Кенже ұлға салмақ артпадық...

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Кенже ұлға салмақ артпадық... 09.09.2021

Кенже ұлға салмақ артпадық...

Жақында Қуат есімді жігіттің жолдаған хатын газет бетінде жариялаған едік. Бүгінде ата-анасы мен жұбайының көңіліне алма-кезек қарап, алаңдап жүрген кенже баланың өмірі оқырмандарымызды толғантпай қоймады. Осы хаттың желісі бойынша редакциямызға Баянауыл ауданында тұрып жатқан Жансағын ақсақал мен Қамбар апамыз хабарласты.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Әр баланың перзенттік борышы – ата-ананың разылығын алу. Әсіресе бұл жауапкершіліктің көбі кенже балаға түседі. Жасыратыны жоқ, соңғы уақытта осы бір қазақы ұғым өз маңыздылығынан айырылып бара жатқандай сезіледі. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін ұл мен қыз баласына берілетін тәрбиені назарға алып, қайта қалпына келтіру болатын шығар, сірә. Отбасы жылуын сақтап, бүгінде көпшілікке үлгісін көрсетіп отырған ата-әжелеріміздің өткен өмір жолын насихаттар болсақ, бұл мәселенің де сөзсіз шешілері анық.

Осы тұста, әлі де қазақы салт-дәстүріміз бен тәрбиеден ажырамағандығымызға бүгінде ұл-қыздарының қызығына кенеліп, келініне риза Жансағын атаның өмірі дәлел болмақ. Болашақ ұрпақ пен қазіргі буынға отбасы құндылығын ұғындырып, жанұя қамалының беріктігін сақтап келе жатқан Жансағын ата мен Қамбар апаның отау құрғандарына алдағы жылы 60 жыл толмақ. Гауhар тойын атап өтуге ниеттеніп отырған қос бәйтерек 7 ұл мен 3 қыз өсірді. Қазіргі уақытта он баласы он ошақтың иелеріне айналды.

- Отбасы – өмірдегі барым да, бар байлығым да... Құдайға шүкір, өзіміз жеті ұл мен үш қыз тәрбиеледік. Қазіргі кезде 21 немере, 15 жиен, 19 жиеншар қызығына кеңеліп отырған жайымыз бар. Жақында алғашқы шөбереміз дүниеге келді. «Қой егіз тапса, бір түп жусан артық өседі» дейді емес пе?! Әр бала өз несібесімен өмірге келетіндігіне көзім жетті. Бүгінде 7 ұлымыздың шаңырағын кезегімен аралап, немере қылығына тамсанып отырмыз. Қазақта «кенже бала – қара шаңырақ иесі» екені белгілі. Бірақ, біз бәйбішем екеуіміз, тек кенже баламызға салмақ салғымыз келмейді. Жасымыз 80-нен асты. Сондықтан да бізге қала ыңғайлы болып отыр. Осы уақытта ортаншы ұлым Әділбектің қолындамыз. Десе де, арқа сүйер жеті қанатым тұрғанда, қартайған шақта осы ұл-қыздарымның үйін аралап жүргенге не жетсін, - дейді Жансағын ата.

Ал Қамбар апа өз пікірімен былай деп бөлісті:

- Мен өзім 14 құрсақ көтерген анамын. Аллаға тәубе, он баламның тілеуін тілеп, аман-сау жүргендеріне қуанамын. Отағасымен отау құрғанымызға келер жылы 60 жыл толады. Қазір он баламның әр шаңырағында айлап қыдырып, қонақта болып жүрміз. Ай болмай жатып, ұлдарым мен келіндерім бізге қашан келесіздер деп үздіксіз қоңырау соғады. Осындай күнге жеткізген Жаратушыға шексіз алғыс айтамын. Кейде атаң екеуіміз осындай құрметтің толастамайтындығына көңіліміз елжіреп, жылап та аламыз... «Абысын тату болса - ас көп, ағайын тату болса – ат көп» дейді ғой қазақ халқы. Ең біріншіден, келіндеріме дән ризамын.

Ата-анаға құрмет қылсаң, алдыңа міндетті түрде сол келеді. Атадан балаға мұра болып қалатын «қара шаңырақ» - киелі үй. Жас отауға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата беріледі. Яғни, отаудың мәртебесі биік, мерейі үстем әрі жоғары деген мақсатта айтылары хақ. Қазақы тәрбиемізде ең бірінші әке, кейін ана жас отбасының ұстазы болады. Осы ұстаздардың жолымен, ақ батасымен жүрген жас отаудың қашанда жолы ашық болары сөзсіз. Барлығымыз да осындай ұстаздар алдынан өттік, алайда жамандығын көрмедік деп сөзін жалғастырды Жансағын ата.

- Редакцияларыңа хат жолдаған Қуат пен келінге айтар кеңесім: отбасы болған соң, ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды. Қазіргі сәтте ата-аналарыңмен бірге тұрып жатқан екенсіңдер, әрі қарай да осы қалыптан таймаңдар. Үйдің кенже баласы мен келіні болғаннан соң, сендерге артылар жүк екі есе ауыр. Дегенмен сендерге берілер бата мен алғыс қаншама. Ата-ана - бұл өмірде жалғыз, егде тартқан үлкендерімізді қалдырып, жеке шығу дұрыс болмас, қарақтарым. Керісінше, сәл бір қиындық сәттерде бір-біріңе қолдау білдіріп, не де болса үлкенді сыйлай біліңдер! Өзара ақылдасып, дұрыс шешімге келесіңдер деп сенемін. Әке-шешеңе тірі кезінде тауық сойып бере алмасаң, өлген кезде жылқы союдың керегі жоқ екенін естен шығармаңдар! – деді сөз соңында ақсақал.

Әулет үлкендерінің осы бір айтқан даналық сөзі оқырман қауымға ой салары анық. Шынымен де, кенже балаға ықылас та, артылар міндет те бөлек. Қара шаңырақ – әке-шешенің үйі. Мұнда әрдайым жанұя балалары жиналған уақытта қамқорлық пен сыйластық лебі сезіледі. Құндылық пен татулық кенже бала мен келіннің арқасында сақталып, жалғасын табады.


Количество показов: 271

Возврат к списку