Көлікжайдан басталған бизнес

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

Қосымша ақы – нәтижелі еңбек
20.02.2021

Ерікті түрде егіледі
20.02.2021

Шұғыл көмек көрсетеді
20.02.2021

Артық төлем қайтарылады
20.02.2021

Орынбасар қызметінен кетті
20.02.2021

Үш есе кеңейтілді
20.02.2021

Кеншілер шаһары қалай жаңғырады?
20.02.2021

Ерте қамдануда
20.02.2021

20 ақпан, сенбі
20.02.2021

Теміржол кластері жандана бастады
18.02.2021

Көлікжайдан басталған бизнес
18.02.2021

Ескі дөңгелектерден қалай құтыламыз?
18.02.2021

Ұлттық жобадан ұтарымыз не?
18.02.2021

Анна уәдесінде тұрды
18.02.2021

Қоғам тілегі ескеріледі
18.02.2021

Басқармаларда - жаңа басшылар
18.02.2021

Даңқты даналар династиясы
18.02.2021

Ұлттың үні – қазақ радиосы
18.02.2021

Редакцияға оралмаған жетеу
18.02.2021

Наурыз мейрамы - жаңаша сипатта
18.02.2021

Бастысы - азаматтардың сенімі
18.02.2021

«Электрондық биржада» не өзгерді?
18.02.2021

«Тап мені» жүйесі тиімді бола ма?
18.02.2021

Мұқтаж жандарға - жайлы баспана
18.02.2021

Өзгерістер жолы
18.02.2021

18 ақпан, бейсенбі
18.02.2021

«Қазөнер» қолдаусыз қалмады
16.02.2021

СПОРТ
16.02.2021

Әділет жүйесінің діңгегі
16.02.2021

Басқарма тізгіні - Байжановта
16.02.2021

Берекеде - жаңа мешіт
16.02.2021

Еріктілердің еңбегі ерен
16.02.2021

Діни ахуал - тұрақты
16.02.2021

Парасат жолында
16.02.2021

Науқастарды қабылдай бастады
16.02.2021

Дайындық мығым
16.02.2021

Ауғанның жерін көргендер
16.02.2021

Клубтардағы ойын-сауық тыйылмай тұр
16.02.2021

Мораторий енгізіледі
16.02.2021

Бұрынғы ақсақалдар қайда?
16.02.2021

16 ақпан, сейсенбі
16.02.2021

Көптен күткен ұпай һәм шайба
13.02.2021

18.02.2021

Көлікжайдан басталған бизнес

Ертіс ауданының тұрғыны Олег Лишитский бірнеше жыл бойы көлікжайды жалға алып, ауылдастарының тапсырыстары бойынша ағаштан жиһаз жасаумен айналысты. Осыдан екі жыл бұрын «Бастау» жобасы аясында оқудан өтіп, кейін «Business Ertis» өңірлік бағдарламасы арқылы шағын индустриялық аймақтың ішінде жеке цех ашты. 

Олег Лишитский – ауыл шаруашылығы саласының маманы. Десе де, агроөнеркәсіптік кешенге қарағанда жеңіл өнеркәсіп саласында еңбек ету жанына жақын. Сондықтан 2019 жылы дәл осы салада кәсіп бастамақ оймен Өңірлік кәсіпкерлер палатасында білім алды. «Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін үйренді. Сөйтіп, мемлекеттік қолдауға ие болып, жиһаз жасайтын цехтың жұмысын бастады. 
- Әу баста жиһаздарды дайындайтын өндірістік орын болған жоқ. Сондықтан аудан орталығындағы көлікжайлардың бірін жалға алуға тура келді. Тапқан табысымның бір бөлігі жалдау ақысын төлеуге жұмсалатын. «Бастау» жобасы аясында оқудан өткен соң 505 мың теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді. Бұл қаржыға өндіріске қажет шикізат, құралдарды сатып алдым. Ал өткен жылы ауданда шағын индустриялық орталық ашылып, соның ішінен орын бұйырды. Тегін цех жұмыс істеуге қолайлы. Енді тапсырыстарды көлікжайда емес, жайлы ғимаратта жасайтын болдым, - дейді кәсіпкер. 
Шағын шеберхананың ашылуы өндірістік орынның ғана емес, жұмыссыз жүрген бірнеше азаматтың да мәселесін шешіп берді. Олег Лишитский цех жұмысына үш ауылдасын жұмылдырып, оларға тұрақты жұмыс орнын ұсынды. Кәсіпкердің сөзінше, пандемияға байланысты былтыр тапсырыс саны едәуір азайды. Соған қарамастан, жұмыс тұралап қалған жоқ. 
- Біз ас үй, жатын бөлме жиһаздарын, киім ілуге арналған шкафтар мен компьютер үстелдерін дайындаймыз. Таяуда жұмсақ жиһаздарды қалпына келтіру ісін бастадық. Биыл мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алып, кәсібімді кеңейтсем деймін, - деген жоспарымен бөлісті шеберхана иесі. 
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Ертіс ауданындағы филиалының директоры Талапкер Қасымов ұсынған мәліметке сүйенсек, былтыр Ертіс ауданының 118 тұрғыны «Бастау» жобасы аясында білім алған екен. Олардың басым бөлігі құрылыс, дәнекерлеу қызметі, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өндірісі, мал шаруашылығы сынды бағыттарда кәсіп ашты. Палата мамандары алдағы уақытта да мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңес беріп, бизнес бастауға ниетті азаматтарға көмектесуге дайын.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА


Количество показов: 94

Возврат к списку

Раздел не найден.