Әкімдер есеп беруде

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мен спортшы боламын!
27.02.2021

Жер шетелдіктерге сатылмайды
27.02.2021

Тазыға теңдес жоқ
27.02.2021

Жылағанда сүйеу болған халық бұл
27.02.2021

«Біз үшін жұмақ мекен!»
27.02.2021

Барымен бөлісті
27.02.2021

Аталарым қоныстанған
27.02.2021

Президенттің сыйлығы
27.02.2021

Бауырмалдық - қазақтың бір қасиеті
27.02.2021

Өрт сөндіруші қаза тапты
27.02.2021

Кезекші сыныптар көбейеді
27.02.2021

Карантин жеңілдеді
27.02.2021

Ақпандағы ақ түтек
27.02.2021

Лазерлік оталар жасалады
27.02.2021

Әр істе әлеуметке пайда болуы тиіс
27.02.2021

Мектебімді сағындым
27.02.2021

Баламмен мақтанамын!
27.02.2021

Ұқыптылыққа тәрбиелейді
27.02.2021

Мұражай - тұнған тарих
27.02.2021

Музейді қашықтан «аралады»
27.02.2021

Тәуелсіздік
27.02.2021

Қыс
27.02.2021

Ұлы ақынды ұлықтады
27.02.2021

Талабыңа нұр жаусын, Мәриям!
27.02.2021

Сарыарқа самалы, 27 ақпан, сенбі
27.02.2021

Барлық қалдықты өлшейді
25.02.2021

Терең өңдеудің берекесі артық
25.02.2021

Инвестиция - игергенге игілік
25.02.2021

Шалдай өңірінің аңызы
25.02.2021

Қазақтың Кәукені
25.02.2021

Ахаңның мерейтойы
25.02.2021

Ерлердің рухына тағзым
25.02.2021

Жұмыспен қамту:нәтиже қандай?
25.02.2021

Естен кетпес кездесулер
25.02.2021

Өзекті өртеген өрт
25.02.2021

Уақытша қала алады
25.02.2021

QR-код арқылы төлейді
25.02.2021

Екінші бөлігін қабылдады
25.02.2021

Дәрігерлер әдеп сақтауды жетілдіруде
25.02.2021

Жинақты көлік алуға жұмсаған дұрыс па?
25.02.2021

Тағдырымыз таразыда тұрған еді
25.02.2021

Сарыарқа самалы, 25 ақпан, бейсенбі
25.02.2021

Балық шаруашылығы - байлық көзі
23.02.2021

Талай үздіктерді түлеткен
23.02.2021

Спорт нысандары көбейеді
23.02.2021

Басқармада - жаңа басшы
23.02.2021

Күрделі оталар жасауға кірісті
23.02.2021

Қаржы бөлінді
23.02.2021

Суық вагон, ұзақ жол...
23.02.2021

Олқы тұстарды нұсқады
23.02.2021

Дәрігерлерге баспана беріледі
23.02.2021

Жол қауіпсіздігі - назарда
23.02.2021

Екінші легі жеткізілді
23.02.2021

Барымташылық туралы бап енді
23.02.2021

Таңғажайып туындылар
23.02.2021

23 ақпан, сейсенбі
23.02.2021

Экспорттық шығындар өтеледі
20.02.2021

Тұрғындар тұрмысын жақсарту - басты назарда
20.02.2021

Дамуымыз әліпбиге тәуелді
20.02.2021

Жаңарған театр - өнеге көзі
20.02.2021

21.01.2021

Әкімдер есеп беруде

Эпидемиологиялық ахуалға сәйкес, әкімдердің есеп беруі негізінен онлайн форматта өтуде. Десе де, ғаламтор жылдамдығы төмен, халық саны аз кейбір шалғай ауылдарда әкімдер дәстүрге сай есеп беруде. Әрине, бұл тұрғыда барлық санитарлық талаптар қатаң сақталуда. Ал онлайн форматтың есептік кездесулері «ZOOM» платформасы арқылы ұйымдастырылуда. Қала берді, әкімдердің әлеуметтік желілердегі парақшаларынан тамашалап, сауалдарыңызды жолдауға мүмкіндік зор.
Бүгінде Павлодар облысында да әкімдердің есеп беру кездесулері кестеге сай өтіп жатыр. Бұл ретте, «Ғаламтордың көмегіне жүгіне алмайтын жалғызбасты зейнеткерлер, өзге де әлеуметтік топ өкілдері сұрағын қалай қояды?» деген сауал туындауы заңдылық. Мұндайда, мәселеңізді қағазға түсіріп, жергілікті әкімдік ғимаратындағы пошта жәшігіне қалдыруңызға болады. Оның жауабы да жазбаша түрде келетін болады.
Қоғам белсендісі Еркеғали Жанғазының айтуынша, әкімдердің онлайн форматта есеп беруінің артықшылықтары бар екен. 
- Карантиндік шектеулер болмаса, сәйкесінше мен жиындарға қатыса алмас едім. Қанша жаңалықтан бейхабар қалар едім. Ал тікелей эфирде өткеннің арқасында біздің ауылдың өмірі туралы сыртта жүрген қанша жерлестеріміз хабардар болды. Жасыратыны жоқ, қазіргі есеп берулер кейбір басшылардың өз жұмысын мадақтаудан әрі аспайды. Менің ойымша, кез келген әкім жылына бір рет халық алдында кемі төрт сағат ашық сөйлеп, олардың арыз-шағымдарына құлақ түрсе, еш артықшылығы жоқ. Есептік кездесулерге бір реттік сценарий ретінде емес, маңызды міндет, жұмыс сияқты қарау керек, - дейді Е.Жанғазы.
Қазіргі күні өңірдегі өзге әріп-тестеріндей Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслям атқарылған жұмыстарына есеп беруде. Жақында Кенжекөл ауылы тұрғындарымен онлайн байланысқа шыққан шаһар басшысы 2020 жылдың жетістіктеріне тоқталды.
Белгілі болғандай, былтыр Кенжекөл ауылындағы 3 көше жолына (1,7 км) орта жөндеу жүргізіліпті. Бұл мақсатқа 45,2 миллион теңге қаражат бөлінген. Сондай-ақ ауылды жарықтандыру мәселесі оң шешімін тауып, электрмен жабдықтаудың кварталішілік желілері орнатылған. Ауыл шаруашылығы саласында да жетістіктер аз емес. Мәселен, «Жанәлі Агро» ауыл шаруашылығы кооперативі былтыр 70 тоннадан астам сүт жинап, қайта өңдеу кәсіпорындарына жөнелткен.
Жергілікті тұрғындар тікелей эфир арқылы сауалдарын жолдап, су құбыры, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, жолдарды асфальттау ісі, қоқыс контейнерлерін орнату жөнінде мәселелер көтерді. 
Естеріңізге салып өтейік, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың халық алдындағы есептік кездесуі жылдағыдай ақпан айының ортасына жоспарланған. Өңірдің әрбір тұрғыны өзіне ыңғайлы байланыс арнасын таңдап, сауалдарын қоюға, ұсыныстар енгізуге немесе онлайн қабылдауға жазылуға болады. 
Сауалдарыңызды алдын ала келесі ресурстар арқылы қалдыруға болады:
1. www.egov.kz порталы арқылы;
2. Павлодар қаласы, Сәтбаев 
көшесі, 49-үй мекенжайында орна-ласқан облыс әкімдігінің ғимараты жанында жүгіну үшін арнайы орна-тылған жәшікке конвертпен салу;
3. Облыс әкімдігінің www.pavlodar.gov.kz сайтындағы «Open Dialog» блог-тұғырнамасына қалдыру;
4. Әлеуметтік желілердегі аккаунттар мен мессенджерлерге:
- Instagram - @pavlodar_region, 
- Facebook – Pavlodar Region, 
- Telegram - Pavlodar_region_bot,
- WhatsApp +77021661661;
5. (87182) 65-10-50, 65-10-46, 66-39-25 байланыс телефондарына қоңырау шалу арқылы жолдауға болады.

Оралхан ҚОЖАНОВ



Количество показов: 83

Возврат к списку