Кешенді жұмыс – келешектің қамы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Кешенді жұмыс – келешектің қамы 24.07.2021

Кешенді жұмыс – келешектің қамы

Бүгінде Екібастұз қаласындағы жылу құбырларының 84 пайызы, су құбырларының 63 пайызы, кәріз жүйесінің 68 пайызы ескі. Тозығы жеткен инфрақұрылымды шаһарды дамытуға бағытталған кешенді жоспар шеңбе-рінде жаңарту көзделуде.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша онлайн брифинг өткізіп, онда тұрғындар тарапынан коммуналдық салаға қатысты сұрақтар қарша борады. Мәселен, қала тұрғыны Рәшид Ғаббасов шаһардағы жылу мәселесін шешу үшін турбоагрегаттың құрылысын қолға алу керектігін айтты. Ұсынысты облыс әкіміне де жолдаған. Ардақ Қаңтарбаев шынымен де жылу таратуға жауапты ЖЭО стансасының қуаттылығы жеткіліксіз екенін, тіпті өзге кәсіпорыннан сатып алатынын жасырмады.

- Тағы бір турбогрегаттың қажеттілігі туындап отырғаны рас. Ол мәселе кешенді жоспар шеңберінде шешіледі деген сенімдемін. Жалпы, алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстары мамыр айынан бастап жүйелі қолға алынды. Бұған жауапты мамандардан бөлек, сала ардагерлері де тартылып, ұсыныс, кеңестерімен бөлісуде. Жыл сайын жылу құбырларының тозу көрсеткіші артып келе жатқаны жасырын емес. Бұл ретте, жылу таратуға жауапты мекеме басшылығымен бірлесіп, тығырықтан шығудың жолын қарастырудамыз, - деді А.Қаңтарбаев. Белгілі болғандай, кешенді жоспардың жүзеге асуына 132 млрд теңге қаражат бөлінбек. Оның 33 млрд теңгесі жолдарды асфальттауға жұмсалмақ. Себебі, қаладағы 72 көшеге ғана асфальт төселген. Ал 147 көше жауын жауса ми батпаққа айналып, тұрғындарға жайсыздық тудыруда. Жиын барысында Қоянды ауылының тұрғыны Сәуле Әбішева қысқы мезгілге мал азығын әзірлеудің дайындығын сұрады.

- Бүгінде Теміржол, Қоянды ауылдық округтері, Бәйет ауылдық округіне қарасты Атығай ауылы аумағында малдың азығын әзірлеу проблемаға айналғаны рас. Мәселені шешу үшін белсенді ауыл азаматтарын, шаруа қожалықтары басшыларының басын қосып, арнайы жиындар өткізілді. Оған сәйкес, Ақкөл және өзге ауылдардағы жайылым жерлерден шөп шауып, тасымалдау ісін ұйымдастыру жұмыстары жалғасуда. Ең бірінші кезекте көмекке мұқтаж отбасыларға мал азығы жеткізіледі, - деді қала әкімі. Жалпы, жыл басынан бері тұрғындардан түскен 191 өтініштің 174-іне түсінік беріліп, 17-сі бақылауға алынған. Оның ішінде 10-ы орындалып, қалған 7-еуі жұмыс үстінде.

 


Количество показов: 208

Возврат к списку