Келешек ұрпаққа аманат

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Карантин күшейтілді
26.01.2021

Жаңа бағыт ашылады
26.01.2021

26 қаңтар, сейсенбі
26.01.2021

Фотожылнамашы
23.01.2021

Монополист неге белсенді емес?
23.01.2021

Тексеру нені көрсетті?
23.01.2021

Көпшілік күткен өзгеріс
23.01.2021

Электронды үлгі маңызды
23.01.2021

Әр сауал жауапсыз қалмайды
23.01.2021

Тісіңізді тегін емдетіңіз!
23.01.2021

Ақылы тест басталды
23.01.2021

23 қаңтар, сенбі
23.01.2021

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?
21.01.2021

«Бір әннің тарихы»
21.01.2021

Ғашықтық әуені
21.01.2021

Скетчинг деген бір өнер...
21.01.2021

Ұлы дала ұлағаты
21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?
21.01.2021

Намыс деген – тілің, Отаның, дінің
21.01.2021

Аудандар бақылауға алынады
21.01.2021

Ауызсумен қамту өзекті
21.01.2021

Вакциналау ақпанда басталады
21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу
21.01.2021

Әкімдер есеп беруде
21.01.2021

Мұз өткелдері ашылады
21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...
21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары
21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың
21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!
21.01.2021

21 қаңтар, бейсенбі
21.01.2021

«Ertis», алға!
19.01.2021

Қолөнер шеберлеріне қолдау
19.01.2021

«Менің туым - айбарлы!»
19.01.2021

Дәрігерлерге мың алғыс!
19.01.2021

Жомарттық танытты
19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?
19.01.2021

Қолжазбаны көшіретін қосымша
19.01.2021

Сарқынды судың әлегі
19.01.2021

Жаза күшейді
19.01.2021

Бар үміт - екпеде
19.01.2021

45 градус аязда қатпайды
19.01.2021

ЭЦҚ алуға міндетті
19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?
19.01.2021

19 қаңтар, сейсенбі
19.01.2021

Атақтарын қорғады
16.01.2021

Бибісары әулие
16.01.2021

Кінәрат - тозған құбырларда
16.01.2021

Тариф арзандайды
16.01.2021

Алғашқы сессия
16.01.2021

Аймақтағы ахуал мәз емес
16.01.2021

Кешенді реформалар жүргізіледі
16.01.2021

Жаңа басшы таныстырылды
16.01.2021

Көлік бағасы қалай құбылды?
16.01.2021

Жедел жәрдемге жүгіну жеңілдеді
16.01.2021

16 қаңтар, сенбі
16.01.2021

Берері мол «Business Ertis»
14.01.2021

Депутаттар белгілі
14.01.2021

Көркем туындыларға таңданып қайтыңыз!
14.01.2021

Суды сағаттап күтеді
14.01.2021

Кеселден қашан құтыламыз?
14.01.2021

09.01.2021

Келешек ұрпаққа аманат

- Наум Григорьевич, әңгімеміздің әлқиссасын ата-анаңыздан, сізді балалық шағыңыздан айырған депортация жылдарын еске түсі-руден бастасақ...
- Мен 1931 жылы 13 қаңтарда еврейлер отбасында, Молдованың Кишинев қаласында дүниеге келдім. Әкем – Герш Лазаревич, анам – Гита Соломоновна. Өкінішке қарай, менің он жасымда, яғни Ұлы Отан соғысы басталудан бір апта бұрын біздің отбасымызда қаралы күндер басталды. Бізді бұрынғы Молдова, қазіргі Бессарабия жерінен Қазақстанға депортациялады. Тәртіп сақшылары үйімізге келіп: «Жылдам жиналыңыздар, өздеріңізбен 100 келі зат алуға ғана рұқсат» деді. Үйіміздегі қымбат, бағалы заттардың барлығын тастап кеттік. Оларды алып шығуға рұқсат бермеді. Анамның қымбат пальтосын да заттарымыздың арасынан көріп қалып, тастап кетуге мәж-
бүрледі. Осылайша, біз бір-ақ күннің ішінде өзіміздің туған жерімізді, Отанымызды тастап кетуге мәжбүр болдық. Қазақстанға жеткенше бізді өте көп қиындықтар күтіп тұрғанын сол кезде білмедік. Мәселен, жер аударылып келе жатқан отбасылардың жұмысқа жарайтын ер азаматтарын отбасынан бөліп, қара жұмысқа жекті. Олар Свердловск облысындағы орманда еңбек етті. Оның ішінде менің әкем де болды. Олар Қазақстанға бір жылдан кейін ғана жетті. 
- Еліміздің қай өңіріне тұрақтадыңыздар?
- Ол кезде Молдовиядан депортацияланып келе жатқан отбасылардың арасында түрлі ұлт өкілдері болды. Олар молдовандар, еврейлер, орыстар, болгарлар, гректер мен поляктар еді. Барлық бессарабия-лықтарды сол кезде Ақмола облысындағы №27, 29, 30, 31, және 32 бөлімшелерге бөлді. Біздің отбасын халықаралық атауы бар №31 бөлімшеге жіберді. Біз келгенге дейін бұл жерде өзбектер, тәжіктер мен түркімендер болған екен. Кейіннен қатарымыз неміс, шешен және ингуштармен толықты. Осылайша Ақмола облысында «Жаңа өмір» атты жаңа ауыл пайда болды. Мұнда қоныстанғанның барлығы ерік-жігерін жинап, өздерінің «жаңа өміріне» үйреніп, тіршілік ету үшін барын салды. Олай етпеген жағдайда тірі қалуы мүмкін емес еді. Бұл бір ғана депортациядан бөлек, сұм соғыстың басталған кезі ғой. Осы екі жағдай бізді ерте есейтті. Тым ерте жаста еңбекке араласуымызға тура келді. Алғашқы жылдары мен колхоздың бұзауларын бақсам, кейін шабындыққа шығып, еңбек еттім. Ал қыс мезгілінде сабағымды оқып, екінші жағынан колхоз басқармасында хатшы болдым.
- Естуімізше, сіз алғашқы граммофондарды Бессарабиядан жер аударыларда анаңыздың көйлегінің арасына орап алып келген екенсіз...
- Қызыл жағалылар үйімізге жетіп келіп, «заттарыңызды жинаңыздар» дегенде алдымен ойға бағалы заттарым түсті. Милиция өкілдерінен «Граммофондарды алуға бола ма?» деп сұрағанымда олар бірден жоқ деді. Кейін менің қимай жүргенімді көрсе керек, ішінен біреуі: «Мейлі, бала алғысы келіп тұрса, алсын. Бірақ көп емес» деді. Оның өзі мен үшін үлкен қуаныш еді. Себебі үйімізде мұндай бағалы заттар көп болатын. Алып жүруге келетіндерін анамның көйлектерінің ара-сына, көрпе-жастықтың ішіне тығып, жалпы саны 30 күйтабақты өзіммен алып келдім. Содан бері 80 жыл өтті, бірақ әлі күнге әлгі милиция қызметкерінің түр-келбеті менің көз алдымнан кетпейді. Отанымнан айырып жатса да,  бағалы құндылығымнан айырмай, оны өзіммен бірге ала кетуіме мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын.
- Жарыңыз Наталья Капустинамен қалай таныстыңыз?
- Ол кісімен 70 жыл бұрын таныстым. Екеуіміз де ҚазМУ-дың филология факультетінде бір группада білім алдық. Сол кезден бастап танысып-білісіп, 3-курста отбасын құрдық. 1957 жылы қызымыз Елизавета өмірге келді. Одан тараған жиендеріміз бар. Өз басым мамандық таңдаудан да, жар таңдаудан да қателеспедім. Егер Натальяның орнында басқа жан болғанда мені түсінбес еді деп ойлаймын. Себебі, біздің үйіміз ешқашан үй тәрізді болған жоқ. Бөлмелер толған кітап-журналдар, күйтабақтар. Осының барлығына құрметпен қарап, менің жан қалауымды жүрегімен түсіне білді. Сол үшін де ерекше құрметтеймін. 
- Ал қасиетті Ертіс-Баян өңіріне қалай келдіңіздер?
- Біз ҚазМУ-ді бітіргеннен кейін 10 жыл Ақмолада мектепте мұғалім болып қызмет еттік. Кейін Целиноградта бірнеше жыл тұрғаннан кейін Павлодарға келдім. 1968 жылдан бастап бұрынғы Павлодар педагогикалық институтында доцент атағын алып, филология факультетінде сабақ бердім. Міне, содан бері осы жерде тұрақтап қалдық. Кейіннен облыстық әкімдіктің көмегімен кең үйге көшіп, музей-үйін аштық.
- Биыл сіз үшін мерейтойға толы жыл десек болады. Яғни, өзіңіздің 90 жылды-ғыңыздан  бөлек,  «Шафер музей-үйінің» құрылғанына 20 жыл толып отыр. 
- Расымен де, мен үшін Сиыр жылының сыйы мол болмақ. Саналы ғұмырымды арнап, балалығымнан қарт-тығыма дейін жинаған еңбектерімді сақтап, бұқа-раға ұсынып отырған музей-үйінің ашылғанына да 20 жыл.
Музейде 8-ге жуық қызметкер бар. Қазіргі директорымыз - Ажар Сағындықова. Музейде граммафон және құнды кітаптар сақтаулы. Негізі, кітаптарымның басым бөлігін С.Торайғыров атындағы облыстық ғылыми кітапханаға тапсырғанмын. Олардың ішінде 150 жылдық тарихы бар көне кітаптар бар. Қазіргі таңда музейдегі грампластинкалардың саны 27 мыңнан асты. Оның 600-і - сирек кездесетін, ең бағалы жәдігерлер. Олардың басым бөлігін Павлодарға көшіп келген жылдары жинадым. Ауыл-ауылды аралап, біреуін сатып алсам, енді біреуін сұрап алдым. Тағы біреуін сыйға берді. Кей кездері базарларды аралып, жаңадан шыққан күйтабақ болса бірінші болып сатып алуға тырысатынмын. Жалпы, музейде ХIX ғасыр мен XX ғасырдың соңындағы музыкалық шығар-малардың жазбалары, саяси қайраткерлердің, белгілі танымал әртістер мен ақындардың дауыстары, көптеген халықтың музыкасы бар. Коллекцияның ішінде 14000 граммофондық және патефон күйтабақтары бар. Ал олардың кейбіреуі бір-бір дана-
дан ғана. Тіпті, 1898 жылы жазылған ең алғашқы граммофон күйтабақтары да бар. Онда ескі орыс әндері, шіркеулік хор өлеңдері мен сол кездегі белгілі жетекші опера әншілері Шаляпиннің, Собиновтың, Нежданованың және тағы да басқалардың дауыстары бар.
- Ал алтын қорыңызда қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына үлес қосқан, дара тұлғаларымыздың дауысы жазылған күйтабақтар кездесе ме? 
- Әрине, бар. Қазақ елінде тұрып, ауасын жұтып, жерін басып жүрген соң оның болмауы мүмкін емес. Бізге екінші өмір сыйлаған қасиетті елдің дара тұлғаларының үнін алтын қорда сақтай алмасам, азаматтығыма сын болар еді. Одан бөлек, менің ұстазым Евгений Брусиловский қазақ мәдениетіне үлкен құрметпен қарауды үйретті. Менің алтын қорымдағы павлодарлықтар үшін бағалы, Қазақ елі үшін қастерлі болатын дауыстың бірі – Кәукен Кенжетаевтың үні жазылған күйтабақты айтар едім. Қазақтың біртуар азаматы, кино әлемінде қайталанбас дара тұлға Кәукен Кенжетаевпен «Волга, Волга» фильмінің түсірілімінде алғаш таныс- тым. Бұдан бөлек, Күләш Байсейітованың да дауысы жазылған пластинка бар. 
- Сіздің композиторлық шығармаларыңыздың  барлығы  Нами Гитин есімімен беріледі. Неге?
- Менің өмірімде ерекше орын алатын екі адам бар. Оның бірі ұстазым Евгений Брусиловский болса, екіншісі - композитор Исаак Дунаевский. Шығармашылық жолда, соның ішінде композиторлық қырымның ашылуына және музыка әлемінде лақап атпен танылуыма себепкер болған соңғы аталған адам. Маған Нами Гитин есімін қойған да Исаак Дунаевский. Оның тарихы тереңде.
- Тілегіңіз қандай?
- Менің бір ғана тілегім бар. Ол - менің жылдар бойы жинаған құндылығымды сақтап, оны кейінгі жас ұрпаққа жеткізу. Себебі, мұнда жоғарыда атап өтке-німдей, небір ұлылардың үні жазылған күйтабақтар бар. Осы жәдігерлерім аяқ асты қалмай, ел кәдесіне жараса игі.
- Уақыт бөліп, әңгіме-лескеніңізге рақмет!

Сұхбаттасқан – 
Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.
Суреттерді түсірген – автор.


Количество показов: 64

Возврат к списку

Раздел не найден.