КВИ: Жүкті әйелдерде жаңа вирус пайда болуда

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктемде картоп болады
25.09.2021

Өнімді өткізуге қамдануда
25.09.2021

Дзюдо даңқы қайта оралады
25.09.2021

Май ауданының әкімі ауысты
25.09.2021

Отбасы бақыты – балалар көзімен
25.09.2021

Елді ұйытқан имандылық ордасы
25.09.2021

Жылу неге кеш беріледі?
25.09.2021

Тракторшы Қайрат
25.09.2021

Еселі еңбек иесі
25.09.2021

Індеттің беті қайтып келеді
25.09.2021

Жеңілдікке ие болады
25.09.2021

Заңсыз кескенге – жаза қатаң
25.09.2021

Санақшының міндеті қандай?
25.09.2021

Ауылда іргелі істер бар
25.09.2021

Сарыарқа самалы, 25 қыркүйек, сенбі
25.09.2021

Экспортты шектеу – бағаға тұсау
23.09.2021

Екібастұз: жаңа даму белестері
23.09.2021

Өнегесімен елге сыйлы
23.09.2021

Рухани сабақтастықта едәуір істеріміз бар
23.09.2021

Театр ұжымы үздік атанды!
23.09.2021

Қара шаңырақ кенженікі ғана емес
23.09.2021

Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашындай
23.09.2021

Тойға барғыңыз келсе, екпе салдырыңыз!
23.09.2021

Кейбір үйге жылу кеш беріледі
23.09.2021

Мәшһүр Жүсіп көшесіне тікелей жетеді
23.09.2021

«Ауылыма - кітап» акциясына қатыс!
23.09.2021

Екпе алып, індетті ауыздықта!
23.09.2021

Баланы кибербуллингтен қалай қорғаймыз?
23.09.2021

Жаңа нысандар - жұртшылық игілігіне
23.09.2021

COVID-19: Оқушылар денсаулығы - әрдайым басты назарда
23.09.2021

Жер сілкінбесін!
23.09.2021

Ыстық су беріле ме?
23.09.2021

Жұртты сабылтқан жүйе
23.09.2021

Мол өнімнен үмітті
23.09.2021

Ер есімі - ел есінде!
23.09.2021

Сарыарқа самалы, 23 қыркүйек, бейсенбі
23.09.2021

Жас келсе – іске!
21.09.2021

Есімі - елдің жадында
21.09.2021

Тәжірибе алмасу – кәсіби қажеттілік!
21.09.2021

Ғалымның атын хаты шығарар
21.09.2021

«Көңіл толқыны»
21.09.2021

Тарихтың талай сыры – музейде
21.09.2021

Астана көшесі жайнай түспек
21.09.2021

Қоныс аударушылар аз емес
21.09.2021

Балаларға қандай екпе салынады?
21.09.2021

70 пайызы екпе алды
21.09.2021

«Таза жағалау»
21.09.2021

Шаһардың дамуына не кедергі?
21.09.2021

Барлығы - өз түлектеріміз!
21.09.2021

Сарыарқа самалы, 21 қыркүйек, сейсенбі
21.09.2021

Рекорд жаңарды
18.09.2021

Азия чемпионы – Милана!
18.09.2021

Талап өзгерді
18.09.2021

Академик ескерткішіне тағзым етті
18.09.2021

Ертіс-Баян өңіріндегі жаңа толқын
18.09.2021

Трендті талғаммен үйлестіріңіз...
18.09.2021

Инфекциялық бөлімдер жабылды
18.09.2021

Ақылы жолдың жай-жапсары белгісіз
18.09.2021

Толығымен екпе алған
18.09.2021

Оқушылар экологияға алаңдайды
18.09.2021

КВИ: Жүкті әйелдерде жаңа вирус пайда болуда 09.09.2021

КВИ: Жүкті әйелдерде жаңа вирус пайда болуда

Коронавирус дерті өршіп тұрған кезеңде құрсағында сәби күтіп жүрген жүкті әйелдерге жауапкершілік екі есе жүктеледі. Өкінішке қарай, ақ желеңділер өңірде жүкті әйелдер арасында КВИ-дің ішек аурулары белгісі пайда болғанын айтып, дабыл қағуда. Болашақ аналарда ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылуда. Індеттің жаңа белгісі бұған дейін тіркелмеген.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Павлодар қалалық №1 аурухананың акушер-гинекологы Ирина Красильникова коронавирустың ішек аурулары белгісі өткен жылы тіркелмегенін айтады. Науқастардың басым көпшілігі диареяға шалдығады екен. Қазіргі уақытта аталған ауруханада 3 жаңа туған сәби мен 44 науқас ем қабылдауда. Оның ішінде 19-ы – босанған әйелдер. Тағы екі жүкті әйел облыстық кардиологиялық орталықтың жансақтау бөлімінде өте ауыр халде жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бір ананың 28 күн ЭКМО (экстракорпоральды мембраналық оксигенация) құрылғысына қосылғанын айтады. Мұндай аппарат өте ауыр жағдайдағы науқастардың тыныс алуына көмектеседі. Пневмония жұқтырған науқастың өкпе қуысының 96 пайызы зақымданған. Жүктіліктің 29-шы аптасында мерзімінен бұрын босандыруға тура келген. Балаға жүргізілген ПТР-сараптамасы теріс нәтижені көрсетті. Науқастың жағдайы еш өзгеріссіз. Оның артериалды гипертензиямен ауыратыны белгілі болды. Сонымен қатар, ЭКМО құрылғысына 31 жастағы әйел де қосылған. Оның өкпе қуысы 56 пайызға зақымданған. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның баласын аман алып қала алмады. Әйелдің жағдайы ауыр деп бағалануда.

Павлодар қалалық №5 емхана бас дәрігерінің орынбасары Оксана Валова ағзасында тұмау, ЖРВИ белгілері бар науқастардың дәрігерге кеш хабарласатынын жасырмады. Адамдардың көпшілігі өздігінен емделемін деп уақыт жоғалтып, індетті асқындырып алады. Сонымен қатар, індет өршіп тұрған кезеңде жабдық, той-томалаққа баратындар тыйылмай тұр. Оның ішінде жүкті әйелдер де барын жасырмады.

Ішек аурулары мен ас қорыту қызметінің бұзылуы жеміс-жидек, көкөністерді қолдану кезінде пайда болуы мүмкін. Ақ желеңділер жүкті әйелдерге аталған өнімдерді абайлап жеуді сұрайды. Әсіресе, нитраты көп қауын-қарбыз улануға әкелуі мүмкін.

Павлодар Теміржол ауруханасы ЖШС-нің әйелдер кеңесі бөлімінің жетекшісі Айжан Ахметова панде-мия кезеңінде жүкті әйелдерге барынша сақ болу керектігін айтады.Олар өздерімен қатар құрсағындағы сәбиінің өмірі үшін жауапты болуы тиіс.

- Тіркеуде тұрған жүкті әйелдер ерекше бақылауға алынған. Олардың барлығына тұмауға ұқсас белгілер пайда болғанда дәрігермен байланысқа шығу керектігі толық түсіндірілген. Өзін әлсіз сезінген жүкті әйелдерге қашықтан да көмек көрсетіп, кеңес береміз. Шыны керек, КВИ өршіген кезеңде жүкті әйелдерге салауатты өмір салтын ұстану қиын. Аурудан сақтану үшін жеке гигиенаны сақтау керектігін айтқым келеді. Өздерімен бірге антисептикті алып жүргендері дұрыс. Әр 2 сағат сайын медициналық масканы ауыстырып отыруы қажет. Адам көп жиналатын орындарға бармаған жөн. Дәріхана, дүкендерде әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтау қажет. Сыртта жүргенде қолмен көз, мұрын, ауыз айналасын ұстамаған жөн. Егер дене қызуы көтеріліп, тыныс алуы қиындаса, міндетті түрде жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалу керек, - дейді А.Ахметова.

Айжан Ахметованың сөзінше, жүкті әйелдің құрсағындағы балаға КВИ жұқтыру қаупі әлі толық зерттелмеген. Бірақ КВИ-дің салдарынан сәби күтіп жүрген әйел мерзімінен бұрын босанып немесе түсік тастауы мүмкін. Сонымен қатар, құрсақтағы бала жетілмей қалады деген қауіп бар. Жүкті әйелдің ағзасындағы індет симптомсыз, ауыр және өте ауыр жағдайда өтуі мүмкін. Мұндай жағдайға душар болғандардың көпшілігінің тыныс алуы қиындайды. Сондықтан дәрігерлер жүкті әйелдерге санитарлық талапты қатаң сақтауды ескертеді.

- Қауіпті кеселмен күресіп жатқа-нымызға бір жылдан асты. Қазір «қызыл» аймаққа енген өңірлер өте көп. Өкініштісі, жаз мезгілінде өзге облыстарға демалысқа аттанып, тойға барып жүргендер өте көп. Жүкті әйелдерге бұл өте қауіпті дер едім. Себебі вирустың жаңа түрлері пайда болуда. Ал КВИ жұқтырған жүкті әйел қарапайым адамнан екі есе қиналады. Себебі ол баласы үшін де тыныс алуы керек. Болашақ аналар қауіпсіздік ережелерін қаперде ұстаса екен деймін. Баласының өмірі үшін үйден шықпауға кеңес берер едім, - дейді дәрігер.

Дәрігерлер қауіпті індеттен қорғанудың жалғыз жолы – вакцина екенін айтып келеді. Әзірге жүкті әйелдер мұндай маңызды науқаннан босатылған. Ел билігі вакциналау қарқынын үдеткенімен, екпенің екі компонентін алғандар саны әлі де төмен. Облыстағы вакцина алғандардың үлесі тек 27 пайызды құрайды. Иммунитеті вакцинамен қорғалмаған әйелдерге сақтық талаптарын барынша қатаң ұстанған абзал.

 


Количество показов: 275

Возврат к списку