа кәсіпорындар жұмысын бастайды. 

Инвестиция – бір кәсіпорынның іске қосылуына құйылған қаражат қана емес, тұтас өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін қомақты қаржы. Себебі инвестициялық жобалардың жүзеге асуы арқылы жаңа жұмыс орындары құрылады, салық көлемі артады, әлеуметтің әл-ауқаты жақсарады. Сондықтан облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов бұл мәселеге баса назар аударып, жауапты мемлекеттік органдарға инвестиция көлемін арттыра түсуді тапсырып отыр. Аймағымызда кәсіпкерлерге жан-жақты жағдай жасалғанын ескерсек, биыл өңірде ірі өндіріс орындарын салушылардың қатары көбеюі керек.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА


Количество показов: 137

Возврат к списку