Картоп неге қымбаттады?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?
21.01.2021

«Бір әннің тарихы»
21.01.2021

Ғашықтық әуені
21.01.2021

Скетчинг деген бір өнер...
21.01.2021

Ұлы дала ұлағаты
21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?
21.01.2021

Намыс деген – тілің, Отаның, дінің
21.01.2021

Аудандар бақылауға алынады
21.01.2021

Ауызсумен қамту өзекті
21.01.2021

Вакциналау ақпанда басталады
21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу
21.01.2021

Әкімдер есеп беруде
21.01.2021

Мұз өткелдері ашылады
21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...
21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары
21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың
21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!
21.01.2021

21 қаңтар, бейсенбі
21.01.2021

«Ertis», алға!
19.01.2021

Қолөнер шеберлеріне қолдау
19.01.2021

«Менің туым - айбарлы!»
19.01.2021

Дәрігерлерге мың алғыс!
19.01.2021

Жомарттық танытты
19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?
19.01.2021

Қолжазбаны көшіретін қосымша
19.01.2021

Сарқынды судың әлегі
19.01.2021

Жаза күшейді
19.01.2021

Бар үміт - екпеде
19.01.2021

45 градус аязда қатпайды
19.01.2021

ЭЦҚ алуға міндетті
19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?
19.01.2021

19 қаңтар, сейсенбі
19.01.2021

Атақтарын қорғады
16.01.2021

Бибісары әулие
16.01.2021

Кінәрат - тозған құбырларда
16.01.2021

Тариф арзандайды
16.01.2021

Алғашқы сессия
16.01.2021

Аймақтағы ахуал мәз емес
16.01.2021

Кешенді реформалар жүргізіледі
16.01.2021

Жаңа басшы таныстырылды
16.01.2021

Көлік бағасы қалай құбылды?
16.01.2021

Жедел жәрдемге жүгіну жеңілдеді
16.01.2021

16 қаңтар, сенбі
16.01.2021

Берері мол «Business Ertis»
14.01.2021

Депутаттар белгілі
14.01.2021

Көркем туындыларға таңданып қайтыңыз!
14.01.2021

Суды сағаттап күтеді
14.01.2021

Кеселден қашан құтыламыз?
14.01.2021

«Интернеттің игілігін қашан көреміз?»
14.01.2021

Құбырлардың 80 пайызы тозған
14.01.2021

Ғылымға жеке министрлік қажет пе?
14.01.2021

Қаламгер һәм ұстаз
14.01.2021

Картоп неге қымбаттады?
14.01.2021

Жинақты алу емес,жарату маңызды
14.01.2021

Тәуелсіз комиссия айналысады
14.01.2021

Қар құрсауынан қашан арыламыз?
14.01.2021

Оң өзгерістер күтеміз
14.01.2021

Шетелдік жүйенің берері мол
14.01.2021

14 қаңтар, бейсенбі
14.01.2021

Мықтылар Алматыда іріктеледі
12.01.2021

14.01.2021

Картоп неге қымбаттады?

Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде картоп бағасының күрт қымбаттауы туралы жазбалар жиі ұшырасты. Тұтынушылардың айтуынша, небары он күн аралығында бір келі картоптың бағасы 100 теңгеге қымбаттаған. 
- 31 желтоқсан күні бір келі картоптың бағасы 90 теңге болған еді. 8 қаңтар күні баға 160 теңгеге, 10 қаңтарда 190 теңгеге дейін өсті. Бұл - басқа мемлекеттен, тіпті өзге өңірлерден жеткізілетін өнім емес. Біздің аймақта молынан өсетін, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің тізіміне енетін тауар. Олай болса, дүкен сөрелеріндегі бағалар қысқа уақыт аралығында неге екі есеге қымбаттап шыға келді? - деп әлеуметтік желі арқылы наразылығын білдірді Айгүл Тынбаева есімді тұрғын. 
Оның бұл пікірін өзгелер де қостай кетті. Барлығы картоп бағасының шынымен айтарлықтай артқанын жарыса жазды. Тіпті, кейбір дүкендерде бір келі картоптың бағасы 200 теңгеге дейін жеткен көрінеді. Мәселенің анық-қанығын анықтау үшін өзіміз де бірқатар сауда орындарын аралап, сатушы, сатып алушылармен тілдестік. 
Байқағанымыздай, тұтынушылардың бағаға қатысты алаңдаушылық білдіруі тегін емес екен. Айталық, дүйсенбі күні әлеуметтік дүкендерде картоптың бір келісі 120-150 теңгеге саудаланды. Көпқабатты үйлердің аулаларында орналасқан бірнеше шағын дүкенде сатушылар бір келі картоп үшін 170-180, кейбір жерлерде 200-220 теңге сұрайды. «Лидер», «Small» және «Greenwich» сауда желілерінде картоптың бағасы - 88-90 теңге аралығында. Ал «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын шекті бағадан асырмау жөнінде меморандум жасаған «Inmart» сауда желісінің дүкендерінде картоптың бір келісі 105 теңге тұрады. 
Сатушылардың сөзіне сүйенсек, өнімді жеткізушілер бағаны күрт қымбаттатқан көрінеді. Сондықтан сатушыларға дүкен сөрелеріндегі бағаларды өзгертуден басқа амал қалмады. Тұрғындар да «екінші нанға» баланатын картоп дастарқанға жиі қойылатын тағам болғандықтан, қымбат болса да сатып алуға мәжбүр. 
- Картопты түрлі тағам дайындауда пайдаланамыз. Тіпті, бәліштерді картоп қосып пісіреміз. Сондықтан жиі аламыз. Әрине, бағасының екі есеге дейін өсуі қалтаға салмақ салады. Сондықтан жергілікті билік бұл мәселені назарға алып, бағаны реттесе екен дейміз, - дейді Павлодар қаласының тұрғыны Инна Сафронова. 
Жергілікті билік демекші, өткен жылдың қазан айында облыстағы 16 шаруашылықпен меморандум жасалған болатын. Соған сәйкес, картоп өндірушілер аймақтағы 
35 әлеуметтік дүкенге өнімді арзан бағамен жеткізуі тиіс. Облыстық ауыл шаруашылығы басқар-масының бөлім басшысы Төлеген Көшербаевтың айтуынша, келісімге келген шаруашылықтар облысты картоппен үздіксіз қамтып отыр. 
- Екі оператор компания белгіленген кестеге сәйкес  картоп өсіретін шаруа қожалықтарындағы өнімді жеткізіп, әлеуметтік дүкендерге таратады. Бір келі картопты босату құны - 
70 теңге. Ал әлеуметтік дүкендердегі бағасы 90 теңгеден аспауы тиіс, - дейді Т.Көшербаев. 
Десе де, апта басында кейбір әлеуметтік дүкендерде бір келі картоптың бағасы 90 теңгеден едәуір қымбат болғанын көрдік.  Тұрғындардың шағымынан соң сауда орындарында мониторинг жүргізген арнайы топтар да мұны байқаған екен. Бағаның негізсіз өсу жағдайы анықталып, ескертуден кейін картоп бағасы қайта арзандады. 
Облыс әкімінің орынбасары Асайын Байхановтың айтуынша, бағаның күрт қымбаттауына ауа райының қолайсыздығы кері әсер еткен. 
- Қатты аяз болған күндері көптеген көкөніс қоймалары жабық болғандықтан, «Рахмет» базарындағы картоп бағасы қымбаттады. Сәйкесінше бұл базардан өнім алатын өзге дүкен сатушылары да бағаны бірден өсірді. Дүйсенбі күні әлеуметтік дүкендерге картоп жеткізу ісі қайта қолға алынып, бағасы 90 теңгеге дейін төмендеді, - деп хабарлады А.Байханов. 
Иә, жаңа жылдың алғашқы күндері «Рахмет» базарындағы картоптың 
бір келісінің бағасы 160-170 теңгеге дейін жеткені рас. Қатты аяздың салдарынан өнімді жеткізуде қиындықтар болғандықтан, осындай жағдай орын алғанға ұқсайды. Бірақ «Заря» шаруа қожалығының басшысы Айдар Ахметбековтің айтуына қарағанда, бұл мәселеде ешқандай қиындық жоқ. 
- Біздің шаруашылықта сыйым-дылығы 10 мың тонна болатын көкөніс қоймасы бар. Күзде жиналған картопты осында сақтап, бір бөлігін Нұр-Сұлтан, Түркістан қалаларына, басқа да өңірлерге жөнелтеміз. Тағы бір бөлігін меморандум аясында әлеуметтік дүкендерге 70 теңгеден босатамыз. Әкімдікпен жасалған келісімшарттың тиімді тұсы көп. Мәселен, өнімді өткізер орынды іздеп, әуреге түспейміз. Белгіленген операторлардың көліктері келіп, өздері тиеп алып кетеді, - дейді шаруашылық басшысы. 
Ресми есепке сүйенсек, облыс жұртшылығына жылына шамамен 
75 мың тонна картоп керек. Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Медет Шоқанов ұсынған мәлімет бойынша, өңірдегі көкөніс қоймаларында 
120 мың тонна картоп сақтаулы. Оған қоса, тұрақтандыру қорында 2300 тоннасы бар. 
- Сондықтан тұтынушылар өнімнен таршылық көрмейді. Бағаның күрт қымбаттауы осы қоймалардағы өнімді сауда орындарына жеткізудегі қиындықтармен байланысты болды. Бүгінде тиісті шаралар қабылданып, баға мәселесі реттелді, - дейді М.Шоқанов. 
Жергілікті биліктің тұрғындардың әлеуметтік желілердегі  көтерген мәселесіне бірден назар аударып, бағаны реттеу бойынша жұмыстарды атқарғаны жақсы, әрине. Бірақ бұл ретте «әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын күн, апта сайын бақылайтын мониторингтік топтардың қымбатшылықты байқамағаны қалай?» деген заңды сауал туындайды. «Көпшілік өз наразылықтарын ғаламтор арқылы жеткізбесе, дүкен сөрелеріндегі картоп бағасы өзгермес пе еді» деген ойдың қылаң беретіні де рас... 

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА 

Количество показов: 40

Возврат к списку

Раздел не найден.