Көлік бағасы қалай құбылды?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Табыстың көзі - асыл түлік
02.03.2021

Бензин қымбаттады
02.03.2021

Шаңғышылар «шайқасы»
02.03.2021

Спорт музейі ашылды
02.03.2021

Ұлттық өнер белесі
02.03.2021

Көптен күткен қауышу
02.03.2021

Тікұшақпен тапты
02.03.2021

986 топ ашылды
02.03.2021

Қоғамға пайдалы болуы тиіс
02.03.2021

Екпе салу - ерікті шара
02.03.2021

Сүт неге арзандады?
02.03.2021

Сарыарқа самалы, 2 наурыз, сейсенбі
02.03.2021

Ұстаз парасаты
01.03.2021

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

16.01.2021

Көлік бағасы қалай құбылды?

Негізі, былтыр жеңіл көліктердің бағасын көтеруге алдымен Kia маркасын сатушы дилерлер кірісті. Олар наурыз айында доллар бағамының өзгеруімен салондағы жаңа көліктердің бағасын жаңартты. Артынша басқа компаниялар да бұл қадамды құп көрді. Нәтижесінде көктемнің соңына қарай нарықтағы барлық саудагерлер бағаны көтергені мәлім. 
Әуелі көпшілік несиеге жиі рәсімдейтін Lada Granta-дан бастайық. Өткен жылдың басында ең қарапайым базалық седан 
2,8 млн. теңгеге бағаланған. Ал қазір анағұрлым қолжетімді «Грантаны» алам десеңіз 3,7 млн. теңге санап беруге тура келеді.  Жақсырақ нұсқасы 4,2 млн. теңгеден 4,6 млн. теңгеге қымбаттады. Яғни бұл маркада баға бір жылдың ішінде 30 пайызға бір-ақ секірді.
Әуел баста Қазақстанда «Ravon», кейіннен «Chevrolet» брендімен құрастырыла бастаған Nexia R3 седаны былтыр біздің елде ең көп сатылған көліктер тізімінде 2-орын иеленді. Бұл машинаның құны бір жыл ішінде шамамен 300 мың теңгеге өсті. Әдеттегі базалық нұсқасын 3,8 млн. теңгеге, ал үздік нұсқасын 4,7 млн, теңгеге алуға болады.
Келесі орында «Hyundai» маркасына  тиесілі Accent пен Tucson тұр. 2020 жылы седанның тұрқы жаңарғанмен, бағасы бірден көтерілмегені мәлім. Былтыр көктемде 1,6 литрлік қозғалтқышы мен автомат қорабы (Active Plus) бар седан үшін 6,3 млн теңге сұралатын. Ал қазір оны сатып алғыңыз келсе, 6,6 млн. теңге санап беруге тура келеді. Жақсартылған нұсқасы 7,1 млн. теңгеге дейін өскен. Start жиынтығындағы Tucson 9,4 млн. теңгеден 10,1 млн. теңгеге қымбаттады. Толық жетекті көлік үшін қосымша 400 мың теңге тағы шығындануға тура келеді.
Қазақстандағы аса танымал жеңіл көліктердің үздік бестігін Toyota Camry түйіндейді. Былтыр жыл басында қалтасында 10,8 млн. теңгесі бар азамат қозғалтқышының көлемі 2 литрлік «Классик» нұсқасын сатып алатын еді. Ал «Стандарт» алғыңыз келсе, тағы 100 мың теңге қосу қажет болатын. Бұлардың бағалары да қымбаттады. 
2,5 литрлік қозғалтқыш орнатылған «Комфорт» жиынтығындағы седан бағасы 600 мың теңгеге артты. Жыл бұрын 18 млн. теңгеден саудаланған 3,5 литрлік «Люкс» нұсқасы қазір 18,9 млн. теңге тұрады.
Отандастарымыз жиі таңдайтын  Lada Vesta, Chevrolet Cobalt, Kia Rio, Lada 4x4 және Hyundai Creta көліктерінің құны да теңгеге шаққанда біраз өсті. Олардың бағасы моделі мен нұсқасына байланысты 2-ден 42,6%-ға дейін көтерілді. Осы тізімде Lada 4x4 пен Kia Rio айрықша назар аудартады. Былтыр жыл басында қарапайым «Нива» 3,4 млн. теңге тұратын. Ал қазір оны алам деушінің қалтасында кемі 4,85 млн. теңге болуы тиіс. 
Kia Rio да өткен жылы жаңартылды. Седанның дизайны өзгеріп қана қоймай, бағасы да құбылды. Бастапқыда 7,2 млн. теңгеге бағаланған үздік нұсқасының құны бірден 8,2 млн. теңгеге шарықтады. Анағұрлым қолжетімді Comfort 500 мың теңгеге өсіп, 6,8 млн. теңгені құрады.
Механика қорабымен жұмыс істейтін 1,4 литрлік қозғалтқышқа ие Rio бұрын 5,5 млн. теңгеге бағаланатын. Қазір бұл маркада механикалы қорабы бар көлік шығарылмайды. Соған орай ең арзанының құны  6,5 млн. теңге тұрады.
Мамандардың болжауынша, алдағы көктем-жаз мезгілдерінде жеңіл көліктердің бағасы тағы құбылуы мүмкін. Қазір көптеген көлік салондары баға сегментін өзгертуге бейілді. Себебі, көлік құрастырушы зауыттар конвейерде тұрған жаңа машиналардың кейбір бөлшектері шеттен қымбат бағамен жеткізілгенін мәлімдеген еді. 

Мұрат АЯҒАНОВ

Количество показов: 85

Возврат к списку