Кескіндеме өнерінің көсемі...

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Кескіндеме өнерінің көсемі... 22.07.2021

Кескіндеме өнерінің көсемі...

Өлкетанушы, суретші, фотограф, ҰОС ардагері, жерлесіміз Иван Лагутин осыдан жеті жыл бұрын жүзден асқан шағында дүниеден озды. Кескіндеме және қылқалам өнерінің майталманы «Парасат» орденімен марапатталған. Ал 2011 жылы оның есімі «Қазақстанның танымал тұлғалары» энциклопедиясына енген. Павлодар қаласының «Құрметті азаматы». Шілде айында аталып өтетін туған күніне орай өнер иесі жайлы аймағымызға танымал журналист С.А.Горбуновтың естелігін беріп отырмыз.

...Иван Васильевичтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында облыстық көркемсурет музейінде арнайы көрме ұйымдастырылды. Самайын ақ шалған кескіндеме өнерінің көсемі кірген сәтте залда жиналған қауымның оған деген қошеметін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл оның әлі де болса қоғамдық жұмыстан тыс қалып көрмеген шағы еді. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші, ғасыр жасаған қария көрермендері алдында өзінің қатардан қалғысы келмейтінін дәлелдеп, реті келсе қалжыңдап қойып отырды. Сол кездегі облыс басшылығы омырауына «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» медалін тағып, Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі атынан құттықтау хатын табыстаған кезде менің бергенімнен берерім көп екенін жүрегіммен түсінемін дегені есімізде. Бұл дегеніңіз жай ғана әзіл үшін айтылған сөз емес, айналасына, қоғамға деген патриоттық сезімінің деңгейін байқатып тұрса керек. Көрмеге суретшінің майлы бояумен, кескіндеме түрінде, фотосуреттермен бейнеленген жүзден аса туындысы қойылған екен. Бір-біріне мүлдем ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын экспонаттарға қарап, таңдай қақпаған адам болмады. Тіпті, әр суреттегі детальдардың жеке - дара сыр шертіп тұрғанын байқау қиын емес. Бойында қарапайымдылығы басым автордың өзі болса туындыларым көпшілік көңілінен шығып жатса - бұл сөзсіз ұстазым, ұлы суретші Виктор Батуриннің еңбегінің жемісі деп қалды.b896ea9327b8.jpg

- Суретшінің туындысы сөйлеп тұруы керек. Сол себепті қылқалам иесі айналаны шынайы көзімен көріп, сурет нысаны жайлы жүрегімен сезінуі керек. Сонда ғана ғажап дүние туады, - деді Иван Васильевич. Шын мәнінде И.Лагутин табиғатпен еркін тілдесетін. Тілдесу үшін тілі жоқ табиғатты түсіну керек. Бұл қасиеттер Иван Васильевичтің болмысында бар еді. Еліміздің інжу-маржаны саналатын Баянауланың кереметін әлемге танытқан туындыларды екінің бірі жасай алмас. Өмір жұрттың бәрін басынан сипай бермесі түсінікті. Біздің қаһарманымыз да жастық шағында бейнетті аз көрмеді. Тағдырдың жазуымен екі соғыстың куәгері болды. Фин және Ұлы Отан соғысынан аман оралғаннан кейін Иван Васильевич ғұмырының соңына дейін Ертістің Павлодар өңірінің тарихын, мәдениетін зерттеумен өтті. Дмитрий Багаевпен танысқан күннен бастап ол өлкетану музейімен біте қайнасып, саналы ғұмырын саланың көшін ілгері сүйреумен айналысты. Суретші 1958 жылы осы музейге басшылыққа тағайындалды. Бүгінгі таңдағы облыстық көркемсурет музейінің іргетасы әу баста осы өлкетану музейіндегі бөлім ретінде қаланған еді. Иван Васильевич үнемі ізденіс үстінде болатын. Ол сурет өнерінің қыр-сырын меңгерумен қатар өзінің ізбасарларын тәрбиелеуді де бір сәт естен шығармады. Өлкемізге танымал В.Поликарпов, А.Селиверстов, Е.Фридлин, К.Катлеев сынды көптеген суретшілер Лагутиннің шеберханасынан шыңдалып шықты.

- Лагутиннің біздің қоғамға жасаған өлшеусіз істеріне баға беру мүмкін емес. Тереңнен ойлап, түпкі мақсатына жетпей тыным таппайтын жан еді. Сөзіне мығымдығы - өз алдына бөлек әңгіме. Айтты ма, жасамай тынбайтын. Оның өмірлік ұстанымы - «Музей мен шіркеу – білімнің ғибадатханасы» еді. Дәл бүгінгідей есімде, осы сөзді жиі айтатын, - дейді Эрнест Соколкин. Ал Владимир Бугаев болса «Лагутиннің көкжиегі шексіз. Портрет, пейзаж, кескіндеме мен мүсін жасау, фотосурет өнері – бәрі де оның бір бойына сыйып тұрушы еді. Біз оған еріксіз бас иеміз» дегенді жиі айтады. Иә, көрме күнгі кескіндеме өнері көсемінің креслода отырған бейнесі менің жадымнан мәңгі өшпек емес. Бұл оның көктемі емес, жазы еді. Күзі емес деп ойлаған едім...

Сергей Горбунов, Қазақстанның Құрметті журналисі.


Количество показов: 255

Возврат к списку