Күрделі оталар жасауға кірісті

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті 23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы диагнозы - өмірге қауіп төндіретін дерт. Көктамыр тромбымен бітелген жағдайда адамның 
кеуде қуысы ауырып, тыныс алуы  қиындайды. Бұл жағдайдың соңы өлімге соқтыруы да мүмкін. Павлодар облыстық кардиологиялық орталықтың білікті дәрігерлері аталмыш дертке шалдыққан науқастардың жүрегіне шұғыл түрде ота жасап, өмір сыйлауда. 

DSC_9182.JPG

Иә, кардиологиялық орталықтағы тәжірибелі дәрігерлер күн сайын адам жанына араша түсуде десек, қателеспейміз. Кардиологтар жүректі емдеудің тың тәсілдерін меңгеруде. 
Алдымен жыл басында жасалған ең күрделі отаға тоқталайық. Операцияны өткізуде кардиологтарға онколог мамандар көмектесті. Олар сирек кездесетін қатерлі ісік – саркомаға шалдыққан 61 жастағы науқастың өміріне араша түсті. Сала мамандары әлем бойынша мұндай ота тек 50 мәрте жасалғанын айтады. Хирургиялық шараға 20-дан астам дәрігер қатысқан. Күрделі ота 10 сағатқа созылыпты. 
Облыстық кардиологиялық орталықтың директоры Әділжан Әлбазаровтың айтуынша, науқастың ағзасындағы қатерлі ісік жүрекке дейін өскен. Оның қалай пайда болғаны анықталған кезде, емдеу әдістері ұсынылған. Өкінішке қарай, көлемі үлкен ісікті емдеуге сәулелі терапия мен химиялық терапия дәрменсіз. Сондықтан қарияның өмірін ұзарту үшін дәрігерлер батыл шешім қабылдап, ота жасаған. 
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы да - өлімге әкелетін диагноз. Жыл басынан бері кардиологтар осы дертке шалдыққан 3 науқастың өміріне араша түскен. Барлығына шұғыл түрде ота жасалып, нәтижесі сәтті аяқталған. 
Білікті дәрігер, кардиохирургиялық бөлімнің жетекшісі Мұрат Райхановтың айтуынша, өкпе артериясының тромбоэмболиясы – 
өмірге қауіп төндіретін дерт. Аз ғана уақыттың ішінде адамның жағдайы қиындап, тыныс алуы нашарлайды. Ауа жетпеген соң, өмірімен қоштасады. 
- Бас дәрігеріміз - өз ісінің маманы, тәжірибелі хирург. Оның бастамасымен өткен жылы 8 ота жасалды. Жыл басынан бері 3 нау-
қасқа операция жүргізілді. Өкпе эмболиясы көбінесе, көктамырдың тромбымен бітелуінен туындайды. Сан етінде, жамбаста пайда болған көк тамырлар тромбқа айналады. Кейін оның бір бөлігі ажырап, қан ағымы арқылы өкпеге түсуі мүмкін. Сол кезде тыныс алу тетіктері бітеледі. Салдарынан адам тұншығады. Бұл дерт жас талғамайды. Қазір 2 науқас отадан кейін ем қабылдауда. Оның бірі 62-де болса, екіншісі – 36 жаста, - дейді М.Райханов.
Мұрат Арыстанұлының сөзінше, бұл дертті болдырмау үшін адамдар жыл сайын өткізілетін медициналық скринингтік тексерулерге қатысуы керек. Аталмыш диагноз компью-терлік томографияның көмегімен анықталады екен. Егер мамандар сараптама нәтижесі арқылы ұйыған қанды көрсе, бірден ота жасауға дайындалады. Науқас бойында демікпе пайда болмай тұрып, операция жасаған тиімді. 
Мұрат Арыстанұлының айтуынша, өңірде жүректің ишемиялық ауруына шалдыққан науқастардың қатары артып келеді. Бұл дертке шалдыққандардың саны әлем бойынша да жоғары. Туа біткен жүрек ақаулары да өмірге қауіп төндіреді. Мұндай науқастар шұғыл отаға зәру. 
Қазіргі уақытта облыстық кардио-логиялық орталықта жүрек оталарының 50-ден астам түрі жасалады. Мамандар тың технологияның тілін меңгерген. Орталықтың материалдық-техникалық мүмкіндігі де жоғары. 
Мұрат Райхановтың есімін өңір жұртшылығы жақсы біледі десек, артық айтқандық емес. Себебі ол жылына 250 адамның жүрегіне ота жасайды. Аптасына кем дегенде 3 операцияға қатысады. Бұдан бөлек, тәуліктің кез келген уақытында ауыр жағдайда түскен науқастардың өміріне араша түседі. 
- Медицина саласын таңдаған соң, міндетімізге адал болуымыз керек. Жұмыс уақыты аяқталып, үйде болсам да, қоңырау қабылдауға дайын тұрамын. Биыл өкпе артерия-сының тромбоэмболиясына шалдыққан алғашқы науқас түнгі сағат 
1 шамасында ауруханаға түсті. Маған хабарласқан бойда, орталыққа аттанып, дереу операция жасадым. Қазір денсаулығы бірқалыпты.  Осы саланы таңдағаныма еш өкінбеймін. Біз үшін өзгеге өмір сыйлаудан асқан бақыт жоқ, - дейді дәрігер. 
Дәрігерлердің айтуынша, қазір елімізде жүрек-қан тамырлары ауру-ларына шалдығушылардың қатары көп.  Сондықтан әр адам қан қысымын, қан құрамындағы холестерин мен қант деңгейін анықтауға ерекше көңіл бөлгені жөн. Өйткені дұрыс тамақтанбау, арақ пен темекіні тұтыну, қозғалыстың аздығы жүректің өзгеріске ұшырауына әкеледі. Бұл аурудың алғашқы белгілеріне жүрек пен кеуде тұсының ауырсынуы мен шаншуы, тамыр соғысының жиілеуі жатады. Өкініштісі, көпшілік бұған уақытша жағдай деп қарап, мән бермейді. Сол себепті тыныс алу қиындап, ентігу пайда болса немесе аяқта ісік пайда болған жағдайда, дереу дәрігерге барған жөн. 
Мамандардың айтуынша, күтімі жақсы жүректің қызметі 150 жылға дейін қауқарлы екен. Жүрек жұмысын жақсарту үшін салауатты өмір салтын ұстанған дұрыс. Ащы, тұзды, майлы тағамдарды жемей, табиғи өнімдерді тұтынған пайдалы екен. Әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қараса, ғұмыры ұзарып, дәрігерлердің жүктемесі азаятыны сөзсіз. Білікті дәрігерлер де тұрғындарды осыған шақырады.

Айдана ҚУАНЫШЕВА.


Количество показов: 43

Возврат к списку