Күрделі кезеңдегі күрес

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Күрделі кезеңдегі күрес 11.09.2021

Күрделі кезеңдегі күрес

«Пандемия кезінде жоспарлы скринингтер мен ота жасау кейінге қалып жатыр. Коронавирусқа қатысы жоқ ауруларға байланысты ахуалды нашарлатып алмауымыз керек». Бұл – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында жүктеген басты міндеттің бірі.

Өткен жылдың наурыз айында елімізді жайлай бастаған қауіпті кесел медицина саласына ауыр тигені рас. Осы кезеңді күн сайын ондаған ота жасап, ем-дом жүргізетін медицина мекемелері қалай еңсеруде?

Облыстық кардиологиялық орталық - жүрек ауруынан жапа шеккен науқастарға шұғыл түрде ота жасап, өміріне араша түсетін медициналық мекеме. Өткен жылы жаз мезгілінде осы орталықта провизорлық бөлімше ашылып, КВИ-мен ауырған науқастар ем қабылдады. Мекеме директорының медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Кенжебек Алтеновтің айтуынша, былтыр пандемияға байланысты төтенше жағдай режимі кезінде шұғыл түрде жасалатын оталар тоқтатылмаған. Дәрігерлер күні-түні жүрек ауруынан жапа шеккен аймақ тұрғындарын қабылдап, ешбір ПТР-сараптама жүргізбей, өмірлеріне араша түсті.

- Өткен жылы КВИ өршіген тұста жоспарлы ем-шараны тоқтатуға тура келді. Өміріне қауіп төнген, жүрегінен қысылған адамдарға күрделі ота жүргізілді. Оларды пандемия салдарынан қабылдамайтын болсақ, өмірлерін сақтап қала алмайтын едік. Дәрігерлер бұл қиындықты еңсерді. Президент Жолдауында атап көрсеткендей, жүрек ауруларына қатысты ахуалды бақылауда ұстап, жағдайдың күрделенуіне жол бермедік. Қазір де орталықта КВИ жұқтырғандарды емдеуге арналған 135 орыннан тұратын бөлімше бар. КВИ жұқтырғандардың ішінде жүкті әйелдер де бар. Оларды емдеу жолында тынымсыз еңбектенудеміз, - дейді К.Алтенов.

Облыстық кардиологиялық орта-лықта 2019 жылы ашық жүрекке 691 ота жүргізілсе, 2020 жылы 578 операция жасалған. Көлемнің азаюына пандемия себеп болған. Қазіргі уақытта мекемеде жоспарлы ем-шаралары мен күрделі ота тоқтаусыз жүргізілуде.

Өткен жылы облыста қатерлі ісікке шалдығушылардың саны едәуір азайды. Еліміз бойынша осы індеттен көш бастап тұрған өңірде статистиканың бұлай төмендеуіне пандемия әсер етті. Өйткені емханалар мен ауруханаларда жоспарлы скринингтік тексерулер тоқтатылды. Бұл - қатерлі ісікті анықтауға мүмкіндік беретін негізгі шара.

Облыстық онкологиялық диспансердің ұйымдастырушылық әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Әсел Асқарова пандемия бастал-ғалы диспансерлік есепте тұрған науқастарды емдеу шарасы тоқтатылмағанын айтады.

- Пандемия басталған уақытта қатерлі ісікке шалдыққан науқас-тарды емдеуде диспансер штаттық режимде жұмыс істеді. Өйткені мұндай аурумен күресетін адамдардың емін кейінге қалдыруға болмайды. Бірақ арақашықтықты сақтау, ПТР-тест сараптамасы жүргізілді. Тек медициналық мекемелерде скринингтік тексерулер тоқтатылды. Өткен жылы қатерлі ісікпен ауыратын адамдардың саны кемігені рас. Бірақ бұл індет көлемі азайды деген сөз емес. Жоғарыдағы скринингтік тексерулердің жүргізіл-меуі салдарынан қатерлі ісікті анықтау мүмкін болмады. Мысалы, 2019 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда обырмен ауыру көрсеткіші 326,8-ге тең болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 272-ні құрады.

- Қазір вакциналау науқанының нәтижесінде скринингтік тексерулер ойдағыдай жүргізілуде. Сүт безі қатерлі ісігін анықтауға мүмкіндік беретін тексеру 69 пайызға орындалды. Ағымдағы 8 айда 59 адамнан сүт безі қатерлі ісігі анықталды. Жалпы, жыл басынан бері 1519 адам диспансерлік есепке тұрды. Бәлкім, пандемия кедергі болмағанда бұл науқастардың бойындағы кесел бір жылға ерте анықталар еді. Обырды тек уақыт жоғалтпау арқылы ғана емдеуге болатынын білесіздер. 3-4-ші сатыда қатерлі ісікпен күресу өте ауыр. Дәрігерлер тек науқастың өмірін ғана ұзарта алады. Ал індетті жеңуге тек алғашқы сатыларда ғана мүмкіндік бар. Бүгінгі уақытта облыста диспансерлік есепте 12 137 науқас тұр, - дейді Әсел Тоқмағанбетқызы.

Әсел Асқарованың айтуынша, КВИ өршіген тұста мамандарды оқыту ісі кейінге шегерілген жоқ. Дәрігерлер қашықтан білімдерін арттырып, тәжірибе жинаған. 161 дәрігер арнайы оқудан өткен.

Бүгінде онкологиялық диспансердегі қызметкерлердің 98 пайызы коронавирусқа қарсы екпе алған. Қалған екі пайызында медициналық анықтама бар.

Осылайша, өңірдегі медициналық мекеме мамандары қатерлі індетпен күресіп, күрделі отаны жүргізіп, КВИ-ге қарсы тұруда.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.


Количество показов: 387

Возврат к списку