Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Көндімбай мінезден  қашан құтыламыз? 08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?

Тәуелсіздігімізді алғалы бақандай 30 жыл болып қалыпты. 90-шы жылдары халықтың тұрмыстық жағдайы күрт нашарлап кеткен еді. Сол кезде еліміздің экономикасын 
көтеру үшін «Ең бірінші экономика, сосын саясат» дедік. Өйткені адамға өмір сүруіне бірінші  тамақ керек. Сол себепті экономикаға көңіл аудардық. 

Халықтың әлеуметтік және тұрмыстық жағдайы 2000-жылдардың басынан бастап түзеле бастады. Бірақ рухани құндылыққа көңіл бөлінбей қалды. Біз - көпұлтты елміз, елдің тыныштығын сақтау керек болды. Өкінішке қарай, мемлекет құраушы қазақ халқы бола тұра, ұлттық идеология деген ұмыт қалды. Ұлттық идеология деген не? Ол дегеніміз біздің тарихымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз, салт–дәстүріміз, өскелең ұрпаққа беретін тәрбиелік мәні бар ұлттық құндылықтарымызды бойларына сіңіру. Осының ішінде туған жерін сүю, Отанын сүю, бір сөзбен айтқанда патриоттық сезім қалыптастыру. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында: «Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға болады. Тұтас буын алмасқан осы жылдарда қазақ тілін үйренгісі келген адам оны әлдеқашан біліп шығар еді. Халқымызда «Ештен кеш жақсы» деген сөз бар. Ең бастысы, ынта керек» деді. Ұлттық идеология ең бірінші тілден басталады. Біз осыдан айырылып қала жаздап отырмыз. Бұл жөнінде әркім өзінің азаматтық көзқарасын білдіруге құқығы бар шығар. Менің ойымша, біз еліктеуші ұлтқа айналып кеткен сияқтымыз. Өзбекпен көрші болсақ, өзбекше сөйлейміз, орыспен көрші болсақ, орысша шүлдірлейміз, қытаймен көрші тұрсақ, қытайша тіл үйренеміз. Бізде талғам жоқ. «Өзіңді өзің сыйласаң, жат жанынан түңілер» деп бекер айтылмаған. Қазақ өзін-өзі сыйламайды. Егер сыйлаған болса, 30 жылда мемлекеттік тілді өз тұғырына қондырар еді. Тіпті, мемлекеттік тілді балабақша, мектептердің өзіне толық енгізе алмадық. Өзге елдерге күлкілі естілетін шығар, біз аралас тілді 
мектептер құрдық. Әлемде «мына дүние жақсы» деген бір ақпарат болса, соған қарай тұтас ел болып ағыла кетеміз. Абай атамыз айтқандай: «Көп айтса көнді, жұрт айтса болды – әдеті надан адамның». Ал оның пайдасы бар ма, жоқ па, оны зерттеп, зерделеп жатқан ешкім жоқ. Мұндай еліктеушілік болмаса, адам өзінің ана тілін үйренген болар еді. Біз өзіміздің мемлекеттік тілімізді асқақтатып көтерсек, басқа ұлт өкілері де ойланар еді. Олар да біздің елде тұрып, біздің тілде, яғни мемлекеттік тілде сөйлеген болар еді. Үш тілді 6 жастан бастап оқыту –  қиянат. Бұл әлемде болмаған стандартты біз жасап алдық. Неге? Осыған кім жауап береді? Біз ғылым тілі - орыс тілі болды деп кезінде орыс тілін үйрендік, соған көштік. Енді ағылшын тілі - ғылым тілі дедік, енді ағылшын тіліне көшпекпіз. Адамда «ойлау тілі», «сөйлеу тілі» деген болады. Адамның ойлау тілін ешкім өзгертуге қақысы жоқ. Ол өзінің ана тілімен қалыптасуы керек. Біз баланың ойлау тіліне шапқыншылық жасап жатырмыз. Сондықтан ойланайық, ағайын!

Рашит БЕКТЕМІРОВ, 
еңбек ардагері, «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Май ауданының Құрметті азаматы.


Количество показов: 33

Возврат к списку