Кел, балалар, кітап оқылық!

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Талапты күшейту керек
13.04.2021

Сәтсіздіктен сабақ алса игі...
13.04.2021

Құрметті жерлестер!
13.04.2021

Алқаптар отқа оранды
13.04.2021

Екпе егу жалғасуда
13.04.2021

Үйлерді су басты
13.04.2021

Алғашқы сенбілік
13.04.2021

Жұмыртқа бағасы арзан
13.04.2021

Үйренуге барлық жағдай бар
13.04.2021

Ердің ісі – ерлік
13.04.2021

Игі істер жалғасады
13.04.2021

Көш басында!
13.04.2021

Рамазан – жаннат есігі ашылатын ай
13.04.2021

Сарыарқа самалы, 13 сәуір, сейсенбі
13.04.2021

Рекордтық көрсеткіш!
10.04.2021

Шын мықтыға тұсау жоқ
10.04.2021

Жаңа маусымға дайын!
10.04.2021

Жаңа орынбасар
10.04.2021

Майдангер. Ұстаз. Қаламгер
10.04.2021

Академик тұтынған заттар
10.04.2021

Қаныш ұйымдастырған мектеп
10.04.2021

Жылу қашан тоқтатылады?
10.04.2021

Тазалық айлығы жарияланды
10.04.2021

Ауырмаудың жолын ізде!
10.04.2021

САУАЛ - СІЗДЕН
10.04.2021

Вакцина егу – дерттің алдын алу
10.04.2021

Аңшылар қаруын сайлауда
10.04.2021

«Ashyq» қалай жұмыс істейді?
10.04.2021

Сарыарқа самалы, 10 сәуір, сенбі
10.04.2021

Сервистегі «сең» қозғалды
08.04.2021

Жол жағдайы жақсарады
08.04.2021

Тыйым салынады
08.04.2021

«Енем тірлігіме араласа береді» атты мақалаға орай келіп түскен хаттардан
08.04.2021

САНАДАҒЫ САН САУАЛ
08.04.2021

Ахаңның тойы – елімізге абырой
08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!
08.04.2021

Оқушылар қазақ тілінде неге сөйлемейді?
08.04.2021

Ауылдарға таза ауызсу жетуде
08.04.2021

Көндімбай мінезден қашан құтыламыз?
08.04.2021

«Шаңырақ» бағдарламасы басталды
08.04.2021

Электронды тестілеудің ерекшелігі неде?
08.04.2021

Айыппұлдың артуы сапаны жақсарта ма?
08.04.2021

Індетті жеңудің төте жолы
08.04.2021

Дарындылар топ жарды
08.04.2021

«Оразаның сауабын өзім беремін»
08.04.2021

Рамазан айы құтты болсын!
08.04.2021

Онлайн-сервис іске қосылды
08.04.2021

Шаруаларда тұқым жеткілікті ме?
08.04.2021

Сарыарқа самалы, 8 сәуір, бейсенбі
08.04.2021

Баптай білсең, жер - жомарт
06.04.2021

Имамдар вакцина алуға шақыруда
06.04.2021

Экспорттық әлеует артты
06.04.2021

Кең болсаң, кем болмайсың!
06.04.2021

Ауылдың берекесіне қарық болды
06.04.2021

Тиімдісі - QR-код
06.04.2021

Бір апта уақыт берді
06.04.2021

Ағаш егу – маңызды іс
06.04.2021

Қайта өршуге әзір болу керек
06.04.2021

Сарыарқа самалы, 6 сәуір, сейсенбі
06.04.2021

«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан...»
03.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық! 08.04.2021

Кел, балалар, кітап оқылық!

Кітап – рухани  ғибраттың қайнар көзі, ал кейінгі ұрпақ үшін құны мен қасиеті арта бере тарихтың  тұздығы, халықтың жалпы өркениетте алға ұстар төлқұжаты.

Жақау Дәуренбеков.


Кітап – теңдессіз мұғалім. Адам кітап оқу арқылы өзін жан-жақты жетілдіреді. Кітаптан өзі бұрын білмеген мағлұматтарға қанығады: олардың ішіндегі тағылымдыларын бойына сіңіруге, қажет деп таппағандарын елемеуге тырысады. Әр оқырман өзін қызықтыратын, өзінің жас ерекшелігіне қарай талғамды кітаптарды оқуды қалайды да, олардың білімдік, тәрбиелік және тіл дамытатындай жақтарына да үлкен мән береді.
Міне, осындай кітаптардың бір тобы биылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының тізіміне кіргізіліпті. Мен де осы жалпыхалықтық кітап оқуына қатыспақшы болып, жазушы Тобық Жармағамбетовтің «Отамалы» кітабына енген әңгімелері мен хикаяттарын оқып шықтым. Бұл шығармалардың  қай-қайсысында да 1940–1950 жылдардағы ауыл өмірі, ондағы адамдардың тұрмыс-тіршілігі әсерлі баяндалады екен. Пайымдап қарасақ, бұл кітап жас жеткіншектердің қызыға оқитын кітаптарының бірі болуға тым лайық. Біз кітапқа енген жеті туынды жайында толық шолу жасауды мақсат етіп отырған жоқпыз, өйткені мұны мақаламыздың көлемі де көтермейді. Тек олардың әрқайсысында сөз болатын басты мәселелерді оқырмандарға аңғартып, тәлімдік-тағылымдық жақтарынан қысқа-қысқа үзінділер келтірсек пе деп отырмыз. Сонымен, кітаптағы «Қара сиыр» хикаясында қайратты да қажырлы, әрі тез қимылдайтын Малдыбайдың бай берген сүзеген сиырды жөнге сала алмай,соның сойқандығынан аяқасты қаза тапқандығы әңгімеленеді. Үйінен шығарда інісінің үйінің босағасын сылап бермекші болып, ши жақтан қоян-қопсы қарауға бекінген Малдыбай осылайша күтілмеген жағдайға ұшырайды. «Отамалы» – аңыз әңгіме. Қатыгез Жапан бай тәжірибелі қойшы Отамалының ауа райының бұзылатындығын дәлелдеп айтқан өтінішін қабыл алмайды. Оған қойды әдеттегісінше түнде жаюды бұйырады. Отамалы қойды амалсыз өріске шығарғанда күн суытады, ызғырық жел шығып, ол күшейген үстіне күшейе түседі. Қар жауып, жер үсті алай-дүлей болады. Адасады. Боран басылмайды. Бесінші күні жаңа туылған қозылар да, әлсіз саулықтар да қырылады. Мұны көзімен көрген Отамалы есінен айырылады. Жалаңаштанған күйінде қарға құлап түседі де, бұл дүниеден безбүйрек Жапан бай мен тасжүрек сұм боранға лағнат айтумен өтеді. Осылайша, Жапан бай адал бақташы Отамалыдан бір,  бір қора қойдан екі айырылып, олардың обалына қалады. Бір отбасындағы шытырман тұрмыстық жағдай «Қызыл ай» әңгімесінде баяндалады. Отағасы Шалпық колхозда бақташы болып жүріп, жазықсыз сотталады да, еш хабар-ошарсыз кетеді. Артында тоғыз айлық баласы Төлеміс пен әйелі Нәбия қалады. Арада біраз жыл өткенде біреулер Шалпықпен бірге болдық, оны өз қолымыздан жерледік дегенді айтады. Бұған иланған Нәбия Төрехан деген кісіге тұрмысқа шығып кетеді. Төлеміс педучилищенің үшінші курсында оқып жүрген кезінде әкесі ақталып, баласымен қауышады. Енді екеуі бұдан былай бірге болатын болып шешеді. Төлеміс анасының да, әкесінің де көңілдерінен шыққан азамат болады.
Үй өртенгенде ішінде кәрі кемпір мен екі жастағы сәби қалады. Аман қалған – даладағы Майлыаяқ қана. «Майлыаяқ» әңгімесінде осы иттің ерекше болмысы сөз етіледі. Оның әрекеті айрықша: үй иесіне қайғырады, өлік салынған арба соңынан қалмайды, екеуінің жерленгенін көреді, сол жерге жиі келіп тұрады. Осы үйдің сиыры мен бұзауын айдап әкеткен кісіге де шабаланып үрумен болады. Өртенген үйінен кетпейді. Ашығып, ұрлыққа да барып, өкпесіне оқ  дарытады да, содан көз жұмады. Оқырман «Ит – адамның досы» деген нақылдың мәніне осы әңгімені оқу барысында әбден көз жеткізеді. Оқырман «Уақыт» әңгімесінен баланың анасына деген шексіз махаббатын  аңғара алады. Ыбраш әкесін толық білмейді. Анасы Зәрудің тәрбиесінде болады. Зәру жүрек ауруынан дүние салады. Ыбраш балалар үйінде тәрбиеленеді. Медицина институтын бітіреді. Дәрігерлік қызметінде еңбегі жанады. Ол жүзінші тым күрделі операциясын бір кемпірге жасағанда, оның көздері өзінің он үш жасында қайтыс болған анасының көздерінен аумайды. Ыбраш бұл ұқсастыққа таңғалады да, ешкімі жоқ кемпірді өз отбасының бір мүшесі етіп қабылдауды да ойлайды. Шіркін, баланың қасында анасы болғанға не жетсін! «Жан» хикаясының басты кейіпкері – ауыл баласы Жан. Онжылдықты, одан кейін университет бітіреді. Университетте сабағын да жақсы оқиды, бокспен де беріле шұғылданады. Аты Республикаға жайылады. Ол өз ауылына мұғалім болып оралады. Бірде кенеттен ауырып, дәрігерге қаралғанда өзінің рактың асқынған түрімен ауыратынын біледі. Дәрігер оған бұл ауруды емдеп жазуға ешбір мүмкіншілік жоқтығын айтады. Осы кезде Жанға дос дәрігер Кәрім қол үшін созып, досын ажал аузынан алып қалады. Жан риза болғандықтан, Кәрім мен өзін күткен Шарбат қызға жазып бітірген «Қансыраған арман» кітабын арнайды. Бұл – шын достықтың үлгісі ғой! Адамдар арасындағы өзара сыйластықты, қожайын мен мал арасындағы түсіністікті баяндайтын туынды – «Қара жаңбыр» әңгімесі. Бұл әңгімеде ана мен бала, аға мен қарындас, әже мен немере, ене мен келін, көрші мен көрші бір-біріне қамқоршы әрі тілекші болып келеді. Әсіресе Ағлағыл әже мен немересі Нияздың бір-біріне бауыр басқандығы оқырманды бейжай қалдырмайды. Түн ішіндегі қара жаңбырда әженің немересін іздеп, аудан орталығындағы қызының үйіне барып қайтқанда жолшыбай көрген жантүр-шігерлік азабын іштей толқусыз оқу мүмкін емес. Әженің қайраттылығы, еңбексүйгіштігі, тәуекелшілдігі, балажандығы, төзімділігі әңгіменің өн бойында сөз болады. Он баланы дүниеге әкелген ана соғыстағы Мырзашынан қара қағаз келгендегі ауыр қайғысынан бұ дүниемен қоштасады. Осы туындыларды оқу барысында автордың оқиғаны баяндау шеберлігін аңғартатын жекелеген үзінділер:
... Бұл сиыр неғып тұр? Неге жібермейді, қашанғы тұра бермек? Сүтті мол бергенмен, сиырлардың ішінде де әумесерлері толып жатыр екен ғой!
«Қара сиыр» әңгімесінен.

Отамалы мен Жапан бай:
- Отамалының үйінде ештеңе жоқ. Отамалыға қалың тон керек.
- Отамалыға көктем берілді.
- Отамалыға тамақ керек.
- Отамалыға жылы түн берілді.
- Отамалыға байпақты етік керек.
- Отамалыға бусанған жер берілді.
- Отамалыға жақсы ат керек.
- Отамалыға екі аяқ, бір таяқ берілді.
- Отамалы түнде қойларды өріске шығармайды. Отамалы қойларды күндіз жаяды.
- Отамалыға мың жұлдыз берілді.
- Жұлдыздарды бұлт бүркейді.
- Отамалыға төбелер берілді.
- Төбелерді тұман бүркейді.
- Отамалыға жыралар, сайлар берілді.
- Жыра-сайларды қар жабады.
- Отамалының жағына жылан жұмыртқалап, тамағына тышқан індесін!
- Күн суық болады! Түн суық болады! Қойлар ығып кетеді. Отамалы қойларды өріске шығармайды!
- Қазірден бастап Отамалы қойға кетеді!
«Отамалы» аңызынан.

Нәбия баласы Төлеміске: «Әкең келіпті. Ауылға бармайсың ба?» –  деді. Төлемістің жүрегі ойнап кетті. Жүзі бал-бұл жанып, не айтарын, не дерін білмей, үнсіз қалса да, шырақтай жанған көздері көп нәрсені аңғартып-ақ тұр еді. Шешесінің де көзінде жас тұр екен... Төлемістен көзін алар емес. «Қош бол енді, құлыным!  Менің құшағымнан ұшып бара жатырсың ба? Енді сенен айырылдым ба? ... Енді ұяңа қайта ұшып бара жатырсың ба?  Мені тастап бара жатырсың ба?» деген ойлар жазулы тұр еді ана көзінде. Соны Төлеміс түсініп қалды. Сол жазуды көңілімен оқыды бала...
«Қызыл ай» әңгімесінен.

...Адамдар әбден кеткенін көрген Майлыаяқ ақырындап орнынан тұрды. Жайлап барып, иесі жатқан төмпешікке келді. Біраз қарап тұрды. Кішкенеден кейін төмпешіктің жанына жата кетті. Ол осылай біраз жатты. Бірақ төмпешік қозғалмады. Майлыаяқ әйтеуір бір уақытта иесі шығады ғой деген үмітте... Бірақ төмпешік қозғалмады. Иесі шыққысы келмеді.
«Майлыаяқ» әңгімесінен.

Ыбраш тағы да дір етті. Иә, бұл қанша ойламайын десе де, осы көздерден қанша қашықтаса да, қаншама мойындамайын десе де, бұл оның аяулы анасының – бұдан отыз жыл бұрын, өзінің он үш жасында қайтыс болған анасының көздері еді. Ауруханада кемпірді алғаш көргенде Ыбраштың төбесінен жай түскендей болды. Дәл осы көздер, сол бет-пішін, сол бір жасқаншақ, әлсіз тіршілік иесі алдында жатыр. Неткен ұқсастық! Мұндай зат дүниеде екі айналып келуі мүмкін бе?
«Уақыт» әңгімесінен.

Шіркін, өмір. Талайлар осылай мен құсап зарлап өтті ме екен? Өмірге өліп бара жатқан адамдай ғашық ешкім жоқ екен ғой. «Бар білінбейді, жоқ жылатады» деген сол екен ғой.
«Жан» хикаясынан.

Жаңбырдың да мінезі адамның мінезі сықылды, ей, астапыралда-ай! Сондай адамдар болады... Үрдіс адамдар... Ынжық адамдар... Ауыздағысын ақтарып салып, артынан күліп отыратындар... Жазғы жаңбыр... күзгі жаңбыр...көктемдегі жаңбырлар... әрқайсысының жүз түрі бар. Күзгі жаңбыр қиындау. Оның ішіндегі ең жаманы – қара жаңбыр. Қара жаңбыр күндізді түн, көзді қор қылады...
«Қара жаңбыр» әңгімесінен.

Иә, аталған кітапты оқыған жас болсын, үлкен адам болсын ойына түйер дүниелер баршылық. Тілі жатық, адам мінез-құлқын, табиғат құбылыстарын шебер суреттейтін, тәрбиелік мәнді шығармаларды оқып шығуға шақырамын!

Ульян МАҚҰЛ, 
«Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.


Количество показов: 35

Возврат к списку