Халық сенімі – полиция пәрмені

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Халық сенімі – полиция пәрмені 14.09.2021

Халық сенімі – полиция пәрмені

Аумағымызда учаскелік инспекторлар пәтер иелері кооперативі, бақша иелерімен бірлесіп, әлеуметтік желі аясында жұмыс істеп, құқық бұзушылықтың жедел алдын алуда. Барлық тұрғын үй подъездері мен дүкендерде, қоғамдық орындарда  учаскелік инспекторлардың суреті ілініп, байланыс нөмірлері көрсетілген. Сонымен қатар, 17 полиция бөлімшесінде азаматтарды қабылдау орны ашылған.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Тұрғындар мәселелерін шешу үшін мамандардың көмегіне жүгініп, қажетті кеңес алады. Бұл туралы облыстық жергілікті полиция қызметінің басшысы Ғалым Сарғұлов айтып берді. Оның сөзінше бүгінде ауқымды жұмыстың барлығы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы негізінде жүзеге асып келеді. Аймағымызда учаскелік инспекторлардың мәртебесі мен атқаратын қызметі артқан. Мамандардың жүйелі жұмысының нәтижесінде өңірде қылмыс саны 4,8 пайызға төмендеген. Тәртіп сақшылары «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын, негізге алып, тұрғындармен байланысын нығайта түсуде.

- Полиция қоғамдық қауіпсіздік пен тұрғындардың тыныштығын күзетіп қана қоймай, халықтың сенімді досына айналуы керек. Осы бағытта тұрғындармен етене жұмыс істеп келеміз. Жұртшылық азаматтарды қабылдау орындарына келіп қана қоймай, департамент басшыларының қабылдауына жазыла алады. Ол үшін «Фейсбук», «Инстаграм», «Телеграм» желілері  арқылы полиция департаменті басшысының жеке парақшасына жазылса жеткілікті. Телефон соғып әуре болмайды, - дейді Ғ.Сарғұлов.

Ғалым Дүйсенұлының сөзінше, «Жұртқа жақын полицей» қағидаты бойынша облыс орталығында 2 модульді полиция бөлімшесі ашылды. Оның бірі орталық жағалауда орналасса, екіншісі сапаржайда жұмыс істейді. Екі бөлімше тұрғындарға тәулік бойы қызмет көрсетіп, құқықбұзушылықтың алдын алады. Аталған орындар бейнебақылау құрылғыларымен қамтылған.

- Облыс әкімдігі тағы 5 модульді полиция бөлімшесінің құрылысы үшін 145 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Оның төртеуі облыс орталығында салынбақ. Тағы біреуі Баянауыл ауданындағы Жасыбай демалыс аймағында жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта Павлодар қаласындағы Қамзин көшесі, 166-үй мекенжайы мен Жасыбай аумағында аталмыш бөлімшелердің құрылысы аяқталды. Қажетті құралдармен, жиһаздармен жабдықталуда, - дейді Ғалым Сарғұлов.

Учаскелік инспекторлар 47 әкімшілік құқықбұзушылыққа жауапты. Мамандардың мәртебесін арттыру мақсатында міндеті артты. Бұл ретте сақшылар түнгі уақытта кәмелетке толмаған балаларды анықтау, темекі өнімдерін заңсыз сатқандарды анықтау, көлік қозғалысына кедергі келтіретін келеңсіздіктерге жол бермейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев учаскелік инспекторлардың мәртебесін арттыруда жұмысты одан әрі жалғастыруды тапсырған еді. Сонымен қатар, елімізде алаяқтық фактілерінің көбейгенін айтты.

- Өңірде де алаяқтық фактілері өршіп тұрғаны рас. Оған пандемия да әсер етті. Өйткені үйде отырған адамдар онлайн тапсырыс арқылы сауда жасап, үйде отырып табыс тапқысы келді. Әккілер мұндай мүмкіндікті бос жібермеді. Өңірде алаяқтыққа қатысты қылмыс саны 12,1 пайызға артып отыр.  Биыл 1012 факті тіркелді. Оның 66,3 пайызы интернет арқылы жасалған. Бұл ретте облыс орталығының мамандары пилоттық жобаны іске қосқанын білесіздер. Егер қандай да бір сайт немесе жарнама күмән тудырса, тұрғындар полиция бөлімшесіне хабарласып, ақпараттың шындыққа сәйкес екенін анықтай алады, - дейді Ғ.Сарғұлов.

Президент ерекше назар аударған мәселенің бірі – жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылық. Полицейлер бұл бағытта да жүйелі жұмыс жүргізілетнін айтады. Ағымдағы жылдың 8 айы ішінде балалардың қатысуымен болған зорлау фактісі 67,9 пайызға азайған. Өткен жылы 53 факті тіркелсе, биыл 17 баланың болашағына балта шабылған. Сонымен қаар, есірткі саудасына да қатысты күрес күшейтілмек. Жыл басынан бері  есірткіге қатысты 30 қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 48,2 пайызға аз. Мамандар биыл заңсыз айналымнан 74 кг есірткіні тәркілеген.

Ғалым Сарғұлов жемқорлық фактісіне жол бермеуде жұмыс жүргізілетінін атап өтті. Бұл ретте арнайы тұжырымдама бекітілмек. Өкінішке қарай, ағымдағы жылы полиция қызметкерлері тарапынан 10 қылмыс орын алған. Оның 6-уы – жемқорлық фактісі. Облыстық полиция департаменті Жолдауда жүктелген міндет аясында жұмысты күшейтіп, қоғамдағы қылмыс санын азайту жолында аянбай еңбек етпек.


Количество показов: 272

Возврат к списку