Кеселден қашан құтыламыз?

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бұқаралық спортты қалай дамытамыз?
21.01.2021

«Бір әннің тарихы»
21.01.2021

Ғашықтық әуені
21.01.2021

Скетчинг деген бір өнер...
21.01.2021

Ұлы дала ұлағаты
21.01.2021

Тәуелсіз елдің жастары қандай болуы керек?
21.01.2021

Намыс деген – тілің, Отаның, дінің
21.01.2021

Аудандар бақылауға алынады
21.01.2021

Ауызсумен қамту өзекті
21.01.2021

Вакциналау ақпанда басталады
21.01.2021

Бүгінгі міндет - апатқа жол бермеу
21.01.2021

Әкімдер есеп беруде
21.01.2021

Мұз өткелдері ашылады
21.01.2021

Мандат алып, маң-маң басып...
21.01.2021

Ел мүддесі бәрінен жоғары
21.01.2021

Балаңды ренжітсең, бәлеге қаласың
21.01.2021

Қолыңды мезгілінен кеш сермеме, шаруа!
21.01.2021

21 қаңтар, бейсенбі
21.01.2021

«Ertis», алға!
19.01.2021

Қолөнер шеберлеріне қолдау
19.01.2021

«Менің туым - айбарлы!»
19.01.2021

Дәрігерлерге мың алғыс!
19.01.2021

Жомарттық танытты
19.01.2021

«AQIQAT»-ты алдау мүмкін бе?
19.01.2021

Қолжазбаны көшіретін қосымша
19.01.2021

Сарқынды судың әлегі
19.01.2021

Жаза күшейді
19.01.2021

Бар үміт - екпеде
19.01.2021

45 градус аязда қатпайды
19.01.2021

ЭЦҚ алуға міндетті
19.01.2021

Қаратоғайлықтардың қалауы не?
19.01.2021

19 қаңтар, сейсенбі
19.01.2021

Атақтарын қорғады
16.01.2021

Бибісары әулие
16.01.2021

Кінәрат - тозған құбырларда
16.01.2021

Тариф арзандайды
16.01.2021

Алғашқы сессия
16.01.2021

Аймақтағы ахуал мәз емес
16.01.2021

Кешенді реформалар жүргізіледі
16.01.2021

Жаңа басшы таныстырылды
16.01.2021

Көлік бағасы қалай құбылды?
16.01.2021

Жедел жәрдемге жүгіну жеңілдеді
16.01.2021

16 қаңтар, сенбі
16.01.2021

Берері мол «Business Ertis»
14.01.2021

Депутаттар белгілі
14.01.2021

Көркем туындыларға таңданып қайтыңыз!
14.01.2021

Суды сағаттап күтеді
14.01.2021

Кеселден қашан құтыламыз?
14.01.2021

«Интернеттің игілігін қашан көреміз?»
14.01.2021

Құбырлардың 80 пайызы тозған
14.01.2021

Ғылымға жеке министрлік қажет пе?
14.01.2021

Қаламгер һәм ұстаз
14.01.2021

Картоп неге қымбаттады?
14.01.2021

Жинақты алу емес,жарату маңызды
14.01.2021

Тәуелсіз комиссия айналысады
14.01.2021

Қар құрсауынан қашан арыламыз?
14.01.2021

Оң өзгерістер күтеміз
14.01.2021

Шетелдік жүйенің берері мол
14.01.2021

14 қаңтар, бейсенбі
14.01.2021

Мықтылар Алматыда іріктеледі
12.01.2021

14.01.2021

Кеселден қашан құтыламыз?

2021 - екпе жылы

Бір жылға жуық уақыт күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселе жөнінде жыл басында тағы да арнайы жиын өтті. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой биыл еліміздегі 10 миллионға жуық адам коронавирусқа қарсы екпені алатынын мәлім етті. Бұл ретте сарапшылар сенім артқан америкалық Pfizer вакцинасы мемлекетімізге ағымдағы жылдың екінші жартысында жеткізіледі деп жоспарланған. Министрлік қызметкерлері компания өкілдерімен келіссөздер жүргізіп, жеткізу жолдарын талқылауда. Вакцина құны мен көлемі әзірге құпия күйде қалып отыр. 
- Қазір әлем бойынша жағдай әлі де күрделі. Аурудан сақтану үшін ресейлік «Спутник-V» вакцинасының 2 миллион дозасын алу жөнін-
де келісім жасадық. Препарат субстанция негізінде келеді. Кейін Қарағанды қаласындағы фармацевтикалық компанияның базасында жасалатын болады. Жаппай егу жұмыстары ағымдағы жылдың ақпан айының соңында басталады. Алдымен коронавирусты жұқтырған адамдарды емдеумен айналысатын дәрігерлер екпе алатын болады. Вакцинадағы нұсқаулыққа сүйенсек, екпе 18-60 жас аралығындағы адамдарға салынады. Егер егде жастағы адамдар қатарға қосылатын болса, доза санын көбейтетін боламыз. Ел бойынша 10 миллион адамға, яғни халықтың 55 пайызына екпе егеміз. Қалған дозалар бойынша да келіссөздер жүргізілуде, - дейді министр. 
Отандық ғалымдар жасаған QazCovid-in вакцинасы қазір клиникалық зерттеудің үшінші кезеңінен өтуде. Препарат наурыз айында дайын болмақ. 
Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлерінің жартысы отандық, өзгесі ресейлік вакцинаны салдырмақ. Сол арқылы екі елде шығарылған препараттардың сапасы тексерілетін болады. 
- Өз басым әлі күнге дейін коронавирусқа қарсы екпені алған жоқпын. Қазір қорытынды нәтижені күтудеміз. Вакцина Қазақ-станда ресми түрде тіркеліп, жаппай егілу шарасы басталған кезде міндетті түрде салдыратын боламын. Препараттың отандық немесе Ресейде шығарылғанында тұрған ештеңе жоқ. Бастысы, екі вакцинаның да денсаулыққа қауіпсіз әрі ауруды жеңуде пайдалы екенін көрсетсек болғаны, - дейді А.Цой. 

Жаппай вакциналау басталды

Израиль елі жаппай вакциналауды өткен жылдың желтоқсан айының соңында бастап кетті. Алғашқы болып дәрігерлер, жоға-
ры оқу орындарының студенттері, билік өкілдері екпе алды. Халықтың вакцина алуға деген белсенділігі жоғары болған. Екінші кезеңде мұғалімдер, балабақша қызметкерлері, түрмедегі адамдар вакцина алмақ. Аталмыш ел былтыр шілдеде Moderna және «Спутник V» вакциналарына тапсырыс берген болатын. 
Көршілес Ресей елінде де Ұлыбритания, Канадада сияқты вакцинация басталды. Бүгінде екпені 18-60 жас аралығындағы емхана тіркеуінде тұрған адамдар ала алады. Ал АҚШ билігі ағымдағы жылдың сәуір айында егілген адамдардың саны 100 млн.-ға жетеді деп болжауда. Қазір вакцинаны ең бірінші болып медицина қызметкерлері алуда. Америкалық мамандар вакцинаның теріс әсерінен қорықпау керектігін айтады. Адам ағзасы үшін бұл қалыпты жағдай. Екпе салдырған жердің, бұлшық еттің ауруы, дене қызуының көтерілуі сынды белгілердің болуы мүмкін. Организмдегі мұндай өзгеріс еш асқынусыз, 2-3 күннің ішінде өтіп кетеді. Бастысы, адамның иммунитеті мықты болуы тиіс. 

Аймағымыздағы әзірлік

Облыстық денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жоспарына сәйкес, аймағымызда коронави-русқа қарсы вакцинаны жүргізу бойынша дайындық жұмыстары басталған. Қазір вакцинаны тасымалдау, сақтау жөнінде арнайы ережелер ескерілуде. Екпеден кейін ағзада орын алатын өзгерістер де назарға алынуда. Вакцина ал-
дымен дәрігерлерге, жедел жәрдем қызметкерлеріне, полицейлерге кезең-кезең бойынша салынады. Препарат минус 20 градус-
ты құрайтын температурада сақталатындықтан, арнайы меди-циналық тоңазытқыш сатып алу қажет. Мұндай құрылғылар барлық медициналық мекемеде болады деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта тоңазытқыштардың техникалық жағдайы, вакциналардың көлемі анықталуда. Аталмыш құрылғылар 2021 жылдың ақпан айының соңына дейін сатып алынады. Екпе жұмыстары наурыз айында басталмақ. 

Түйін: 
Әлем күткен вакциналау шарасы біздің елде де жүргізілетін күн жақын. 2021 екпе жылы болғалы тұр. Бастысы, вакцина зауалға дауа боп, аурудың бетін қайтарса болғаны. Әлемді жайлаған алапат індеттің тоқтамы бар екеніне сенейік. 

Айдана ҚУАНЫШЕВА




Количество показов: 41

Возврат к списку

Раздел не найден.