Кибербуллингтен қауіп зор

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

Кибербуллингтен  қауіп зор 09.09.2021

Кибербуллингтен қауіп зор

Соңғы жылдары сандық технологиялардың жылдам дамуы себебінен балаларға қатысты зорлық түрлеріне кибербуллинг немесе онлайн қорлау қосылған. Сарапшылардың пікірінше, бұл бүкіл әлемдегі өте өзекті проблемаға айналып отыр. Өкініштісі, Қазақстанда да кибербуллингке ұшыраған балалар аз емес.

Кибербуллинг
деген не?

Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Себебі қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпайды. Соның кесірінен жасөспірімдер араларында өз-өзіне қол жұмсайтындары да кездеседі. Бүгінде еліміздегі 11-15 жастағы жасөспірімдердің 12%-ға жуығы – осы кибербуллингтен жапа шеккендердің қатарында. Мұндай кеселге жолыққан балалардың ұйқысы бұзылып, эмоционалды жағдайы өзгеріп, мазасыздануының әсерінен мектептегі үлгерімі төмендеуі мүмкін. Қазір балалар мен жасөспірімдер интернетте көп уақыт өткізеді. Достармен байланыста болу маңызды, бірақ онлайн-достармен қарым-қатынаста абай болу керек.

Мәселенің мәнісі

Қазіргі балалар заман ағымынан қалыспай, гаджеттер мен телефонға үйірсек болып алды. Сарапшылардың айтуынша, еліміздегі ата-аналар балаларына смартфонды алғаш 3 жасында ұстататын көрінеді. Ал 4-6 жастағы балалардың 54%-да өзінің жеке телефоны немесе планшеті болатын болса, бала 14 жасқа келгенде бұл көрсеткіш 97%-ға жетеді екен.

Хат-хабар алысып, жүріс-тұрысын қада-ғалап тұру үшін қажет болғанымен, заманауи технологиялардың пайдасынан гөрі зияны көбейіп барады. Әсіресе, әлемді әбігерге салған пандемия кезінде баланың білім алуы да онлайн жүйеге көшіп, оқушы компьютер мен телефоннан бас алмайтын болды. Балалар тек қана сабағын оқып отырса жақсы. Түрлі қосымшаларды жүктеп алып, интернет кеңістігін шарлап кететіндері көңілге күдік ұялатады. Әсіресе, әлеуметтік желілерді ақтарып, ешқашан көріп-білмеген, белгісіз «достар» табады. Онлайн-достар бірі ермек үшін әңгіме-дүкен құрса, енді бірі арам оймен баланың сеніміне кіруге тырысады. Олар алдымен түрлі ойындар арқылы баланы қызықтырады. Одан соң бала туралы мәліметті жинап алып, бірте-бірте қорқыту, бопсалау, сендіруге көшеді. Аңқау бала жалған аккаунт иесінің айтқанына көніп, айдағанына жүретін деңгейге жетеді. Тіпті интернет-пысықайлар баладан ақша бопсалауы мүмкін. Осындай «достықтың» соңы қайғылы оқиғалармен аяқталған жағдайлар да кездеседі. Бұл мәселені көтеріп жүрген қоғам белсенділерінің бірі Ләззат Асқарованың айтуынша, бұған ең алдымен адамдардың «маған барлығы рұқсат етілген» деген түсінік-танымы себеп болып отыр. Аузыңа келгенді айтуға, өзіңнен жасы кішіні қорлауға, сенен жақсы оқитынды келеке қылуға, телефоны қымбатырақ болса көре алмауға етіміз үйреніп барады. Технологияның дамуы мен интернет желісінің қолжетімділігі адамдардың «маған барлығы рұқсат етілген» деген пайымын одан сайын нықтай түсті. Қолданушылар белгісіз аккаунт ашып, бейтаныс адамның суретін қоя алады. Мұның қауіптілігі интернеттегі жалған аккаунт арқылы балалармен танысып, олардың сеніміне кіруінде. Сенімге кіріп алған соң қорқыту, бопсалау, оғаш қылық жасауға итермелеу сынды заң бұзушылықтарға барады.

бала болашақ 4.jpg

Деректер елімізде ай сайын әр бесінші бала осы кибербуллингтің қатысушысы немесе зиян шегушісі екенін айғақтап отыр. Бір қызығы, зерттеушілер кибербуллингті «кәсіп» қылғанның да, одан жапа шеккеннің де болашақта психикалық ауытқушылыққа шалдығатынын анықтапты. Өкінішке қарай, бұл жат әдет интернеттегі қазақ тілді аудитория арасына да дендеп барады. Мәселен, Арыс қаласының азаматы Telegram әлеуметтік желісінде арнайы топ ашып, балалар мен жасөспірімдерді өз-өзіне қол салуға итермелеген. Алайда ҚР Ішкі Істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі орталығы және Түркістан қаласы полиция департаментінің қызметкерлерінен құрылған тергеу-жедел тобы күдіктіні дереу анықтап, дер кезінде құрықтауының арқа-сында бала өліміне жол берілмеген.

Киберкеселмен күресу жолдары

Балалардың ғаламтордан қорқуы - кибербуллингтің басты белгілерінің бірі. БҰҰ адам құқықтары жөніндегі тренері, әлеуметтанушы Халида Әжіғұлованың айтуынша, 21 елде балаларды ғаламторлық қысымнан қорғайтын заң бар. Кибербуллингтің құрбандары туралы арнайы статистика да жүргізілмейтін Қазақстанда осындай арнайы бағдарлама қабылданса, балаларды бопсалау мен қысым көрсетуден қорғай алар едік.

Бұл мәселені ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Балаларды кибербуллингтен қорғау жөніндегі заңнамалық шараларды қабылдайтын кез келді. Балалар құқын қорғау жөніндегі басқа да шараларды күшейту керек», деп атап көрсеткен. Жас ұрпақты заң жүзінде кибершабуылдан қорғау – кезек күттірмейтін мәселе. Мамандардың пікіріне сүйенсек, бұл Қазақстан интернет желісіне алғаш қосылғаннан-ақ басталуы тиіс еді. Осы маңызды іс жедел қолға алынбаса, алдағы күні сан соғып қалуымыз мүмкін. Себебі бүгінде жат ағымның жетегінде кеткен жастардың басым көпшілігі кибершабуылдың құрбандары екені жасырын емес.

Егер ұстаздар оқушының мінез-құлқында қандай да бір өзгеріс барын байқаса, оны мұқият бақылауға алуы қажет. Ал кибершабуылға ұшырағанын немесе жоғары сынып оқушыларынан теперіш көргенін анықтаса, жасырмай, мектеп директоры мен ата-ананы да дереу хабардар етуі тиіс. Бұл құрықтан баланы құтқарудың жолдарын іздеуі керек. Егер мектеп ұжымының оқушыны тығырықтан шығаруға шамасы жетпесе, арнайы мамандардың көмегіне жүгінгені жөн.

Балалар арасындағы зорлық-зомбылық пен онлайн қорлықты болдырмау үшін әр мектепте қамқоршылық кеңес құрылып, кеңес мүшелері білім ошағындағы барлық мәселеден хабардар болып, оны жылдам шешу үшін күш салу қажет. Сондай-ақ, тәлімгерлер арасында сауалнама жүргізіп, әр жауапқа анализ жасау арқылы оң нәтижеге қол жеткізуге болады.

Мамандар пікірі

Ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлі маңызды. Олар – баланың қауіпсіздігіне ең бірінші кезекте жауапты адамдар. Сондықтан, ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіп туралы айтып, мінезіндегі кез келген өзгерісті бақылап отыру қажет. Егер қамқоршылар өз ұл-қыздарының күмәнді желілерге кіріп, қаскөйлердің құрбаны болғанын анықтаса, оларға ұрыспай, барынша қолдау көрсеткені жөн. Балаға оны түсінетінін жеткізе отырып, оны жұбату қажет. Кейін проблемамен бірге күресіп, баланы психологқа да көрсетіп алған дұрыс.

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның психолог-педагогы Жаңагүл Төлеубаеваның айтуынша, кибербуллингке көбінесе жалғыздықтан мазасыз күй кешіп, смартфонға «байланған» балалар ұшырайды. Оларды шаршаңқы, енжар және селқос жүріс-тұрысынан бірден байқауға болады. Мәселен, мектепке жаңадан келген оқушыны сыныптастары ортаға қоспай, менсінбей қарауы мүмкін. Сондықтан сынып жетекшісі баламен, сыныппен жұмыс жасайды. Кейде жағдайы төмен отбасының балаларын сыныптастары ортаға қоспайды. Бұл да - буллингтің бір түрі. Мұндай балалармен ата-анасы немесе психолог-мамандар жеке шақырып алып, жылы сөйлесуі керек. Сонда ғана балалар ашылып, ішкі сырын сыртқа шығарады. Осылайша қиналып жүрген жасөспірімдерді қауіп-қатерден құтқарып қалуға болады. Жұмысбасты ата-аналар әр баласына жеке-жеке уақыт бөліп, қыдыртып, оған көңіл бөлетін болса, балалар да соғұрлым ашық болады.

- Кибербуллингте ересек адамдар интернет арқылы танымайтын балаларды қорқытып, неше түрлі хабарламалар жазып, бопсалайды. Сондықтан ата-аналар баланың кіммен сөйлесіп, немен айналысатынын сұрап, телефонын бір мезгіл тексеріп отыруы керек. Егер бала телефонға пароль қойса, оның бір жасырғаны бар, - дейді Жаңагүл Төлеубаева.

Үш баланың анасы Эльмира Жұматаева балаларының телефондарын қарап, немен шұғылданып отырғанын біліп отыру керек деп есептейді. Оның айтуынша, ер балаларды да, қыз балаларды да назарда ұстау қажет. – Қазіргі уақытта бәріміз жұмысбасты болып, балаларға жеткілікті мөлшерде уақыт бөле алмай кеткеніміз – шындық. Алайда олардың сабақтан бос уақытын қалай өткізіп, кіммен араласып жүргенін үнемі сұрап, қадағалап отырамыз. Жолдасым жұмыстан қолы қалт еткенде балалардың телефондарын алып, ішіндегі қосымшаларды сүзгіден өткізіп шығады. Балаларға күмәнді қосымшаларға кірудің қауіпті екенін үнемі ескертіп отырамыз, - дейді қамқор ана.  

Көтерілген мәселеге қатысты жастар өкілі Әйгерім Баянбектің пікірі мынадай:

- Қазіргі балалар, әсіресе жасөспірімдер психологиялық тұрғыда әлсіз болып келеді. Бұл ғаламтор желісін жаулап алған түрлі ойындардың әсері деп білемін. Мұнда балалардың санасын улап жатқан кибершабуылшылардың да үлесі бар. Отбасынан жылулық көрмей, қатал тәртіп пен ата-анасына еркелей алмаған жасөспірімдер - кибершабуылшылардың негізгі нысанасы. Бала жасына қарай еркелеп, күліп, жылап, ашуланып, өз эмоциясын сыртқа шығаруы керек. Смартфонға байланған қазіргі жасөспірімдерде агрессия басым. Бұл кибершабуылшылардың торына түскен баланың қылығы деп ойлаймын.

Қазір елде жасөспірімдерді интернет шабуылынан қорғайтын мемлекеттік деңгейдегі бағдарлама мен сайттар жоқтың қасы. Мысалы, британ мектептерінде жаңа пәнді енгізеді – интернет-трольдарға қарсы тұру (немесе кибербуллингке). Сабақтарда оқушыларға желідегі ізге түсуге қалай жауап беру керектігін және одан үлкен күйзеліске қалай ұшырамауға болатындығын түсіндіреді. Жаңа пәннің міндеті – жасөспірімдердің жан саулығын нығайту.

Әлеуметтанушы Халида Әжіғұлованың айтуынша, егер бала проблемасын айтып келсе, оны бас салып кінәлап, ұрысудың қажеті жоқ. Телефонды да бірден тартып алып, ғаламторға шектеу қоймау керек. Мұндай жағдайда бала ата-анасынан көңілі қалып, екінші мәселесін айтпайтын болады. Әке-шешелері балаларымен байыппен сөйлесіп, олардың еш кінәсінің жоқтығын түсіндіруі керек. Қамқорлықты сезінген баланың сенімі оянып, тығырықтан шығатынына сенеді. Бізде көп ата-аналар балаларымен сөйлеспейді, оларды не мазалап жүргенін байқай бермейді. Ал білген кезде кеш болуы мүмкін.

Қазақстан интернет қауым-дастығының президенті Шавкат Сабыровтың айтуынша, балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күресуде мектепаралық бағдарлама қабылдау жеткіліксіз, ұлттық бағдарлама қабылдау қажет. Себебі көптеген мемлекеттерде балаларды қорғайтын осындай бағдарламалар бар.

Баланың тәрбиесі мен қауіпсіздігіне алдымен ата-ана жауапты. Қазір кейбір мектептерде кездесіп жүрген бұзақылықтар көбінесе ғаламтордың әсерінен болып отыр. Балалар интернетте көргенін өмірде қайталайды. Сондықтан, олардың тәрбиесіне ерекше мән беру керек. Бала тәрбиесін ата-әжеге емес, әлеуметтік желіге, интернетке табыстаудың салдарынан ата-аналар зардап шегеді. Заманауи технологияның мүмкіндігі күн санап түрленіп жатқан ХХІ ғасырда осы мәселеге барынша мән беріп, балаға барынша көп көңіл бөлу маңызды.

 

Бетті әзірлеген - Торғын ОРАЗАЛЫ.


Количество показов: 283

Возврат к списку