Кәсіби заңгерлерді даярлаудың жолы қандай?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Кәсіби заңгерлерді даярлаудың  жолы қандай? 01.04.2021

Кәсіби заңгерлерді даярлаудың жолы қандай?

Елімізде соңғы 5 жылда 107 мыңнан астам студент оқу орнын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Тіпті, аграрлық, педагогикалық, қаржылық, теміржол, инновациялық бағыттағы оқу орындары да заңгерлерді даярлауды жолға қойған. Алайда, қолына диплом алған түлектердің көбі жұмыссыз жүр. Осы саланы таңдағандардың дені ақылы негізде білім алады. Ал оқу бағасы қымбат. Мәселені шешу үшін ҚР Парламенті Сенатының депутаттары кәсіби заңгерлерді даярлаумен айналысатын жоғары оқу орындарын лицензиялауды қатаңдату керектігін ұсынды. Бұл шара кәсіби заңгерлерді оқытуға мүмкіндік бере ме? Кәсіби заңгерлерді қалай қалыптастырамыз? Мәселені «Алаңның» талқысына салып көрдік.

Ләззат Сүлеймен.jpg

Ләззат СҮЛЕЙМЕН, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

(пікір әлеуметтік желіден алынды)

- Елімізде 113 жоғары оқу орны болса, оның 71-і заңгерлерді даярлайды. Әлемдік тәжірибеде білімді адвокат даярлау үшін кемі 6-8 жыл уақыт кетеді. Ал біздегі жоғары оқу орындарының сапасы сын көтермейді. Бұл осы саладағы жалғыз проблема емес.

Қазір құқық саласына бөлінетін грант саны азайған. Оның саны 1485-ті ғана құрайды. Яғни, елімізде осы салада білім алып жатқан студенттердің дені ақылы негізде білім алуда. Оқу бағасы да қалтаға салмақ салады. Өкініштісі, білім алған жастар жұмыс таба алмауда. Оқудағы өндірістік тәжірибе де өз деңгейінде өтеді деп айта алмаймын. Олар тек қағазға мөр басып беретін ұйымдарды іздейді. Білімді заңгерлерге мүдделі болып отырған сот, прокуратура органдары да қызығушылық танытпайды. Сол себепті сапалы кадр дайындауда заңгерлерді даярлаумен айналысатын жоғары оқу орындарын лицензиялауды қатаңдату керектігін ұсынамын. Санын азайту арқылы сапаны арттыруға мүмкіндік аламыз.

Ғайникамал Сейітова.jpg

Ғайникамал СЕЙІТОВА, Инновациялық Еуразия университетінің «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы, «Фемида» заң клиникасының жетекшісі:

- Қазіргі уақытта заңгер мамандығы бойынша білім алатын студенттердің оқу бағдарламасы жұмыс берушілермен бірге әзірленеді. Университетіміздегі «Құқық» кафедрасының студенттері сот, прокуратура, полиция департаменті, қылмыстық-атқару жүйесі, нотариус сынды мекемелерде тәжірибеден өтеді. Кафедрамызда 2007 жылдан бері «Фемида» заң клиникасы жұмыс істеп келеді. Мұнда студенттер азаматтық, еңбек, отбасылық істер бойынша халыққа құқықтық көмекті тегін көрсетеді. Яғни, заң тұрғысынан көмек алғысы келетін адамдар біздің студенттеріміздің көмегін ақысыз пайдаланып, білімдерін жетілдіре алады. Оқып жүрген жастар көптеген адамға сотта жеңіске жетуге көмектесті. 2017 жылдың соңында университет облыстық еңбек басқармасы және облыстық кәсіподақ орталығымен өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойған еді. Оның аясында студенттеріміз сот, прокуратура сынды мемлекеттік органдарға талап-арыздарды, өтініштерді дайындайды. Білім жүйесі теория мен тәжірибені қатар ұштастырады. Бұл заңгер мамандығында білім алған жастардың жұмыс табуына да көмектеседі. Оқу бітірген түлектеріміздің 80 пайызы жұмысқа орналасатынын атап өткім келеді.

 Гүлнәз Жәнібекова.jpg

Гүлнәз ЖӘНІБЕКОВА, Павлодар қаласының тұрғыны:

- 2013 жылы заңгер мамандығы бойынша жоғары оқу орнын тәмамдап, қолыма диплом алдым. Бірақ бұл салада еңбек еткен жоқпын. Себебі заңгерлерге жұмыс орнын табу қиын. Бірге оқығандардың ішінде тек 2 әріп-тесім ғана заңгер атанған. Диплом алған соң, мемлекеттік қызметке орналасып, жұмыс істедім. Кейін жеке кәсіп ашып, тырнақ әрлеу ісімен айналыса бастадым. Қазір де осы салада еңбек етіп келемін. Өз бетімше жұмыс істеген ұнайды. Тұтынушыларым да бар. Табысы да жаман емес. Оқыған мамандығым бойынша еңбек етемін деп нақты айта алмаймын. Бәрін уақыт көрсетеді. Қазір де заңгер мамандығы бойынша білім алып жатқан жастар көп. Соларға жағдай жасалса екен деймін. Оқу орнын бітірген соң, университет оларды жұмысқа орналастырса, үлкен көмек болар еді. Бірге білім алған заңгерлердің көбі өзге салада жүр. Егер әу баста оларға дайын жұмыс болғанда мықты маман иелері атанар еді.

 

«Алаңды» үйлестірген – Айдана ҚУАНЫШЕВА.

 


Количество показов: 58

Возврат к списку